Психологиядағы Х1Х – ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар

Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психифизикалық зерттеулердің нәтижелері.

Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірибелік (эксперименттік) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық кұбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән-жайынарнайы тәжірибелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннің тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуі бірқатар зерттеулерге және теориялық көз-қарастарғасүйене отырып баяндаймыз.

Мәселен, 1) В. Вундт және Ф. Брентано(1838—1917)көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастан«өзіншепайдаболуы»дегенпікірлердің дәрменсіздігі;

2).И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы — алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны — нәтижедеп саналуы.

Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайғатәуелді деп қарастырылуы;

3) Психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері;

4.) Әр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы;

 5) Организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық және дарвиндік зерттеу нәтижелері.

Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы. Оның негізгі бағыттарының сипаттамасы

XVIII ғасыр ортасында ғылыми психология қалыптасты. Білімнің ғылыми формасы болу үшін зерттеу пәнін анықтап алған жөн. Қандай да бір психологиялық бағытта немесе ғылыми мектепте болмасын психологияда оның зерттеу пәні түсіндірілген және оның мәнін түсінуге болады.

XVIII ғасыр ғылыми психологияның құрылуы ағылшын эмпирикалық ассоциативті психологиясының өкілі Д.Гартлидің атымен байланысты. Бірақта оның ерекше гүлденуі XIX ғасыр ортасында болды. Бұл уақытқа Дж.Ст. Мильдің, А.Бэннің, Г.Спенсердің еңбектері сәйкес келеді.

Дж.Ст. Миль сананы ассоцианистік кесте арқылы қарастырады, бірақ оның логикадан нақты психологиялық қызмет етуіне тәуелділігін көрсетеді. Дж.Ст. Мильдің көзқарасы бойынша ақыл заңдары бар, ол материя заңдарынан басқа, бірақ бір құбылыстан екіншісінің жалғасуындағы қажеттілікте, қайталануында, бірегейлігінде ұқсас болып келеді. Бұл құбылыстар бақылау және тәжірибе сияқты эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері арқылы ашылуы мүмкін. Сондықтан да «психикалық бір ізділікті» (сана феномендері) өз алдына бөлек зерттеу керек. Негізгі әдіс ретінде интроспекция болып табылады.

Александр Бэн өзінің назарын сананың ішкі жағдайынан қозғаушы, яғни ағза белсенділігін объективті бақылаушы мүмкіңдікке қарай аударады. Қозғаушы жауаптар А. Бэн бойынша барлық психикалық құбылыстардың түсіндірмелі принципі болады. Қателіктер негізінде «конструктивті ассоциация» механизмі көмегімен адекватты жауаптардың қалыптасуы жүреді, осы арқылы сана іс-әрекеті ағза іс-әрекетімен жақындайды.

Г. Спенсер үшін психология пәні ретінде ағзаның қоршаған ортамен байланысы болып табылады. Бірақта объективті психология өзінің мәліметтерін субъективті психологияда пайдалануы тиіс, яғни қаруы — «сананың өзінің ішке үңілуі» субъективтілігін жоғалтпауы керек. Басым әдіс ретінде интроспекция қалады.

Ассоционистік концепцияның өзегі ретінде жиілік заңдылықтары анықталынып, бұл заңдылық бойынша байланыстардың нығаюы оның қайталану функциясын білдіреді. Бұл көбінде И.П. Павловтың, И.М. Сеченовтың, Э. Торндайктың, У. Джеймстің көзқарастарын анықтап берді.

Тікелей тәжірибе психология пәні ретінде. Психологияның жекеленген тәжірибелік ғылым ретінде құрылуында В. Вундтың бағдарламасы ерекше орын алады. Вундт бойынша психология пәні ретінде бақылау, интроспекция жолымен жеткен субъектінің тікелей тәжірибесі болып табылады. Вундт интроспекция процесін реттеуге ұмтылды. Ол физиологиялық тәжірибе, яғни объективті тікелей тәжірибені, яғни субъективтіні бөліп қарастыра алады, осылайша ғылыми түсініктерде индивид санасының архитектоникасын қайта құра алады. Тәжірибелік (физиологиялық) психологияны қалыптастырамын деген бұл идея оның ойында болған. Вундттың идеясы психологияда құрылымдық мектеп фундаментін қалап берді.

Сананың интенционалды актілері психология пәні ретінде.

