- Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттеліктері қандай да себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет қылық писхологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай писхикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
- Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән-мағынасы бойынша қарама-қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді. (Р.М.Грановская) Психологияда көптен белгілі бітпеген іс-әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні — әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орныдаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы ойластырылған формасы деп түсінсе де болады.
Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстың түрлері: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау және т.б.
Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниеліккөрсетпелеріне қайшыы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердің пайда болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай обьектив бағалауды шектейді, осыдан әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру – ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны – бақалардың оғаністеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп, әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.
Көшіру – адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
Сәйкестендіру – адамның өзі қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнеглерге ойсыз еліктеп, мақсат – мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
Жаңалау – адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлеледеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың обьектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп тамсанып, бірақ қаншва тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді “ой, әлі піспеген, ащы ғой” деп қолын сілтей салуы.
Ауыстыру – адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң , оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіліктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады.Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келегн мәнсіз қимылға ауыса саладаы, осыдан көңіл-күйі жеңіл деп , үлкен күйзеліске түспейді. Кейде аусытыру әрекеттерінен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәнді істен, болымсыз, фантазиялық кейіпке де түсуі мүмкін.
Оқшаулау – адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілег алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болағг оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрестеді.
Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл—кейпін тұрақты сақтауына жәредемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте , оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін танибілсе, өзініңқандай әректте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері менмінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға саапсы оның санасын жаңалап, өмірлік серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек боларлық ниеттелгенқылық пен күнделікті жүріс тұрыс арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табылмайтын болса , адамның өзін өзі жетілдіруі мүмкін емес.