Кандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның та-рихм, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн.
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен тех-никаның айқын дамуы кәсіби ұйымдаскан кылмыстардың көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа кұралдарының пайда болуына ыкпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген кұралда-ры мен әдістері енді кылмыстардың күрделі түрімен күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа ғылым саласы — криминалистиканың калыптасуына себепші болды.
Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонс Бертильон болды. Ол криминалистік тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигнале-тикалық фотосурет негізін, окиға болған жердегі метрикалык фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені шығаруды қалып-тастырды.
1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың «Криминалистика жүйе ретінде соттергеушілеріне жетекші құрал» атты жұмысы жарык көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмыс-ты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өнделу жолдарын көрсетті. Бүл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын «криминалистика» терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика — ғылы-иының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы дер таныладькі
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри қазіргі трасология бөлімі ретінде дак-тилоскопияның негізін калаған. Ал, Францияда Эдмон Локар өзінің «Кылмысты тергеудегі ғылыми әдістер» және «Крими-налистикадан басшылық» және т.б. жұмыстарында заттай ай-ғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды
ХІХ ғ. аяғы мен XX ғ. басында ресейлік сот-сараптама мекемелерінің жуйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот палатасы прокурорының сот фотографиялык лабораториясы, 1812 жылы Петербургте ғылыми-сот сараптама кабинеті құры-лып, кейін (1913—1914) осындай мекемелер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды.