- Мини – Мульт сұраулық(опросник)
Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық )( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )
Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді.Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетінің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетінің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-ден кейін бірден 6-шы қолданылады.
6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.
7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.
8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.
9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.
Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.
Нұсқау.
Сіз денсаулығыңызға және мінезіңізге қатысты тұжырымдамалармен танысасыз. Әр тұжырымдаманы оқып , өзіңізге қатыстысын шешесіз. Көп ойлауға уақыт бөлмеңіз. Ең бірінші келген шешім – ең дұрысы болады.
Сұрақтар , тұжырымдамалар.
- Сіздің аппетитіңіз жақсы ма?
- Таңертең жақсы ұйықтап демалғаныңызды сезесіз бе?
- Сіздің күнделікті өміріңізде көп қызық бар.
- Сіз өте үлкен қуатпен жұмыс істейсіз.
- Басыңызға кейде жақсы емес ойлар келеді, бірақ ол туралы ешкімге айтпау керек.
- Сіздің ішіңіз сирек қатып қалады.
- Кейде сіз үйіңізден кетіп қалғыңыз келеді.
- Кейде сіз тоқтаусыз күліп немесе жылайсыз.
- Кейде жүрегіңіз айнып , құсқыңыз келеді .
- Сізді ешкім түсінбейді деп ойлайсыз.
- Кейде сіздің ұрысқыңыз келеді.
- Апта сайын сіз нашар түс көресіз.
- Сіз қиын жиналасыз, басқаларға қарағанда.
- Сізбен түсініксіз нәрселер болып тұрады.
- Егер адамдар сізге қарсы болмағанда, өмірде көп нәрсеге қол жеткізетін едіңіз.
- Балалық шағыңызда ұрлық жасадыңыз.
- Кейде бірнеше күн , апта немесе айлап ешнәрсеге қолыңыз бармай , жұмыс бастай алмай отырасыз.
- Сіз тынышсыз ұйықтайсыз.
- Адамдардың арасында болған кезде , сізге біртүрлі нәрселер естіледі.
- Сізді танитын адамдардың көбісі сізді жаман емес деп ойлайды.
- Сізден аз білетін адамға жиі бағынатын ба едіңіз?
- Адамдардың көбісі сізге қарағанда өмірге көбірек қанағаттанады.
- Көбісі өзінің бақытсыздығын көбейтіп жібереді, өйткені басқалардан көмек күтеді.
- Кейде сіз ашуланасыз.
- Өз-өзіңізге сенімділік жетпейді.
- Кейде сіз бір нәрсені дұрыс істемедім деп ойлайсыз.
- Өз тағдырыңыз сізді қанағаттандырады.
- Кейбіреулер өте көп бұрың беруді ұнатады, сіз олардың дұрыстығын біле тұра , оларға қасарысасыз .
- Сіздің асқазаныңыз жиі ауырады.
- Сізге қарсы бір нәрсе ұйымдастырылып жатқанын сезесіз бе?
- Адамның көбісі пайданы « өте шың жолымен » табады.
- Бір күн бұрын сіздің көңіл-күйіңіздің нашарлағандығын түсіндіре алмайсыз.
- Сіздің ойларыңыз соншалықты тез , сіз оларды айтып үлгере алмайсыз.
- Сіздің жанұялық өміріңіз басқалармен салыстырғанда жаман емес.
- Кейде өзіңіздің жарамсыздығыңызға сенімдісіз.
- Соңғы кезде сіздің денсаулығыңыз әдетте дұрыс болды.
- Кейде сіз не істегеніңізді есте сақтай алмайсыз.
- Сізді дұрыс емес сөккен деп ойлайсыз.
- Сіз өзіңізді қазіргіден жақсы ешқашан сезінбегенсіз.
- Сіз туралы басқалар не ойлайтыны сізге бәрібір.
- Сіздің жадыңыз өте жақсы.
- Сіз жаңадан танысқан адаммен бірден сөйлесе алмайсыз.
- Көбінесе сіз өзіңізді нашар сезінесіз.
- Сіздің басыңыз сирек ауырып тұрады.
- Кейде сіз жүріп-жүріп құлап қалайын дейсіз.
- Сіздің таныстарыңыздың кейбіреулері сізге ұнамайды.
- Сіздің идеяларыңызды ұрлайтын адамдар бар.
- Сіздің ойыңызша сіз кешірілмейтін нәрсе істемедіңіз.
- Сіздің ойыңызша сіз өте жуассыз.
- Сізді бір нәрсе үнемі уайымдатады.
- Ата-анаңыз сіздің таныстарыңызды жиі жақтырмайтын.
