- Әрбір типологиялық топтағы индивидтерді психикалық көрсеткіштерінің максималды немесе минималды мәніне қарап бөлуге болады. Бұл өз топтарында соңғы типтер оларды қарастырып қысқаша сипаттама түзейік
Сол жағында орналасқан соңғы тип тез әсер ететіндер. Айзенк көрсеткіші бойынша бұл тұрақты экстроверт (ЭС). Оның қозғыштығы тежелгішке қарағанда екі есе басым және қозғалғыштығы өте жоғары. Павлов бойынша бұл ұстамсыз тип немесе «табиғи» холерик агресивті алға барынша ынталы, жігерлі, шапшаң әркет етеді.
Индивидтердің сызықтық спектірінің оң жағында орналасқан қарама-қарсы тип бұл ең соңғы тип, тұрақты интроверт (ИС). Оның қозғыштығы мен тежелгіштігі күшті және бір-бірін әрдайым теңестіріп отырады, бірақ қозғалғыштығы өте төмен. Қандай жағдай болса да өзін сабырлы, байсалды ұстай біледі, күнделікті жағдайда өнімді жұмыс атқарады. Павлов бойынша бұл байсалды (инертті) тип немесе «табиғи» флегматик. Осындай себебтермен жоғарыда аталып өткендей холериктермен флегматиктер қарам-қарсы типтер болып табылады. Сондықтан индивидтердің сызықтық спектірінде шеткі орындарды алады.
Экстраверт мазасыз-шапшаң реакциялы индивидтер (ЭТ). Оларды қозғыштығы мен тежелгіштігі күшті және бір-бірін теңестіріп отырады. Ал қозғыштығы (Р) өте жоғары. Мінез құлқында көңілділігімен, оптимистігімен, жарқын жүзділігімен және қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл павлов бойынша «өткір» тип немес «табиғи» сангвиник.
Баяу реакциялы индивидтер интроверт мазасыз (ИТ) оларда қозғыштыққа қарағанда тежелгіштігі екі есе басым, күшті қозғалғыштығы (Р) жоғары. Бұл тип мінезінде тұйықтығымен, мазасыздығы мен (үрейлілігімен), қорқақтығымен сипатталады. Павлов бойынша бұл тежелгіш тип «табиғи» мелонхолик. Әрбір типологиялық топтағы соңғы тип өкілдердің психикалық құрамдастарына тиістілер байланыстарын қарастырып, біз Гиппократ бойынша темпераменттің сызықтық ретін алды.
Бұндай сызықтық қатарларда адам популяциясы жаратылысының өзі құрған, дәл осындай қатарды Гиппократ көріп орналастырған. Бұл зерттеудің жүргізілуі мен салыстырулардан типологиялық топтың мәселесіне және адам популясының жаратылоысында орналасу ретіне бір мағыналы жауап беруге болады. Бұл топтар саны төртеумен тең келеді, ал табиғи орналасуына Гиппократ ұсынған сызықтық кесте жауап береді. Ал Айзенктің «шеңберлі кестесі» жөнінде кейбір сын ескертпелерді айтуға болады.
Айзенктің сұрақ-жауап әдісін индивидтер сызықтық спектірінде қолдану тепмперамент типтерінің «шеңберде» орналасуында айтарлықтай пайдалы дәлел жоқ. Шындығында сызықтық кестеде күрделі іс-әрекет көрсеткіштері «Э-И» және «С-Т» орналасқан. Сондықтан Айзенктің шеңберін көрнекі иллюстрация ретінде қабылдау керек. Айзенк ЭС типін сангвиник пен ал ЭТ типін холерикпен байланыстырады. Бірақ жоғарыда келтірілген салыстырулар қозғыштық пен тежелгіштіктің көрсетілуі яғни Э-С типі холерик, ал Э-Т типі сангвиникті көрсетеді.
Алдын біз Гиппократ пен Павловтың сызықтық кестесін салыстырдық қазір Павловтың неге флегматик пен мелонхоликтің орнын ауыстырғанын сынау қиын, сонымен қатар олардың табиғи ретін бұзған.
Б.М.Теплов ұлы физиолог мұраларын зерттеп оның қызметтестері эксперименттерде иттерді «байсалды» типке жақын, қозғыштығы мен тежелгіштігі айқын, бір-біріне теңестіріп отырады, іс-әрекетте қайғылы-қорғанышты реакциясы (сақ үрейсіз) анық көрінетін жануарлар ретінде сипаттағанын тауып атап өтті. Б.М.Теплов осы мәлеметтерді талдап, Павловтың бұл жануарларды қандайтипке жатқызуға болады деген сұрақты бірнеше рет қайта қарап шығуына тура келді деп көрсетті. Шынында «байсалды» тип қозғыштығы мен тежелгішігінің теңесіндігі сангвиникті топ индивидтеріне ұқсайды, ал іс-әркеттегі кейбір сақтықтары меланхолик тобындағы индивидтер кескінін бейнелейді. Ең қызықтысы Павлов өмірінің соңына таман өзіндік 5-ші типті бөлуге тырысқан. Ұлы физиолог тағы қандайда бір аралық және оғаш (таң қаларлық) тип бар, сондла олар төртеу емес бесеу болуы мүмкін деген ойын айтып кеткен. Егер Павлов типологиялық топтың табиғи ретін ауыстырмағанда, өз бетінше шүбәсіз бесінші таза типті бөліп көрсеткен болар еді.
