ХV111- ғасырдағы психологияның дамуы

XVIII- ғасырда психология ғылымында айтарлықтайөрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің зерттеулері оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырады.

Сөйтіп, ойлаудың дамуына ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы тани білудегі тәжірибеніңжаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.Сонымен, XVIII ғасырдағыпсихофизикалыққұбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ойысып, түрлі психикалық процестердің сырын жүйке жүйесінің қызметін зерттеуменшектелетін болды. Осы бағытты қолданушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп,түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, алтүрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші, кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті.

Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.

  Ассоциативтік психология

Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді.Соған орай сол заманның ағартушылары Нютон мен Локк есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік, психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациалық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. ХУШ ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетінәрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 ж.ж). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы ассоциацияныңкеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.

Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік ілімнің шыңы деуге болады.

XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологияның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделтен ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыданнығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), ДжемсМилль (1778—1830), Дж. Ст. Милль (1806—1873) сияқты зерттеушілерқолдады. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар — елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топ-тағы психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.

Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады. Г. Гельмгольц (1821—-1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді. Орыс физиологы

И. М. Сеченев (1829—1905) ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.

XIXғасырдың 80 — 90 жылдарында Ғ. Эббингауз (1850—19О9), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді басқа да психологтардың енбектерінде ассоциацияныңжасалу жолдары түрліше түсіндіріліп,бұл концепция одан әріқамтылды: Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, онызерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінеді,физиологиялык зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек артты.