- Сіз аздап өсек айтасыз.
- Сіз кейде шешімдерді оңай табатыныңызды сезесіз.
- Сіздің жүрегіңіз кейде тез соғып , сізге дем жетпей қалады.
- Сіз тез көтеріліп, тез басыласыз.
- Сіз кейде бір нәрсені уайымдап , бір орында отыра алмайсыз.
- Ата-анаңыз және жанұяңыздың басқа мүшелері сізге көп тиіседі.
- Сіздің тағдырыңыз ешкімді қызықтырмайды.
- Басқа біреудің қатесін өзінің мақсатында пайдаланатын адамды сіз айыптамайсыз.
- Сіздің энергияңыз өте көп.
- Соңғы кезде сіздің көзіңіз нашарлап кетті.
- Сіздің құлағыңыз жиі шуылдайды.
- Сізге гипноз қолданғандығын сезген уақыттарыңыз болды ма?
- Кейде сіз өте көңілді боласыз (себепсіз).
- Ортада болсаңызда , өзіңізді жалғыз сезінесіз.
- Әр адам өтірік айтуы мүмкін.
- Сіз басқаларға қарағанда өткіррек сезесіз.
- Кейде сіздің басыңыз әдеттегіден баяу жұмыс істейді.
- Сіздің көңіліңіз адамдардан жиі қалған.
- Сіз алкоголь сусындарды ішесіз.
Сұраулыққа арнайы бланк беріледі, оның бір жағындазерттелетіннің жауаптары жазылады. Егер зерттелетін адам тұжырымдаманы мақұлдаса , онда + қойылады , мақұлдамаса – қойылады. Бланктың арғы жағында экспериментатор коррекция шкаласын есепке алып зерттелетіннің тұлғасының профилін құрайды. Бланкта бұл өлшеулер таблицада берілген.
Д шкаласының өлшеулері № 1,4,7,8,9 негізгі шкалаларға қосылады. Мысалы , егер Д шкаласы бойынша 9 ұпай жиналса , онда №1 шкаласының өлшеулеріне , таблицаға қарап 5 ұпай қосады, №4 ке -4 ұпай, №7 мен 8-ге – 9 ұпайдан , №9 – 2 ұпай қосады.
Шкалалардың сипаттамасы :
- Өтірік шкаласы (L) зерттелетіннің шындығын анықтайды.
- Шын шкаласы (F) өтірік жауаптарды анықтайды.
- Kоррекция шкаласы (К) . Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері әрекетті санасыз бақылау туралы айтады.
Базистық шкалалар.
- Ипохондрия (Нs) – зерттелетін адам астено-невротикалық типке «жақындығы». Зерттелетіндер жоғары бағаларымен өте баяу, пассивті, бағынышты , айналаны ауыстыруды нашар сезінеді, әлеуметтік конфликттерде тез жоғалады.
- Депрессия (Д) – жоғары бағаны өте сезімтал , уайымға бейім , өте жуас адамдар алады. Олар кез келген істі өте жақсы орындап, оларды жоғары моральды болады, бірақ өздерінше ешқандай шешім қабылдай алмайды.
- Истерия (Ну) – конверсиондық типті неврологиялық қорғау реакцияларға бейім адамдарды анықтайды. Барлық проблемаларды ауруға «кетіп қалумен» шешеді. Ондай адамдар өздерін жоғары санайды, өздеріне көңіл аударуды қалайды.
- Психопатия (Pd) – бұл шкаланың жоғары бағалары әлеуметтік дезадаптацияны білдіреді , адамдар агрессивті , ұрысқақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қабылдамайды. Олар өте өкпелегіш , ашуланшақ , сезімтал болып келеді.
- Паранояльдық (Ра) – бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері құнды идеялардың қалыптасуына бейімділігін анықтайды. Бұл адам бірбеткейлі , агрессивті және кешірімді емес. Кім олардың жағында болмаса , ол-жау . Өздерінің көзқарастарын біреуге мойындатқылары келеді. , сондықтан айналадағыларымен конфликтке кездеседі. Өзіңіздің кішкене жетістіктерін олар үнемі жоғары бағалайды.
- Психастения (Pf) – күдікті адамдарың диагностикадан өткізеді.
- Шизоидтық (Se) – бұл шкаланың жоғары көрсеткіштері іс-әрекеттіктің шизоидтық түрін сипаттайды. Ондай адамдар өте сезімтал болады және абстракттың бейнелерді қабылдайды, бірақ күнделікті қуаныштар мен реніштер оларда ешқандай эмоциональдық реакцияны туғызбайды.