Жаратылыс табиғи типтерді үлестіріп оларға тұтас нақты қызметтермен, типологиялық топтардың сызықтық ретте орналасуында таралмау орындарын анықтады. Дәлме-дәл айтқанда жаратылыс та табиғи тип болмайды, сондықтан бұл жай айтылған абстракция (абстракция затты белгісініен, қасиетінен ажыратып ойша дерексіздендіру, дерексіз түсінік). Сондай-ақ жаратылыста қандай бір өлшемімен абстракцияға ұқсас индивидтер бар. Табиғи типке қайсы адам жақындау болса, ол өзін іріктелген іс-әрекет түрінде өзін көрсетеді. Б.М.Тепловпен, О.О.Смирновтардың зерттеулерінде жалпы психология оқулықтарында іс-әрекеттері табиғи типке жақын болған әйгілі тұлғалар келтірілген. «Табиғи» холерик типке О.С.Суборов, А.С.Пушкин, И.П.Павлов жақын болған. «Табиғи» сангвиник типіне Д.Давыдов жақын болған. Жер планетасының бірінші ғарышкері Ю.А.Гагарин таза сангвиникке максималды жақын болған. В.А.Моцарт, Н.Паганин, М.В.Гогольдерді «Табиғи» мелонхолик типіне жақын болған. Напалеон Бонапортпен Ұлы Отан соғысының үздік қолбасшысы Г.К.Жуковты табиғи флегматиктерге жатқызуға болады. Индивидтер арасынан «Табиғи байсалды» тиипке максималды жақындардың көпшілігі саяси қайраткерлер, оқымыстылар, ақындар, кино жұлдыздары болып табылады. Сонымен «табиғи байсалды» типке гетмандық Б.Хмелницкийдің, философ Г.Скавородканы, Т.Шевченко сияқты ақындарды, У.Черчилямен, Фр.Рузвельта сияқты саясаткерлерді жатқызуға болады. Әйгілі іскер адамдар арасынан «байсалды» типке А.Онасиспен А.Хаммерді жатқызуға болады. Осы сияқты көптеген әйгілі жеке тұлғаларды келтіруге болдаы. Тарихта өз іздерін қалдырған бір қатар жеке тұлғаларда нақты таза типке жақын болса да, іс-әрекетте патологиялық көріністерге әкелетін, акцентуация деңгейіндегі қандайда бір белгілері болған. Бірақ бұл мәселелер дифференциалды психология аумағынан шығып кетеді, бұл арнайы зерттеулерде қарастырылады. Сондай-ақ жеке тұлғалардың іс-әрекетке әйгілі болып көрінуі табиғи типке жақындығымен ғана емес интелектуалдық потенциал деңгейімен де анықталатындығын атап өтуіміз қажет.
- Индивидуалды айырмашылықтар мәселесінде адам популяциясындағы қандайда да бір типтегі индивидтер санының сұрақтары бірнеше рет көтерілді. Павлов жаратылыста әлсіз тип өкілдеріне қарағанда күшті тип өкілдері анағұрлым көбірек деп есептеген, сонымен бірге ұлы физиолог тежелуші тип мүлдем жойылуы керек деді. Бірақ иттерге эксперименттік сұрыптауда жігерсіз (селқос, бейқам) типті иттерге қарағанда бұл тип жиі кездесті. Павловтың өзінің бағалауы бойынша «нағыз флегматиктер» жылдар бойындағы эксперименттерде біра-ақ рет кездескен. Егер статистикалық әдістерді қолданса индивидтер сызықтық спектр аумағындағы репрезентативті іріктеу ассиметриялық қисық түрге ие болады. Қисық арасының аумағын 100% деп алсақ, индивидтердің типологиялық тобының сандық бөлінуін анықтау оңай. Едәуір көп санды сангвиникті топ (44%), екінші орында меланхоликті тип (29%), үшінші холерикті топ (14%), ал төртінші орында флегматикті (9%) топ. Адам популяциясындағы «байсалдылар» саны бары 4% құрайды. Адам популяциясының жаратылысында индивидтердің бұндай теңсіз бөлінуінің түсінігін психогенетикалық дифференциация аумағынан қарастыру қажет.