Қазақша күрес бойынша жарысты ұйымдастыру ережесін еске ала отырып жасалған бұл жүйе мынадай жағдайларды назарда ұстайды:
— белдесуді өткізудің практикалық және техникалық шарттарын айқындау және анықтау;
- әділ қазылар алқасының техникалық міндетті қызметін белгілеу;
- топтастыру, жүйелеу әдістерін анықтау(орын бөлу), жазалау, белдесудан шығару және т.с.с.
Төменде ұсынылып отырған Ережелер нақты жағдайда қолдану және олардың тиімділігін оқып-үйренуді жүзеге асыру кезінде жетілдірілген пән болуымен бірге қазақша күрес өмірінің өмір сүруі аясында негізгі тірегі болып табылады.
Спортта үлкен шеберлікке жету көп жыл аянбай тер төгу қажет. Мұндай спортшының алдында тұрған міндеттің орындалуына жеке жоспарлаудың көмегі мол.
Разряды төмен және жасөспірім спортшылар үшін олардың күресуіжөнінде бекітіліп берілген програманы шын мәнінде олардың даярлануы жөніндегі жоспары десе де болады. Мұндай програмада бірнеше жыл бойы орындалуы тиіс міндеттер,техника мен тактика жөніндегі материялдар көлемі көрсетіліп, қай уақыттың ішінде қандай разряднормасы орындалуы қажет екендігі белгіленеді. Ал бірінші разрядты спортшылар менспорт шеберлері үшін жеке перспективалық жоспар жасалды.Онда көп жылдық жаттығудың мақсаты, техникалық, тактикалық, жан-жақты және ерік күші даярлығының нақты міндеттері анықталады. Жоспар жасалғанда спортшының даярлық дәрежесі, оның спортшы ретінде артықшылықтары мен кемшіліктері, шеберлік дәрежесінің өсу динамикасы ескеріледі.
Спортшының жеке жоспары әр түрлі мерзімге жасалуы мүмкүн. Сонда да жаттығуды
2 немесе 4 жылға жоспарлаған дұрыс. Бұл сонда осы спортшының бір үлкен жарыстан екінші үлкен жарысқа қатысатын уақыты аралығын қамтитын болуы тиіс. Жоспарды осылай құрудың дұрыстығына бірсыпыра дәләлдер келтіруге болады. Екіншіден жеке жоспардың басталатын және аяақталатын кезеңінде өтетін жарысқа палуанның қатысуға ұмтылуы оның жаттығуларын сол жарыстарға сондай-ақ одан гөрі кішірек жарыстарға да қатысу мүддесіне бағындыруға мәжбүр етеді.
Екіншіден, жарыс неғұрлым үлкен және оғанқатысушылар даярлаудағы кемшіліктер мен жетістіктег соғұрлым айқынырақ көрінеді. Демек қай жағынан боса назар аудару қажеттігі анықталады, сөйтіп палуанның
шеберлігін арттырудың ең тиімді жолын таңдап алуға мүмкүндік туады. Спортшының ірі жарыстарға қатысуының нәтижелерін талдау деректеріне сүйене отырып, келесі мерзімге кезекті перспективалық жоспарды дәлірек жасауға болады.
Палуанның шеберлігі тұтас алғанда оның жан-жақты, яғни техникалық, тактикалық, физикалық және еркін күші даярлығына байланысты. Сондықтан спортшының шеберлігінжетілдіруге арналған персиктивалық жоспарында оның осы қасиеттерін дамыту жеке-жеке көрсетіледі. Ал палуанның техникалық, тактикалық, физикалық қасиеттерінжәне еркін күшін оның спорттық шеберлігінің өсу динамикасынескерту қажет.
Спорттық классификация бойынша спорттық шеберліктіңөсуін талдау палуандапдың көпшілігі спорт шебері нормасын жаттығу бастаған соң 5-6 жылдан кейін және бірінші разряд алған соң 1-2 жылдан кеиін орындап шыққанын көрсетеді. Осы деректердің негізінде бірінші разряд бар спортшының екі жылдық перспективалық жоспарында жаттығудың аяғында оңан спорт шебері атағын алу міндетін қою дұрыс деген қорытынды жасауға болады.
Әр жылы қатысқан жарыстарға ең жақсы нәтижелері бойынша бүкіл орындық маштапта палуандар ең жоғары көрсеткіші 21-22 жастан көрсете бастайды. Салмақ категориясы және жеке бастың ерекшеліктерібойынша бұл жастан ауытқуы да мүмкүн.Мысалы ауыр салмақты палуандар жоғары нәтижені жеңіл салмақтағы палуандарға қарағандакешірек көрсетеді. Еліміздің құрама командасына ену үшін палуандардың көпшілігіне 7-8 жыл қажет болады. Техникалық даярлығы бойынша жарыстардағы айқастарда қолданылатын техникалық әдістерді талдау мынаны көрсетеді: палуандардың техникалық шеберлігі негізінен бұрынырақ игерген амалдар мен қарсы амалдарды жетілдіре түсу есебінен артады: олар ұнамды техникалық әрекеттерін жаңа жағдайда орындау қабілетіне ие болады: ал жаңа амалдары игеру есебінен палуандардың шеберлігі артуы сирек кездеседі. Сонымен қатар бұрын үйренген техникалық тәсілдерді орындау жаңа тактикалық әдістерін игеріп жетілдіру, сондай-ақ палуанның жан –жақты және ерік күші даярлығын жетілдіру есебінен де артады.
Әр спортшының шебкрлігінің артуы мен оның жеке басының ерекшелігіне байланысты болатындығы, бір палуанның шамасы жететін нәрсеге екінші біреудің шамасы келмейтіндігін ескермесе болмайды. Тіпті бір коллективте жаттығып жүрген спортшылардың да жаттығу дәрежесі, көңіл-күйі, ерік күші, әсіресе жан –жақты тактикалық-техникалық даярлығы әр түрлі болғандықтан келгілі. Сондықтан, әсіресе, разряд жоғарғы палуандарды даярлағанда олардың ерекшклікткрін қатты ескеру қажет.
Көптеген жарыстарға қатысу, жыл бойы жаттығу жасау, тактикасы мен техникасын ұдайы жетілдіру, жаттығу кезінде көп күш жұмсау, міне осының бәрінде де нақты уйлесімділік болғаны дұрыс. Сондықтан оқу-жатығу процесін жеке-жеке жоспарламайынша палуанды жан-жақты даярлау мүмкін емес.Мұны былай қойғанда спортшы шамадан тыс жаттығатын болса, ол титықтап, тіпті ауруға ұшырауы ықтимал.
Қазіргі әр жаттықтырушыға 6- дан 12 адамға дейін спортшы бекітілетін жағдайда қолданып жүрген жекелей жоспарлау жүиесі палуанға түсетін физикалық күштің барлық түрін есепке алмайды, онда техникалық және тактикалық даярлық мәселелері толық көрсетілмейді. Оның үстіне жоспарлау мен есепке алу жаттықтырушының көп уақытын алады сондықтан жоспар кейде уақыт өткен соң жасалады да формальды түрде болады.
Осы мәселені жеңілдетіп тәртіпке келтіру үшін дайын күйіндегі журналды пайдалану ұсынылады. Сонда артық уақыт жұмсамай жаттығу кезінде түсетін күштің барлық түрін жоспарлауға болады. Оған мысалы мыналар жатады: жаттығу, айқас алдында бой жазу, айқас қайталап айқасу, спорттың қосымша түрлерімен айналысу тактиканы жетілдіру жөніндегі жұмыстар.
Қолдану аясы, түсіндіру. Бұл нақты Ережелерді Қазақстан Республикасының қазақша күрес федерациясы (ҚКФ) ұйымдастырған біріншіліктерде, Кубок жолындағы жарыстарда, халықаралық кездесулер мен турнирлерде қолдану міндетті. Егер ұсынылған Ережені түсіндіру барысында екі ұдай жағдай орын алса, ол баптардың анық-қанығын анықтап, дәлелдеу мәселені әділ баянды етуге тек ҚКФ-ның спортты техникалық комиссиясы ғана өкілетті бола алады және бұл жерде баптардың қазақша түп нұсқасы ғана дұрыс деп саналады.
Жалпы міндеттері. Кілем жетекшісі, төреші, қапталдағы төреші әрбір қолданылған әдіске жеке баға бере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.
Төрешілердің міндетіне жарыс ережесінде қаралған айыптау шаралары да кіеді.
Техникалық хатшы жазбалары екі қарсыластың барлық әдіс айласына берілген бағаның нақты көрінісі болып табылады.
Жарысты өткізудің әдістері. Қазақша күрес бойынша жарыстар белдесуден шығып қалу және қосымша күрестіру жүйесінен өткізіледі. Салмақ бойынша 6 (алты) және одан да көп балуандар қатысқан барлық жекелей біріншіліктерде қолданылады. Жарыстан шығып қалу және қосымша белдесулер жүйесі бойынша жұптастыру тәртібі:
- салмақ дәрежесі бойынша балуандар екі топқа бөлінеді. Әрқайсының реттік номері жеребе арқылы анықталып, ол жарыс біткенше сақталады.
- жеңіске жеткен балуан жарыстың келесі айналымына шығады.
