Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалаистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты.

Алғаш рет “криминалистикалық сипаттама” түсінігі Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды.Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы қажет.Ол үшін П.И. Люблинский “не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен” деген классикалық рим формуласын қолданды.

Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар заңдылықтарды анықтады.

1966 жылы В.А. Сергеев кримимналистикалық өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.

1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митичев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар аудару қажет деп есептеді.Аталған зерттеулердің әрқайсысы қылмыстардың криминалистикалық смпаттамасыны элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.