«Қызыл-қара кесте» тестінің модификациясы

зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аудару қажетті уақытты анықтау және осы процесті дамыту.

Бұл әдістеменің екі модификациясы қолданылады. Біріншісінде сандар қара және қызыл болып жазылған.

Ал екінші модификациясында қызыл санның орнына шеңбердің ішінде жазылған сандар қолданылады. Келтірілген кестенің «А» варианты 5-10 жас аралығындағы балалар зейінін өлшеуге және дамытуға қолданылады., «Б» варианты 11 жастан бастап үлкендерге дейін барлық жас кезеңдеріне арналған. Бұл кесте модификацияларьш психолог үлгі бойынша өзі жасап алуына болады. Кесте размері және түр-түсі берілген үлгіге сай болуға тиісті (кесте үлгісі 2-суретте берілген).

  1. Орындау ережесі. Бұл тестің зейін аудару уақытын өлшеумен

ззззззз

 

осы процесті дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан оны көрсетілген ретімен үш кезеңде орындатқан дұрыс болады.

1-ші кезең. ПІеңбер ішіндегі сандарды тез, ретімен тауып, оларды дауыстап оқып жөне көрсетіп беру.

2-ші кезең. Шеңберсіз сандарды тез, ретімен, дауыстап оқып, оларды тауып беру.

3-ші кезең. Бір санынан бастап шеңберсіз және шеңбер ішіңдегі сандарды кезегімен атап, олардың кестеде орналасқан жерін көрсетіп беру. Мысалы: «бір-бір шеңберлі, екі-екі шеңберді т.с.с.» Әр тапсырманы орындауға жіберілген «уақыт секундомермен есептелінеді.

  1. Баеалау шкаласы:

1-ші және 2-ші кезендегі тапсырманы орындауға жұмсалған уақытпен 3-шісіне кеткен уакыттың айырмашылығы зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аударуға қажет уақытты көрсетсді.

1, 2-тапсырма — 55 секундта орындалса — жақсы; 3-тапсырма — 90 секунд — жақсы; Көрсетілгеннен көп уақыт — орта жөне төмен деп бағаланады.

Жаттығуды 1-2 күнен кейін қайта орындату қажет. Бала бірнеше рет орындағаннан кейін темен нәтиже көрсетсе оның денсаулығы немесе психологиялық жағдайы нашар болып жүргенннің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ол баланы жеке диагностикалап, жаттығудың дамытулық әсеріне не бөгет болып тұрғанын анықтап алу керек және түзету шараларын қолдану қажет.