- Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1.5.1896, Батыс Қазақстан облысы Бөрте ауданы Жайық ауылы — 5.5.1945, Алматы) [1] — қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1942). Бөрте 2 сыныптық училищесін (1912), Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын (1916), ҚазПИ-ді (1928) бітірген. 1917 — 21 жылдары Ақбұлақ уезі Талды болысы Сазды ауылында мұғалім. Орынбор қаласындағы мектепте, оқытушылар инситутында (1921), әскери мектепте (1925), Шымкент қаласындағы педтехникумда (1926) оқытушы болды. 1929 ж. Қазақстан Оқу комиссариатында, Ауыл шаруашылық институтында, Ұлт мәдениеті инстиутында (1931 — 39), Оқу комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтында және ҚазПИ-де (1939 — 42) қызмет істейді. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін Тіл, әдебиет, тарих инстиутында сектор меңгерушісі болған. Жиенбаевтың “Қазақ тілі” (1930), “Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі” (1935), “Үлкендерге хат таныту методикасы” (1935), “Грамматика талдауыш” (1936), “Сөйлемнің тыныс белгілері” (1941), “Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы” (1941), “Сөздіктің жасалу мақсаты мен принципі” (1945), т.б. еңбектері жарық көрген.
Тілідің өзге салалары сияқты, құрмалас сөйлем синтаксисі шын мәнінде, советтік заманда зерттеле басталынды, оның зерттелеліп толысуына көптеген совет ғалым