- финалдық жұпта белдесетін екі балуан анықталғаннан кейін үшінші орын үшін қосымша белдесу өткізіледі. Оған финалға екі балуаннан ұтылғандар жіберіледі. Финалға шыққан екі балуан ақырында 1-орын үшін күреседі. Қосымша белдесудің жеңімпаздары 3-орынға таласады.
Балуандар кілемге дауыстап шақырылады. Алайда кешірімді себептерге байланысты балуан бірінші айналымның бірінші жұбына кешігіп келетін болса, кездесу 2 минут уақытқа дейіін шегерілуі мүмкін. Есімдері аталып, шақырылғаннан кейін әр балуан күртешесінің түсіне қарай кілемнің оң не сол бүйіріндегі өз орнына келіп тұрады. Балуандар таныстыру кезінде оң қолмен сол кеудесін басып, төрешілер мен көрермендерге бас иіп,тағзым етеді. Кілем төрешісі белгі берімен балуандар кілем ортасына шығады.
Бір кілемге қызмет көрсететін төрешілердің құрамы:
- Бас төреші1
- Бас төрешінің орынбасарлары:1
Спорттық бөлім1
Бас дәрігер1
- Бас хатшы1
- Техникалық хатшылар2
- Төрешілер8
- Хабарлаушы (диктор) 1
- Уақыт бақылаушы төрешілер 2
- Медбике 1
- Комендант 1
- Хатшы 1
Барлығы: 20 адам
Жарыстың тәртібі. Чемпионаттар мен біріншіліктерге, түрлі басқа да жарыстарға қатысушы балуандардың куәлік-рұқсат құжаттары болуы тиіс.
Таразыға тартылған кезде жарысқа қатысушы өз рұқсат куәлігін ҚКФ-ның сол жылғы мөрі басылған жағдайда ғана күшін сақтайды. Жарысқа жасына қарай топқа бөлу, салмақ дәрежелері:
а) Жасөспірімдер (14-15 жас)ә) Ересек жасөспірімдер (16-17 жас)
- 38 келіге дейін 1. 46 келіге дейін
- 42 кг 2. 51 кг
- 46 кг 3. 57 кг
- 50 кг 4. 64 кг
- 55кг 5. 72 кг
- 60 кг 6. 81 кг
- 66 кг 81 келіден жоғары
- 73 кг
- 73 келіден жоғары
Белдесу мезгілі -3 минутБелдесу мезгілі: — 4 минут
б) Жастар (18-19 жас);
в) Ересектер (18 жастан жоғары)
- 54 келіге дейін
- 60 кг
- 66 кг
- 74 кг
- 82 кг
- 90 кг
- 90 келіден жоғары
Белдесу мезгілі — 5 минут
Құрамы .Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына кілемдегі жетекші, кілемдегі төреші, қапталдағы төреші, яғни, үш ресми төреші енеді. Төрешілер тобын кездесу кезінде алмастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек қатты сырқаттанып қалуын дәрігерлік қортынды айғақтаған жағдайда ғана төрешілерді ауыстыруға болады. Төрешілер құрамына бір ұйымнан екі бірдей төрешінің енуіне болмайды. Өз ұйымының өкілі қатысатын белдесуге әділқазылық жасауына рұқсат етілмейді. Төрешілердің қара түсті костюм-шалбары және көк түсті көйлегі және қара түсті мойын жібі болуы шарт.
Жалпы міндеттері. Кілем жетекшісі, төреші, қапталдағы төреші әрбір қолданылған әдіске жеке баға бере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.
Төрешілердің міндетіне жарыс ережесінде қаралған айыптау шаралары да кіеді.
Техникалық хатшы жазбалары екі қарсыластың барлық әдіс айласына берілген бағаның нақты көрінісі болып табылады.
Жарысты өткізудің әдістері. Қазақша күрес бойынша жарыстар белдесуден шығып қалу және қосымша күрестіру жүйесінен өткізіледі. Салмақ бойынша 6 (алты) және одан да көп балуандар қатысқан барлық жекелей біріншіліктерде қолданылады. Жарыстан шығып қалу және қосымша белдесулер жүйесі бойынша жұптастыру тәртібі:
- салмақ дәрежесі бойынша балуандар екі топқа бөлінеді. Әрқайсының реттік номері жеребе арқылы анықталып, ол жарыс біткенше сақталады.
- жеңіске жеткен балуан жарыстың келесі айналымына шығады.
- финалдық жұпта белдесетін екі балуан анықталғаннан кейін үшінші орын үшін қосымша белдесу өткізіледі. Оған финалға екі балуаннан ұтылғандар жіберіледі. Финалға шыққан екі балуан ақырында 1-орын үшін күреседі. Қосымша белдесудің жеңімпаздары 3-орынға таласады.
