Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын XIX ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы проблемаларды қою және шешумен байланысты.
XIX ғасырдың екінші жарғысы мен XX ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И.М.Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына кіретіңдігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.
XIX ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.
Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И.М.Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді.
И.М.Сеченов интроспекция әдісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологаялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В.М.Бехтерев және И.П.Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В.М.Бехтерев, И.П.Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жұмысының қызметін әртүрлі атаған болатын: Бехтерев «біріккен рефлекс», ал Павлов — «шартты рефлекс» деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретіңде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиолоттордың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.
Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. «Бехтерев пен Павловтың бихевиористерден айырмашылығы, — деп жазды М.Г.Ярошевский, — олар сананың да рөлін, субстракттылықтың да рөлін жоққа шығарған емес». Олар жаңа материалистік психологаяның қалыптасуы үшін ғылыми — жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісінен кейін іске асты.
Қазан төңкерісінен кейін психология ғылымының дамыған ақуалы қарама-қайшылықты және күрделі болды. Біріншіден, отаңдық физиологияда қалыптасқан жетістіктер мен дәстүрлер болды, оның негізінде жаңа психологиялық ілімді талдауды бастауға болар еді. Екіншіден, кәсіби психологтардың арасында субъективтік идеалистік психологая өз ықпалын күшті, әрі толық сақтаған. Үшіншіден, әлемдік психологияда бұл кезеңде басталған тоқырау өзін көрсете бастады. Төртіншіден, елімізде жаңа қалыптасып келе жатқан бағыттар ене бастады, (бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм). Тоқырау жылдарында қалыптасқан өлемдік психологияның үш бағыты отандық психология ғылымына әсерін тигізді. Бихевиоризмнің ықпалы, мәселен, К.Н.Корниловтың реактологиясында, М.Я.Басовтың ғылымдағы мінез-құлық туралы ілімдерінде айқын аңғарылды. Гештальтпсихология идеялары Л.С.Выготский бастаған бір топ психологтардың еңбектеріне ықпал етті. Олардың ішінде кейбіреулері, мәселен, А.Р.Лурия психоталдау идеясын зерттеуге әрекет жасады.
Бірақ әлемдік ғылымдағы жаңа бағыттарға еліктеу ұзаққа барған жоқ. Тез араның ішінде кеңестік психология ғылымы дамудың өзіндік жолына түсті, 20-жылдардың аяғына дейін жан-жақты толық ашылды, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше дами түсті.
XX ғасырдың екінші онжылдығының аяғына таман қалыптасқан бұл тенденцияларды практикалық іске асыру отандық ғылымға тән психологияның негізгі проблемаларын талдау ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуына себепші болды: Д.Н.Узнадзе ұстаным теориясы және мен соған ғылыми мектепті басқарды, психикалық үрдістердің қалыптасуы мен дамудың мәдени — тарихи теориясының негізін салушы Л.С.Выготский болды, ойлау теориясы СЛ.Рубинштейннің және оның ізбасарларының еңбектерінде одан әрі дамыды.
Кеңес психология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған бұл кеңес ғалымдарының аға буыны болып табылады, ал практикалық -эксперименталдық түрде оны талдау кеңес психологтарының келесі буынының еншісіне тиді, оның ішіңде аты әлемге танымал Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьеэ, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Е.Н.Соколов, АА.Смирнов және т.б. есімдерін атауға болады. Олардың негізгі еңбектері 30-60 жылдардың арасында дүниеге келді. Кеңес психологиясы тарихының екінші кезеңін құрайды. Екінші кезеңге тән ерекшелік жекелеген мектептер мен бағыттардың төңірегіне ғалымдардың шоғырлануы тән, олар ұзақ мерзім салыстырмалы түрде бір-біріне бағынышты болмады, сонымен қатар зерттеушілік күш-жігер негізінен таным үрдістерін зерттеуге арналды: зейінді, қабылдауды, есті, ойлау мен сөйлеуді талдады.
Б.Г.Ананьев қабылдау, педагогикалық бағалау психологиясы, адамтанудың жалпы мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты. Оның ерекше сіңірген еңбегі Ленинград университетінде психология факультетін құру және «Ленинград психологтарының мектебі» атымен біріккен белгілі ғалымдардың үлкен тобын даярлаумен байланысты.
С.Л.Рубинштейн мен А.Н Леонтьев Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде психология бөлімі мен факультетін құруда ерекше ұйымдастырушылық рөл атқарғандығын айтпай кетуге болмайды, сонымен қатар А.Н.Леонтьев қабылдау, ес, сана, жеке тұлға және психикалық даму проблемаларын теориялық және эксперименталдік тұрғыдан зерттеуге, елімізде психология ғылымын дамьпуға орасан зор үлес қосты. Ол психологаялық «іс-әрекет теориясы» деп аталатын жаңа психологиялык теорияның негізін салды, соның нәтижесінде қабылдау, ес, ойлау, сана мен жеке тұлға үрдістері бүрын соңды болмаған ерекше шешімін тапты. Бұл теория өз төңірегіне психолог ғалымдардың аға буын өкілдерін топтастырды. А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен 40-50 -жылдары мен 60-70 жылдары өз беттерімен зерттеу жолына түсті.
Елімізде кеңестік дәуірде психология ғылымын қалыптасгыруда ерекше еңбек сіңірген қарымды да майталман психолог ғалымдарымыз Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.Р.Лурия, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, СЛ.Рубинштейн, АА.Соколов, ААСмирнов, Б.М.Теплов, Д.Н.Узнадзе және т.б. ерекше айта аламыз. Москва, Киев және Тбилиси қалаларының психология ғылыми-зерттеу институттары және Москва, Ленинград Тбилиси, Перьм, Рязань, Владимир және басқа қалалардың университеттері мен педагогикалық институттары ғылыми-психологиялық ой-пікірдің орталығына айналды.
30-жылдардың орта кезінің өзінде кеңестік психология ғылымының негізгі қағидалары қалыптасты: детерминизм қағидасы, сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы, психиканың іс-әрекетте даму қағидасы.
Алдыңғы қатарлы кеңес психологтары психология ғылымының алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, осы міндеттерді шешу негізгі педагогакалық проблемаларды іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты. Кеңес психологтары педагогикалық психология саласыңда біршама іс тындырды (Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, НА.Менчинская, Д.Б.Эльконин, Ш.А.Амонашвили және т.б). А.В.Запорожец Д.В.Эльконинмен бірге балалар психологиясының негізін қалады. АВ.Запорожецтің ғылыми зерттеу саласына қабылдау, қозғалыс және эмоция проблемалары кірді. А.В.Запорожец КСРО Педагогикалық ғылым академиясының мектепке дейінгі тәрбие институтының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Д.В.Эльконин ойың теориясы мен бала психикасы дамуының авторы ретіңде белгілі ғалым, сонымен қатар В.В.Давыдовпен бірге мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың жаңа тұжырымдамасының авторы болды. Д.В.Эльконин — жұртшылыққа танымал балалар психологиясы оқулығының авторы, ол оқулық бойынша педагогтардың бірнеше буыны оқып-білім алды.