XX ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сұраныстарының салдарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды. Иностроспективік психология тәжірибелік талдауды талап ететін проблемадардың алдында әлсіздік танытты.
Капитализмнің тез қарқынмен дамуы анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бұрынғы субъективтік әдістермен қанағаттамдыру мүмкін болмады.
Психология ғылымының тарихын зерттеушілердін бірі профессор М.Г.Ярошевскийдің айтуынша, сана психологиясының тоқырауы, әсіресе Францияда тоқырау басталғанға дейін ерекше кең өріс алған невропатологая және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижелері дайындалды. Бұл зерттеулер адам психикасына кейде санасыздық көріністер тән екендігін дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық және эксперименталдік талдау жасалынды.
Жан-жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмуңд Фревд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады. Көрнекі француз психологі Альфред Бине объективтік әдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интелектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік талдау және эксперименттік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі
қатарға ығыстырылды. .
Сонымен, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер психологияға сана туралы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәделдеді.
Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынды. Оңда интроспекция әдістерінің қолдану мумкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мән берілді. Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліл, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Сондай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізіндедүниеге келді.
Бихевиоризм – ХХ- ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.
Бихевиоризм Ьеhаvіоuг- деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағыттың пайда болуы «Психология, оны бихевиорист қалай көреді» атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның авторы Уотсон психология басқа жаратылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерттеу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нышаны сана емес, мінез-құлық, ал интроспективтік әдістің орнына -субъективтік әдіс деп тұжырымдады. Бұл мақаланы батыс психологтары «бихевиористік төңкерістің» басталуы деп бағалады. Мақаладан кейінгі 10 жылдықта бихевиоризм толқыны барлық америка психологиясын қамтыды.
Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарына байланысты. Бихевиористердің мақсаты — психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевиоризмнің түпкі мақсаты — адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-құлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул — сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция — тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы — ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына америка зерттеуші-ғалымы Э.Торндайктің (1874-1949) еңбектерінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді, олар «проблемалық жәшік» деп аталатынға орналастырылды. Э.Торндайк «проблемалық жәшіктегі» жануарларлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет ете отырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясын қалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевиористер механикалық түрде адамға пайдаланды. Адамдардың жануарлардан айырмашьшығын олар реакдиясының өте күрделі сипатынан көреді.
Бихевиористер мінез-құлықтың ортаның әсеріне байланыстылығын дұрыс анықтап берді. Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипатта болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген.
Жануарлар психикасын зерттеуге адам мінез-құлқы моделі тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жануарлар мен адам психикасыньщ сапалық ерекшелігі бұрмаланды. Джон Уотсон адамның мінез-құлқы тітіркендіргіштерге бағыныштылығы туралы ғылымды байыта түсті. Бұл байланыстьыықты S->R (стимул — реакция) формуласы түрінде бейнеледі.
Бихевиоризмнің негізіне психологиялық зерттеулердің пәні ретінде психиканы, сананы жоққа шығару жатады. Зерттеу нышаны ретінде мінез-құлықты мойындайды. Психология ғылымына мінез-құлық пен ортаның арақатынасының заңдылықтарын зерттеу ұсынылды. Бихевиористер жануарлар сияқты адам да жай тетік, машина тәріздес сыртқы ортаның әсеріне жауап береді дегеңді айтады.
1925 ж. Джон Уотсонның кезекті еңбегі «Бихевиоризм» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сыртқы тітіркеңдіргіштердің нәтижесіңде кез-келген келбеттегі, мінез-құлықтағы адамды «жасауға» болатындығы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біткен қасиеттердің мәні жоққа шығарылған жок, сонымен қатар жеке тұлғаның өзінің сенімі, ұстанымы және қатынастары жоққа шығарылды.
30-жылдардың өзінде бихевиоризм идеясының өміршеңдігі, оның мәнділігі бірте-бірте шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық тоқырау басталды, жаппай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті.
Көрнекті америка психологі Роберт Вудвортс функционалдық психологияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған «стимул — реакция» үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын — ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады. Сонымен, бихевиоризм қатты сынға алынып, мінез-құлық психологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында тұрады деді.
Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-құлык ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды. Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі — олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.
Психоталдау (фрейдизм). Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкіддерінің бахевиористерден, гешталыпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологаяның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.
Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға «сана» және «санасыздық» жатады. Психотаддау ілімінің болашақ тағдыры және оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста бодды. Кейіннен психоталдау бағытьш жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жыддарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бүл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге («Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы» белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.
Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) — австрия невропатологі, психиатры және психологі, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіңдіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады.
Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға -социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.
Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.
Гештальтпсихология (немістің Се»іа1і деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретіңде АҚШ-та (пайда болды және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология — психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғылымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.
Бүл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т,б- есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкілдерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттаңдырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтер психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде «құрылымдық психология» деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі «құрылым» деген мағананы береді)
Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларының бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен, физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды В.Келер.
Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары жеке тұлға мен тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және эксперименталдік зерттеулерінде К.Левин іске асырды. Орта, Левиннің айтуынша, физикалық бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет, демек, адамдардың оған әсер ететін субъективтік қабылдауы арқылы беріледі. —
Гештальтпсихологияның идеялары психологиянын көптеген негізгі проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды. Көп жағдайда гештальтпсихология бихевиоризмге және өмір сүріп отырған психологиялық бағыттарға қарсы. Жас эксперименталдық психологияның ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны түйсіктер болды. Психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық зертханаларда қаншама күш салынса да тек ашылмай ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ болып кетті. Бірақ бейне категориясын ұсынып отырған сол аспект әлеуметтік теориялық талдаудың және эмпирикалық зерттеудің пәні ретінде міндетті түрде карастырылуы қажет еді. Идеалистік философияның үстемдік ету жағдайында қалыптасқан оны іске асыруға гештальтпсихология талпынған еді, оның бағыттары мен нәтижелеріне әсері тиді.
Гештальтизмнің қалыптасу кезінде тұтастық және бөліктері проблемасына ерекше мән берілді. Барлық уақытта да психикалық өмірді оны тұтастықта, ішкі байланыста қарастыру негізгі мәселе болып көтерілді.
Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брентанонның шәкірті — К.Штумпфа (Берлин) және Геттинген университетінде Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар өздерінің мақсаты — психологияны емес, логиканы реформалау мәселесін қойды. Олардың айтуынша, логика феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты орындау үшін бұрынғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны жетілдіру негізінде феноменологиялық әдіс қалыптасты, Бұл бағыттың түсіндіруінше, бейненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың өзгерген жағдайдағы тұрақтылығы, сонымен қатар егер қабылданатын зат тұтас түрінде қабылданбайтын болса, қабылдаудың тұрақтылығы бұзылады. Гештальт психология өкілдері фигура және фон, екі жақты бейнелеу, қабылдау туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі шетел психологиясына талдау жасағанда психиология ғылымында генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі Жан Пиаженің генетикалық психологиясына сипаттама беруден бастағанды жөн көрдік. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалы мд ы кездестіру қиын.
Құрылымдық — жүйелік талдауды пайдалана отырып, психологиялық зерттеулердің басшылыққа алатын әдіснамалық қағидасы ретінде Пиаже генетикалык әдіс туралы ілімді ұсынады.
Баланың интелдектісін қалыптастыруға негізгі көңіл бөле отырып, Пиаже ғылыми психологияда кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін атап көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек жекелеген ғылымдар емес, сонымен қатар таным теориясы да генетикалық негізде құрылуы қажет деп көрсетті. Бұл идея Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология ғылымын жасаудың негізіне жатты, демек, адамда әртүрлі білімнің, ұғымның, таным операцияларының түрлері мен типтерін қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы ғылым.
Пиаженің негізгі міңдеті адам интелектісінің құрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» (1923), «Түсінуі және ой қорытындысы» (1924), «Баланың дүние туралы түсінігі»(1926).
30-жылдары Пиаженің психикалық даму проблемаларына көзқарасы түбірлі өзгерістерге ұшырады. Пиаже интеллектінің даму кезеңін, оның мазмүны мен мәнін басқаша анықтады. Оның айтуынша, басқа адамдармен қарым — қатынас емес, ал операция (логикалық-математикалық құрылым) баланың танымдық дамуын себепке байланыстырды.
Пиаже интеллектіні зерттеуде кескіндеу әдісін қолданды. Әртүрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижелерін салыстырып көрді. Бірақ бұл әдіс балада жаңа интеллектуалдық тәсілдерді, ұғымдарды, білімдерді психологиялық қалыптастыруды қамтамасыз ете алмады. Жан Пиаженің концепциясының негізгі кемшілігі баланың жеке басын тұтас дамытуды жоққа шығарды, интеллекті дамуының ең басты қозғаушы күші сол интеллектінің өзі деп білді. Пиаженің зерттеулерінде интеллектіні дамытудың жағдайлары ішінде іс-әрекет жағдайының болмауы — негізгі кемшіліктерінің бірі.
Пиаже интеллектінің дамуының бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде негізгі жағдай ретінде оқытудың рөлін жеткіліксіз бағалады. Отандық психологтардың орындаған көптеген зерттеулері балалардың ойлауын дамыту дұрыс ұйымдасқан оқыту жүйесіне байланысты екендігін дәлелдеді.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде ашық тоқырау жылдарында қалыптасқан (бихевиоризм, фрейдизм, гештальтпсихология), кейіннен өзгерістерге ұшыраған бағыттар өзінің маңызын бірте-бірте жоя бастады. Эксперименталдық зерттеулер мен теория саласында жаңа бағыттар пайда бола бастады.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында — когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу — нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт — когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г. Саймон жатады.
Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі — есептеу нұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері ~ ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму.
Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі — гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам проблемасын түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды.
А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі танытуға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіңдірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек, адамға жақсылық істеуге ұмтылу (адам өз мәні жағынан жақсылық істеуге жаны құмар).
Маслоу Ч.Дарвин теориясын өзінше түсіндірді. Ол Дарвиннің агрессивті және күшті жануарлар өмір сүре алады, өмірге бейімделеді, икемделеді деген көзқарасымен келіспейтіндігін дәлелдейді. Маслоу антропологиялық көзқараста бола тұрып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.
XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері қолданыла бастады, сонымен қатар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсеңді қабылдап отырды. Қазір психологияның практикаға бағытталған салалары алдыңғы шепке шыға бастады. Психолог ғальмдармен бірге практикалық психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, армия мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін керсетуде.