Белдесуге шақыру. Балуандар кілемге дауыстап шақырылады. Алайда кешірімді себептерге байланысты балуан бірінші айналымның бірінші жұбына кешігіп келетін болса, кездесу 2 минут уақытқа дейіін шегерілуі мүмкін. Есімдері аталып, шақырылғаннан кейін әр балуан күртешесінің түсіне қарай кілемнің оң не сол бүйіріндегі өз орнына келіп тұрады. Балуандар таныстыру кезінде оң қолмен сол кеудесін басып, төрешілер мен көрермендерге бас иіп,тағзым етеді. Кілем төрешісі белгі берімен балуандар кілем ортасына шығады.
Тоқтату және жалғастыру, сылбырлық
Белдесу мынадай жағдайларда тоқтатылып, кілем ортасында жалғастырылуы керек:
-егер де балуандар кілемнен шығып кетсе;
-егер де балуандар сылбыр белдесіп, енжерлық танытса.
Белдесу таза жеңіспен немесе айқын басымдылықпен аяқталғанда, төртінші ескерту алғанда не балуандардың біреуі жарыстан алынып шеттетілгенде не белдесуге берілген уақыт біткенде белдесудің аяқталу белгісі беріледі.
Сылбырлық бір немесе екі балуанның белсенділік пен жан-жақты әдісті талап ететін күрестің табиғатына қайшы болып саналатын көрініс деп есептеледі. Солардың бірі:
- рұқсат етілген әдістердің ешқайсына қолдануға қауқарсыз
- қара күш арқылы қарсыласының әрекетін тоқтатумен шектелу
- әдіс жасамай, кілемнен шығып кетуі
- әдейілеп төрттағандауы
- әдіс қолданбай қарсыласын кілемнен тықсырып шығару
- тепе-теңдіктен шығармай аяқпен тебу
Белдесу нәтижелері және белгілері. а) «Бүк» -ішіне, тізеге, тізелеріне тиюі әсерінен болған әдіс-тәсілдерді дауыстап «Бүк» деп айтылады. Оң темесе сол қалын иығының деңгейіне көтеріп, алаққынын төмен қаратып ұстайды.
ә) «Жамбас»— бір немеса екі жамбасының тиюі әсерінен болған әдіс тәсілдерді дауыстап «Жамбас» деп айтылады. Оң темесе сол қалын иығының деңгейіне көтеріп, саусақтарын жұмып ұстайды.
б) «Жартылай жеңіс»- бір жауырынның және бір жақ қырының тиюі әсерінен болған әдіс тәсілдерді дауыстап «Жартылай жеңіс» деп айтылады. Оң темесе сол қалын иығының деңгейіне көтеріп, алақанның қырымен төмен көрсетіп ұстайды.
в) «Таза жеңіс»- екі жауырынның тиюі әсерінен болған әдіс-тәсіл. Оң не сол қолын көтеріп, алақанын алдыға белгілеп ұстайды.
г) «Ескерту»- сылбырлыққа қарсы қолданатын белгі. Дауыстап «Ескерту» деп айтылады. Оң не сол қолын балуанның иығына тигізіп ескерту беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Болғамбаев Металбек . Қазақтың ұлттық спорт түрлері – Алматы: Қайнар, 1983ж.-125-
- Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1994 жыл «Нұрлы бейне».
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы. 1994 жыл «Нұрлы бейне»
- НазарбаевН.Ә.Қазақстан2030:ҚазақстанРеспубликасы Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997.
- Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.ж «Рауан»
- В.А. Пономарчук. О.А. Аяшев ФК и становление личности. Москва, ФиС 1991
- Муратхан Таникеев Мир народного спорта Алматы: Санат 1998ж.
- Е.М. Чумаков 100 уроков Самбо Под.ред. С.Е. Табакова: Москва 2000 г«Вышая школа»
- Коллектив авторов под общей редакцией Ю. А. Шулики
Борьба греко римская. Растов-на-Дону: Феникс 2004г.
- Е. Мухиддинов.Учитель батыров. Спортивная слава РК . Алматы, Рауан 1997г
- П.Ф. Матущак 100 уроков вольной борьбы. Алматы: Казахстан 1990г301– 304 стр
- Спортивная борьба. Учебн. Пособие для техн. и институтов ФК. Под. Ред. Г.С.Туманяна . Москва; ФиС. 1985 ж
- М.Ф. Шабето. Боевое самбо. Современное слово. Минск-2000 г.
- Сағындықов Е. Қазақтың ойындары Алматы 1994 ж, «Қайнар»
15 Төтанаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы 1991ж « Рауан»
- Қуаныш Т. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Алматы «Қазақстан»
- Қазақтың ұлттық ойындары Алматы 1978 ж. «Қайнар»