Соғыс жылдары(1941-45) мен 80-жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы

 С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты іргелі еңбекті дайындап, бастырып шығарды (1942, 1946 ж). Еңбекке отандық, сонымен қатар әлемдік психология ғылымының озық жетістіктері кірді.

Педагогикалық психологаяның дамуына елеулі үлес қосқан П.Я.Гальпериннің еңбектерін атауға болады. Оның еңбектерінің ішінде елімізге кеңінен таралған, белгілі ойлау іс-әрекетін кезендер бойынша қалыптастыру теориясы, ол практикалық тұрғыдан ойлауға, көптеген ептілік пен дағдыларды меңгерудің тиімді жолы болып табылады.

Нейропсихология саласында А.Р.Лурия жоғары психикалық қызметтің анатомиялық- физиологиялық негіздерін зерттеді. А.Р.Лурияның ес пен ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін зерттеуге арналған еңбектерінің мөні ерекше болды. Оның еңбектері қазіргі кезде диагностикалық және терапевтік мақсатта кеңінен қолданылып отырған қазіргі медициналық психология үшін ғылыми-психологиялық негіз болды.

Еңбектері бүкіл әлемге кеңінен танымал болған көрнекті психофизиолог Е.Н.Соколовтың есімін ерекше атар едік. Ол түс көру теориясын негіздеді, яғни адамдардың заттардың түсін қабылдаудң түсіндірді- Ол зейіннің нейрофизиологиялық негіздерінің құрылымына кіретін бағдарлы рефлексті ашты және сипаттап берді.

А.А.Смирновтың еңбектерінің арқасында материадды есте сақтау мен қайта жаңғырту іс-әрекетті ұйымдастыру мен жағдайларына тәуелді екендігі анықталды.

70-жылдардан басталған және қазір ғасырлар тоғысында одан әрі жалғасып жатқан психология ғылымы дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ол әлемдік психологаядағы сияқты, бір жағынан, бұрын өмір сүрген жекелеген ғылыми мектептер мен бағыттардың арасында шекараның жойылуымен, екінші жағынан, сыни тұрғыдан талдаумен және оның жетістіктерін дұрыс пайымдаумен, үшінші жағынан, психология ғылымының жіктелуімен және тәжірибемен байланысты зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуымен сипатгалады. Осы жылдардың ішінде психологияның әлеуметтік психология, басқару психологиясы, космос психологиясы, әскери психология, заң психологаясы, спорт психологиясы, саяси психология, экономикалық психология сияқты жаңа бағыттары пайда болды.

Шетел психологтары мен біздің еліміздің психологтарының арасында байланыс жан-жақты кеңейе және тереңдей түсті. Алдыңғы орынға психология ғылымының әртүрлі салаларыңда әлеуметтік психология және жеке тұлга психологиясы шықты. Психологиялық зерттеулер негізінен практикалық бағытта қалыптаса бастады.

Психология көптеген ғылымдар мен адамның тәжірибелік қызметінің басқару, саясат, экономика, инженерлік, еңбек, спорт, қоғамдық ұйымдардың жұмысы сияқты салаларына ықпал ете бастады.

Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жылдарға дейін Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларыңдағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқыды.

Е.Суфиев көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеді.

Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұқановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспирантурасын бітіреді, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттық диссертация қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.

М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұңғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.

Ол — жалпы психология, жас және педагогикалық, психалогия, этнопсихологиядан оннан астам еңбектің авторы. Мәселен, «Бақылау және ойлау» Алматы, 1959; «Педагогакалық психология очерктері», Алматы, 1950; «Ми және сана», Алматы, 1956; «Жан дүниесінің сыры», Алматы, 1964; «Ақыл-ой өрісі», Алматы, Қазақстан, 1980; «Жас және педагогикалық психология», Алматы, 1982.

Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертадаялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі — Әбдірахман Асылбеков (1907-1970). Ол — бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсіресе, оның «Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу» (1958), «Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру» (1959), «Бала тәрбиесінде семьяның рөлі» (1969). «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Кәрім Қойбағаров (1928-1985) — Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951-1954 жылдарға дейін психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді. «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары» деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған «Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі адеп және психология» оқулықтарын аударушыларының бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу» сияқты еңбектері дүниеге келді.