- Гипомания (Ма) – бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштер адамның жағдайларға байланысты емес жоғары көңіл күйдің белгісі. Ондай адамдар өзгерістері жиі болып тұратын жұмысты жақсы көреді, адамдармен тез тіл табысады, бірақ олардың қызығушылықтары терең және тұрақты емес.
Барлық шкалалар бойынша ең жоғары бағалар 70-тен жоғары болып саналады.Төмендері 40-тан төмен.
Сұраулықты жеке немесе топта өткізуге ұсынылады. Әр адамда сұраулықтың мәтіні және жауаптардың бланкісіболу керек. Экспериментатор міндетті түрде қатысу керек , өйткені зерттелетіндер оған сұрақ қояды.
Кілт
Шкала | Жауаптары | Сұрақтардың нөмірлері |
1 | 2 | 3 |
1 | Дұрыс емес(Н) | 5,11,24,47,53 |
F | H | 22,24,61, |
Дұрыс(В) | 9,12,15,19,30,38,48,49,58,59,8,71 | |
K | H | 11,23,31,33,34,36,40,41,43,51,56,61,65,67,69,70 |
Н | 1,2,6,37,45 | |
1(Hs) | В | 9,18,26,32,44,46,55,62,63 |
Н | 1,3,6,11,28,37,40,42,60,65,61 | |
_2(D) | В | 9,13,11,18,22,25,36,44 |
Н | I,2,3,И,23,28,29,31,33,35,40,41,43,45,50,56 | |
^1(Hy) | В | 9,13,18,26,44,46,55,57,62 |
-i(Pt1) | Н | 3.^8,34,35,41,43,50,65 |
L——, | В | 7,10,13,14,15,16,22,27,52,58,71 |
1 | 2 | 3 |
6(Pa) | H | 28,29,31,67 |
B | 5,8,10,15,30,39,63,64,66,68 | |
7(Pt) | H | 2,3,42 |
В | 5,8,13,17,22,25,27,36,44,51,57,66,68~^ | |
H | 3,42 | |
8(Sc) | В | 5,7,8,10,13,14,15,16,17,26,30,38,39,4бГ,57,63,64,66 |
9(Ma) | H | 43 |
В | 4,7,8,21,29,34,38,39,54,57,60 |
Тест мәліметтері бойынша зерттелетін тұлғаның профилісызылады.
Жоғарыда сипатталған шкаланың бәріне жоғары болып «шикі» ұпайлардағы бағалар болады, олар Т шкаласы бойынша 70-көрсеткішіне сәйкес болады. Төмені болып Т шкаласы бойынша 40-тан көтерілмейтін бағалар саналады.
Төмен болып ипохондрия шкаласы бойынша (1) 3 тен жоғары болмайтын бағалар, психопатия көрсеткіші бойынша (2 шкала) 4-тен , истерия көрсеткіші бойынша (3 шкала) 7-ден, және т.б. Бұл көрсеткіштердің маңыздары.Т шкаласы бойынша 40 белгісіне сәйкес болады. Жоғары бағалар ипохондрия көрсеткіші бойынша (1 шкала) 11-ден жоғары болады, психопатия көрсеткіші бойынша (2 шкала) 11-ден жоғары, истерия көрсеткіші бойынша (3 шкала) 16-дан жоғары және т.б. Бұл көрсеткіштердің маңызы Т шкала бойынша 70-ке сәйкес болады.
Зерттелетіннің тұлға профилін құрастыру кезінде «шикі» ұпайларды негізгі шкалалар бойынша 1,4,7,8,9 шартты ұпайларға өзгерту керек.
Формула.
уБ=А+0,5К; уБ4=А4+0,5К; уБ7=А7+К; уБк=А8+К; уБ9=А9+0,2К
уБ= негізгі 1-ші шкала бойынша шартты ұпайлар.
Ах= «шикі» ұпайлар 1-ші шкала бойынша .
К – К бағалау шкаласының маңызы және т.б.
- « Аяқталмаған сөйлемдер » әдістемесі.
Тест 60 аяқталмаған сөйлемдерден тұрып , 15 топқа бөлінуі мүмкін. Әр топ зерттелетіннің жанұядағы жұмыстағы қарым-қатынастар жүйесінің дәрежесін сипаттайды. Сөйлемдердің кейбір топтары адамның қорқыныштарына , өзінің кінәлі екендігін сезінуге қатысы бар , оның өткен шағы мен болашағын куәландырады, ата-аналар мен достары арасындағы қарым-қатынастарды зерттейді, өзінің өмірлік мақсаттарын.
