Филипстің “Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау” тесті.
Мақсаты:Оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.
Орындау ережесі: зерттелінушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі. Әр сұрақты мұқият оқып, оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның жауабы өзінің көзқарасынбілдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауаппарақтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты жөніжәне оқитынсыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.
Тест жүргізу барысында балаларға жауап парағы таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын ала төменде көрсетілгенүлгі бойыншажауап парақтары даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керектігі түсіндіріледі. Жауптарды “ия” немесе “жоқ” деп беругенемесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса “+” келіспейтін болса “-“белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп, балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
Сауалнама.
- Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым қатынас жасау сізге қиын ба?
- Мұғалімнің сіздің материалды қаншалықты меңгергеніңіздітексеремін деген кезде қобалжисыз ба?
- Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?
- Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?
- Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрып соққан кезі болды ма?
- Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтінкезіңіз жиі болды ма?
- Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?
- Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақүстінде өз ойыңызды жеткізуге қорқатын кезіңіз болған ба?
- Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?
- Әр түрлі ойын ойнағанда біргеи оқитын балалар сізді мазақтайды ма?
- Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болдыма?
- Екінші жылы мыныбымда қаламын дегенойсізді қобалжытады ма?
- Өөзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген ойментаңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?
- Тақтаға шығарған да әзілдесетін кезіңіз болды ма?
- Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздыңбіреуінің де істегісі келмейтінін сездіңіз бе?
- Тапсырмаын орындау алдында қатты қобалжисыз ба?
- Ата анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?
- Сыныпта есеңгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?
- Жауап берген кезде қателессеңізжолдастарыңыз күледі ме?
- Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?
- Тапсырманы орындап болғаннан слңоны дұрыс орындадым деп қобалжисыз ба?
- Сыныпта тапсырманы орындау барысындабарлық орындау жолдары есімде сақтаймын дегенсеніміңіз күштіме?
- Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?
- Сыныптастарыңыздың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?
- Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардыңсалыстырғанын білсеңіз ынталанып жасайсыз ба?
- Жауап беріп жатқанда азырақ қобалжуды ббайқайсыз ба?
- Кейде айтыс тартысқа түсуге қорқасыз ба?
- Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексереміндегенге жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?
- Сізге жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішіндегікейбіреулері жағымпазданып баға алды деп ойлайдыма?
- Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?
- Сыныптағы балалар сізге тиістіріпсөйлейтін кездері болады ма?
- оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге дегенықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?
- Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы распа?
- Ерсі көрініпқаламын депжиі қымсынасыз ба?
- Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-ан,аларыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?
- Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?
- Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізджі қобалжытады ма?
- Бұрынғыға қарағанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызғаүміттенесіз ба?
- Сіз мектептегіжолдастарыңыздай жақсы киінеміндеп ойлайсыз ба ?
- Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?
- Сыныпта жақсы оқитын баланң басқалардан ерекше құқығы бар ма?
- Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңізолар сізге ашуланады ма?
- Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасынаризасыз ба?
- Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?
- сыныптастар сіздің қабілетіңізді тәртібіңізді күлкіге көтередіме?
- Басқа балаларға қарағанда қобалжығышпын деп ойлайсыз ба?
- Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?
- Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді тынышсыздандырады ма?
- Күнделікті тапсырманы орындау барысындабұрын жақсы білгендеріңіздімүлдемсұмытқаныңызды сезесіз бе?
- Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болды ма?
- Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданып, қобаолжығаныңызды сезесіз бе?
- Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?
- Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорқасыз ба?
- Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсенібасқалар түгел орындағаны кіреді ме?
- Мұғалімнің түсіндіргенін басқаларсізден жақсы түсінген,інсезесіз бе?
- мектепкебара жатқанда бүгінтексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазавсыздандырады ма?
- Тапсырмангы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?
- Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырмангы орындау барысындақолыңыз аздап дірілдейді ме?