Ф. Брентано өзінің зерттеу негізіне сананың белсенділік және объективтілік сияқты сапаларын жатқызады. Психология түйсік пен елестерді ғана емес, субъект жасайтын «әрекет» актілерінде(ойлау,талқылау жэнеэмоционалдыбағалау актілері) зерттеуі тиіс. Актсіз объект өмір сүрмейді. Өз кезегінде акт интенция деп аталатын бағытқа жүгінеді. Кейінірек функционализм деп аталған бағытта Брентано жұмыс жасаған.

Психикалық іс-әрекеттің пайда болуы психологияның пәні ретінде. И.М. Сеченов психикалық және физиологиялық пайда болулардың ұқсастығы туралы постулатты қабылдады. Сеченов үшін психикалық актінің нақты бастамасы бар, жалғасы және аяқталу уақыты бар процесс немесе қозғалыс деп түсіну негізгі ой болып саналды. Психологиялық зерттеудің пәні ретінде санада емес (немесе бейсана саласында) қатынастың объективті жүйелерінде таралатын процестер, мінез-құлық процестері болуы керек.

Бейсаналық психологияның пәні ретінде. XX ғасыр басында фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психология пәні ретінде бейсаналықты сананың жасырын бөлігі деп есептеді. Қажеттіліктер мен мотивтер сирек ұғынылады, қажеттілік — бұл құштарлық, біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бір нәрсені орындау тілегімізді, құштарлықты, бейсаналықты зерттеуді түсіндіре алмаймыз. Әрбір адам нені көргісі келсе, тек соны ғана көре алады. Ойлау да, ес те құштарлықпен бейсаналылық жетегіне еріп кетеді, адам әрекеттері терең ниеттенумен басқарылып отырады. Дәл осы терең ниеттену психологиялық ғылымның пәні болуы тиіс. Фрейд психоанализ әдісін ойлап тапты, бұл әдіс көмегімен адамның терең ниеттенуін зерттеуге және оларды басқаруға болады. Психоталдау әдісінің негізі ретінде еркін ассоциация, жаңылуды, түс көруді талдау болып табылады.

  1. Фрейд бойынша адам мінез-құлқының тамыры — оның балалық шағында жатыр. Адам қалыптасуы мен дамуы процесіндегі негізгі рөлді сексуалдық инстинктер мен құштарлықтар алады.

Фрейд оқушысы А. Адлер әрбір тұлға мінез-құлқының негізінде сексуалды құштарлық емес, балалық шағында, яғни баланың ата-аналарынан, қоршаған ортаға тәуелділігі жоғары болған уақытта пайда болған өзін-өзі қанағаттанбаушылық сезімі жатыр деп есептеген.

К. Хорнидің неофрейдизмдік тұжырымдамасында ішкі тұлғалық жанжалдар негізінде байқалатын әрбір адамға тән «негізгі мазалануда» мінез-құлық анықталады. Хорни әрбір адамның қажеттіліктері мен олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарға мән береді.

К.Г. Юнг психика тек ерте балалық шақтың шиеленістерінің әсерінен ғана қалыптаспайды, ол сонымен бірге сонау ғасырлардан келген үлгілерден мұра болып келуі мүмкін. Сондықтан да психиканы зерттеу кезінде «ұжымдық бейсаналық» ұғымын ескерген жөн.

Ақпаратты өңдеу процестері және осы процестердің нәтижесі психология пәні ретінде. Когнитивті бағыт теориясы адам білімі мидың сыртқы ортадан алған ақпараттарымен немесе тумысынан ондағы біліміне ұқсас келмейді деген ойға мән береді.

Когнитивті психология ойлау процестері мен ақпараттың өңделуі процестерінің жүзеге асу жолдарын түсіндіруге тырысады.

Адамның жеке тәжірибесі психология пәні ретінде. Гуманистік психология ғылыми психологиядан алшақтап, басты рөлді адамның жеке тәжірибесіне бұрады. Гуманистік психолог-тардың пікірінше, адам өзін-өзі бағалай алады және өзінің тұлға ретінде дамуына жол таба алады (өзін-өзі таныту). Бұндай тұрғыдан келудегі субъективтілік адамның өзі туралы ойы мен оның шын мәніндегі жағдайы арасында айырмашылықты орнатуды қиындатады. Осы тұрғыдан келу идеясы психологиялық тәжірибе үшін пайдалы болады, бірақ психология теориясына ешқандай үлес қоспады. Оған қоса, осы бағыт аясында зерттеу пәні тіпті жоғалып та кеткен.

Мінез-құлық психологияның пәні ретінде. Фрейдизммен қатар XX ғасыр басында бихевиоризм «Физиологиялық психологияның» сәтсіз тәжірибелік зерттеулеріне реакция ретінде пайда болды. Бихевиорюм немесе «мінез-құлыктың психологиясы» пәні — мінез-құлық болып табылады. Бихевиористердің (Уотсон, Торндайк) пікірінше, адамның өткен тәжірибесін ескере отырып және қоздырғыш күштерді біле отырып, адамдардың физиологиялық механизмдеріне мән бермей-ақ мінез-құлықтың жаңа формаларының қалыптасуы мен оны игеру процестерін зерттеуге болады.