Тест (өңдеусіз) 20 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін (зерттелетіннің тұлғасына тәуелді).
Тест бланкісінде сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөздермен аяқтау керек.
Тест бланкісі.
- Мен ойлаймын , менің әкем сирек________ .
- Егер маған бәрі қарсы болса , онда __________.
- Мен үнемі бірнәрсе істегім келеді ________.
- Егер мен жетекші қызметті атқарған болсам_________.
- Келешек маған ________.
- Менің бастығым_________.
- Ия, ақымақтық екенін білемін , бірақ қорқамын _________.
- Мен ойлаймын , шын дос_________.
- Мен сәби болған кезде__________.
- Әйелдің (еркектің) идеялы мен үшін_________.
- Мен ең жақсы (кіммен)_________жұмыс істеймін.
- Менің анам және мен_________.
- ________ұмыту үшін бәрін істер едім.
- Егер менің әкем _________ істегісі келгенде, ________.
- Ойлаймын, менің қабілеттілігім жетеді_________.
- Егер _________ , мен өте бақытты болар едім.
- Менің қарамағымды біреу істесе,__________.
- __________ үмітім бар.
- Мектепте менің мұғалімдерім ________.
- Менің _________ қорқатынымды достарымның көбісі біледі.
- _______ адамдарды жек көремін.
- Соғысқа дейін мен ________.
- Мен ойлаймын бойжеткендер мен жігіттер ________.
- Ерлі-зайыптық өмір маған _________.
- Менің жанұям менімен ________ сияқты сөйлеседі.
- Менімен жұмыс істейтін адамдар_______.
- Менің анам ___________.
- Менің ең үлкен қатем _________.
- Менің ең үлкен әлсіздігім ___________.
- Менің жасырын тілегім менің қол астындағылар_______.
- __________ күн келеді.
- Менің бастығым маған жақындаған кезде _________.
- Мен қорыққанымды жеңсем ___________.
- Бәрінен бұрын мен ________ адамдарды ұнатамын.
- Егер мен қайтадан жас болсам ________.
- Мен ойлаймын , әйелдердің (еркектердің) көбісі ________.
- Егер менің жыныстық өмірім нормада болса _________.
- Маған таныс жанұялардың көбісі ________.
- Аналардың көбісі _________ деп санаймын.
- Жас кезімде ________өзімді кінәлі санадым.
- Менің әкем , мен ойлаймын________.
- Менің жолым болмаса , мен _________.
- Бұл өмірде мен___________.
- Мен басқаларға тапсырма бергенде______.
- Қартайған кезде мен_________.
- Маған басымдылық ететін адамдарды _______.
- Менің күдіктерім мені _______ мәжбүр етті.
- Мен жоқ кезде , менің достарым_________.
- Балалық шақтың ең жақсы естелік болып_______.
- Маған ұнамайды еркектер (әйелдер) _________.
- Менің жыныстық өмірім________.
- Мен сәби болған кезде , менің жанұям________.
- Мен анамды жақсы көремін , бірақ _______.
- Мен істегеннің ең жаманы ________.
Әр топқа жақсы , жаман , бәрібір деп қатынастарды анықтайтын мінездеме беріледі.—
Мысалы:
Маған таныс жанұялардың көбісі.
- Бақытсыз, ажырасып кеткен –2 .
- Жүйкелері жұқарған,–1.
- Бәрі бірдей – 0.
Келешегім маған:
- Өте нашар , түсініксіз – 2.
- Түсініксіз – 1.
- Белгісіз – 0.
Кілт
_Nb’
п\п |
Ұсыныстар топтары | № тапсырма
|
1 | Әкесіне көзқарасы | 16 31 46 |
2 | Өзіне көзқарасы | 17 32 45 |
3 | Іске асырылмаған мүмкіншіліктері | 18 33 48 |
4 | Қол астындағыларға көзқарасы | 19 34 49 |
5 | Келешекке көзқарасы | 20 35 50 |
6 | Жоғары қызметтегілерге көзқарасы | 21 36 51 |
7 | Қорқыныштармен күдіктер | 22 37 52 |
8 | Өткенге көзқарасы | 23 38 53 |
9 | Достарына көзқарасы | 24 39 54 |
10 | Басқа жынысты адамдарға көзқарасы | 25 40 55 |
11 | Секстік қарым-қатынасы | 26 41 56 |
12 | Жанұяға көзқарасы | 27 42 57 |
13 | Әріптестеріне көзқарасы | 28 43 58 |
14 | Анаға көзқарасы | 29 44 59 |
15 | Кінә сезімі | 30 45 60 |