60-жылдардың бас кезіне дейін Республикада қазақ тіліңде психологиядан оқу құралдары болмады. Қазақ тіліңде алғаш «Мектеп» баспасынан Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» оқу құралы 1962 жылы жарық көрді. Бұл оқу құралы кейіннен бірнеше рет өңделіп, қайтадан басылып шықты. Мәселен, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың «Психрлогия» оқулығы 1972, 1982, 1993, 2002, 2004, 2005 жылдары жарыққа шықты.

2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған «Психология негіздері» оқулығы қазақ бөлімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды.

Қ.Б.Жарықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогака және этнопсихология орталығының директоры. Ол — психология ғылымының әртүрлі саласынан 50-ден астам жеке кітаптың (оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, әдістемелік басылымдар, терминологиялық сөздіктер т.б.) және 800-дей мақаланың авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты — қазақ халқының психологиялық ой-пікірлерінің тарихы мен этнопсихологиясы мәселелері.

XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың, Ж.Түрікпенүлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың, Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.

Психологияның басқа да жекелеген салаларынаң бірнеше сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ө.Жөкебаев «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досполов «Алдын ала тергеудің психологиясы», С.Жақыпов «Таным әрекетінің психологиясы» Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков «Жалпы психология», «Қызықты психология», Ғ.Илешев «Медициналық психология», К.Оразбекова «Иман және инабат» т.б.

Соңғы жылдары жеке тұлғалар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары туралы диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж.Сабирова). Сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің қатарына қорғалған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады. В.К.Шабельниковтың «Әрекеттің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функционалдық құрылысы генезисінің психологиялық механизмдері» (1990), Ж.Намазбаеваның «Арнайы мектептердегі шәкірт тұлғасының қалыптасуы» (1986), Б.Хамзиннің «Шәкірттердің конструктивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пен тұлғалардың бір-біріне әсері» (1989), Н.А.Логинованың «Бектерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектебінің сабақтастығы» (1990), В.Е.Клочконың «Ақыл-ой әрекетінің инициациясы» (1983), С.М.Жақыповтың «Оқыту үрдісінің психологиялық құрылымы» (1998), А.М.Кимнің «Қазіргі түсіну психологиясы» (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандагы психология ғылымы (XX ғ. тарихы мен даму кезеңдері)» (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын ерекше атап өткен жөн.

70-90-жылдарда түрлі баспалардан профессор Н.Жаңділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1971), профессор М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаевтың «Қазақ ұлтының психологиясы» (Алматы, 1992), К.Жукештің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді.

Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.

Мәселен, Қ.Жарықбаевтың «Этнопсихология — тіл тәрбиесінің өзегі» (Алматы, «Білім», 2005), «Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы» (Алматы, «Қазақ университеті», 2004), «Психология негіздері» атты 2005 жылы шыққан оқулығында «Қазақ психологиясының тарихына» арнайы жеке тарау берілген.

2002 жылы «Мектеп» баспасынан психология мен педагогиканың түсіндірме сөздігі жарық көрді. Оның жарыққа шығуына авторлар ұжымына психология және педагогика ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев ғылыми жетекшілік етті.

Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымының теориясында да, практикасыңца да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйеленген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айырықша мән берілген,

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихологая проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.

Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологаясын зерттейтін » Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы» ұйымдасты.

Қазақтың мемлекетгік ұлттық университетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды.

1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде,Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогакалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне «психология» мамандығының штаты енгізілді.

Дейтұрғанмен, Республика мектептерінде психология өз алдына дербес пөн ретінде оқытылмай келеді, оны оқытудың қажеттігін өмірдің өзі дөлелдеп отыр.

Сонымен, академик Т.Тәжібаев атындағы «Этнопсихология және этнопедагогика орталығы» Қазақстанда психология ғылымын дамытуда біршама іс-тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары орталықтың ұйымдастыруымен бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық, тәжірибелік конференциялар өткізіліп, этнопсихология және этнопедагогика мәселелері бойынша ғылыми жинақтар мен конференция материалдары жарық көрді.