Мінез-құлық ретінде сыртқы әрекеттер қарастырылған. Мінез-құлық — реакция соммасы. 8 — стимул (итермеші себеп), R. — реакция. Стимулдар жиынтығы сәйкесінше реакциялар жиынтығын туындатады: негативті стимул — негативті реакцияны, позитивті стимул — позитивті реакцияны оятады. Емтиханнан «өте жақсы» деген баға алғанда реакция басқа да, «қанағаттандырылмаған» бағасын алғандағы реакция басқаша болады. Егер жануарлар баласын жаттықтыратын болсақ, онда олардың мінез — құлықтарында айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Мінез-құлықтың ішкі себептерін зерттеу мақсатында тышқандарға тәжірибелер жүргізілді.

Американ психологы Дж. Уотсон И.П. Павловтың зерттеулері негізінде игеруде сана ешқандай рөл атқармайды деген қорытыңдыға келді. Оған психологияда орын жоқ дейді ол. Мінез-құлықтың жаңа формаларын шартты рефлекстер ретінде қарастырған жөн. Олардың негізінде бірнеше тумысынан болатын немесе шартсыз рефлекстер жатыр. Уотсон және олардың қызметкерлері сынау және қателер арқылы игеріп-үйрену теориясын ұсынды. Одан кейін стимул әрекеті мен мінез-құлықтың реакциялар арасында келіп түсетін ақпараттардың белсенді қайта өңдеу процестері өтетіндігі белгілі болып, ол процестерсіз жануарлардың немесе адамдардың жеке стимул-дарына беретін реакцияларын түсіндіру мүмкін емес болды. Осылайша, необихевиоризм (Толмен және т.б.) мен оның ең басты түсінігі «аралық өзгермелілігі» пайда болды. Оның негізін кестелі түрде келесідей етіп көрсетуге болады:

8 —► О — R аралық өзгермелілік ендіріледі

О — аралық өзгермелілігі (қара жәшік)

Іс-әрекет психологияның пәні ретінде. Кеңес психологиясының негізінде іс-әрекеттік бағыт жатыр. Бұл бағыт іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде және сыртқы тәжірибелік формаларынан туындайтын іс-әрекет сияқты психика мен сананы қарастырады. 1940 жылдары психологиялық мектептің зерттеушілері С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьев ұсынған іс-әрекеттік бағыт қалыптасты. Қазіргі уақытта бұл екі нұсқаларда олардың ізбасарларының арқасында дамып отыр. С.Л. Рубинштейн іс-әрекеттік бағыттың теориялық принципінің негізі немесе сана мен іс-әрекеттің бірлік принципін қалыптастырды. Психологияда іс-әрекеттік бағыт барлық саланы да қамтитын бағыт болып табылады. Мінез-құлықтан іс-әрекетке көшуге америкалық зерттеушілерде қосылды (Тулминнің 1987 жылғьі «Вопросы философии» журналындағы «Психологиядағы Моцарт» мақаласын қара).

Іс-әрекеттік бағыт тәжірибеге қандай үлес береді? Мәселен, А.Н. Леонтьевтің зертханасында қабылдау психологиясы зерттелген болатын. Осы зерттеудің негізінде қабылдау формуласы пайда болды. Қабылдау пассивті емес, ол белсенді процесс екендігі анықталды. Осылайша, қабылдаудың жаңа концепциясы пайда болды. Оның негізінде қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша жаңа оптикалық қолданыс құрылды, енді танкистің көздеп атуы танк қозғалсада іске асатыны мүмкін болды. Бұл зерттеулер іс-әрекеттік тұрғы теориясына негізделген.

Тағы бір мысал, Е.Н. Соколовтың зертханасында 5 курс студенті Чингиз Измайлов түсті көрудің психологиялық теориясын ойлап тапты. Осы теорияның негізінде түсті кинескоппен құру мүмкін болды. Кейінірек осы зерттеудің негізінде жапондықтар жаңа кинескоптарды жасау технологиясын құрастырды. Осындай ғылыми-техникалық творчестволық табыстардың негізінде қабылдаудың іс-әрекеттік концепциясы жатыр. Ол ракетаны басқару мәселесін шеше алады (инженерлік психологтардың жұмысы). Осылайша, психология ғылым ретінде прогреске тікелей әсер ете алады.