Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жаау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қарқыны бірден көзге түседі.
Алаяқтық қылмысы әртүрлі тәсілдермен жасалады.Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады:карта, басқа да әуесқой құмар ойындары ( рулетка, сүйек бөтелке айналдыру) ойнағанда әртүрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентті емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және құқық қорғау т.б. органдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау.
Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті құқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тәжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарықтағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік – банктік қызметпен байланысты әртүрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда.Қазіргі кездегі алаяқтық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, оларды заңды тұлғаның атынан азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.
Кейінгі жылдары алаяқтық қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған; банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмаларқұрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу ( сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды қолдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.
Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
Жәбірленушіден жауап алу келесідей сұрақтар шеңберінде жүргізіледі: жәбірленуші алаяқпен қайда, қашан, кім арқылы, қандай жағдайда танысты, танысудың мақсаты неде; аляқ жәбірленушіге қандай уәде берді, жәбірленушіден нені талап етті және одан нені алды, жәбірленушіге не сатты,кездесу қанша рет , қай уақытта, қанша уақыт болды; аляқ жалғыз болдыма, әлде топ құрылымымен жасалынды ма, алаяқтықтың мән жайын кім дәлелдеп бере алады.
Қылмыскердің жеке басын анықтау барысында: қылмысккердің сыртқы бейне белгілері мен ерекше белгілеріне, әдет-дағдысына, киім киісіне, сөйлеу мәнеріне ерекше ткөңіл бөлінуі керек.Алаяқ автокөлік қолданған кезде оның маркасына, түріне, нөмеріне, айрықша белгілеріне назар аударылады.
Алаяяқтық қылмыстарын тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті де жүргізіледі. Бұл категориядағы істер бойынша қарау жүргізудің өзіндік ерекшклігін ескеру қажет.