баланың ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау.
Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.
Мысалы: көйлек, тон, шалбар, етік, бөрік, күрте. Осы аталғандарды бір сөбен қалай айтуға болады?
Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс.
Тапсырмалар
- Тәрелке, тостаған, қазан, шәйнек.
- Қыл қалам, фламастер, қалам, рушке.
- Алма, алмүрт, шие, шабдалы.
- Етік, галош, туфли, мәсі.
- Қауын, дарбыз, қияр, помидор.
- Қайың, қарағай, тал, емен.
- Үстел, керует, шкаф, кітап сөрелері.
- Өрік, жүзім, алхор, анар.
- Орамал, бөрік, тақия, малахай.
- Әмір, Уалихан, Жәнібек, Үлан.
- Е.Е.Кравцовтың «Кім үлкен» әдістемесі.
Мақсаты: балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтау.
Психолог балаларға ауызша тапсырмаларды оқып береді. Мысалы: қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Ең үлкені қандай аң болды? Қоян ба, аю ма? Салыстырмалы тапсырмаларда қисынсыздықтар жиі кездесетін сөйлемдер болуға тиіс. Оларды психолог алдын ала тауып немесе өзі жасап, жазып алады.
Тапсырмалар оқылғанда кездескен қисынсыздықтарды бала тауып, дұрыс салыстырма қандай болуы керек екенін айтып беруі керек. Қисынсыздықтарды түгел табылса, баланың ойлау олерациялары дұрыс қалыптасып келе жатыр, деп айтуға болады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, онымен түзету-дамыту жүмысын жүргізу керек. Дамыту жаттығулары ретінде алдын-ала даярланған сөйлемдерді алып, оларды баламен бірге талдау керек. Салыстырмалы талдаудың ойлау процесін дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан мұндай жаттығуды бірнеше рет қайталап орындату артық болмайды.