Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.

«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» тұжырымдамасында: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты философиясы болмақ.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер — оның бөлігі ғана» — деп көрсткен В.Беспалько.

Технология — қандай даболсыністе,өнердеқолданылатынтәсілдердіңжиынтығы;

Технология — бұл өнер,шеберлік,ептілік,өңдеутәсілдерініңжиынтығы,қалыптыөзгерту;

Педагогикалықтехнология — оқупроцесін іскеасырудыңмағыналытехнологиясы;

Педагогикалықтехнология—оқытудыңжоспарлынәтижесі,процесін суреттеу және педагогикалықтехнология—педагогикалық мақсатқажетуүшінқолданылатынбарлық жекетұлғалық,құралдық, әдістемеліктәсілдердіңжүйеліжиынтығыменретіндежұмысістеу.

Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет түрлерін, екіншісі «ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі іп-в, nо-vis –жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен.

С. И Ожегов сөздігі бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық» -делінген.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық.

«Ғылымның қайнар көзі» — Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: XIX- XX ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейдді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіске өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

«Инновация» деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен еуропалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Майлс пікірі бойынша: «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз», — деген.

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрылымына матералдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгертуіне біріктіретін үлкен өзгеріс», — деп түсінеді екен.

Найхоф инновацияны үрдіс деп есептейді де «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтанушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», — дейді.

Инновация ұғымының негізін салуға үлес қосқан неміс ғылымдары В.Замбарт, Метчемек және австриялық экономист И.Шумбертті атауға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саяси экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданылған.

Кейіннен «ииновация» ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.

1957-1964 ж он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

1) Ағылшын ғалымдардың пайдаланушы, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтерудің ұйымдастырушыларда,

2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әр дайым жаңалықты басқарушы ретінде іс- әрекет жасауы тиіс», — дейді.

3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердегі де педагогтары қарастырады.

90- шы жылдардың бас кезінде орыс ғылымдары Днепров В.И Загвязинский, еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарту іс — әрекеті деп санайды.

М. М. Поташник, А.С. Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдіс деп санайды.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған Н.Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мемлекетінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және тартуға байланысты бір бөлек қызметі».

Инновациялық негізінен құраушы ұғымдарының – «инновация» «нововедение», «новшества», «новое», т.б. қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институт ғалымдары болып табылады.

Республикамызда соңғы жылдары окыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс», немесе педагогикалік жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

«Инноватика» ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөлуге болады:

  1. Ұйымдастырудагы жаңалықтар;

2.Технологиялардагы жаңалықтар;

3.Оқулықтар мен багдарламалардың өзгерудегі жаңалықтар.

Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық жаңалықтардың 3 мүмкін түрін бөліп қарайды:

  1. Жаңалық ретінде бүрын еш жерде, еш уакытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.
  2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
  3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Енді педагогикалық технология терминнің мәнін ашайық. Ғалымдардың пікірін мына кесте түрінде беріп отырмыз:

1-ші кесте. Инновациялық технологиялардың жіктелуі

Р/№ Ғалымдар Технологиялар Жіктелуі
1. В. Л. Беспалько Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба Түлғаны қалып тастыруға ықпал ететін арнайы йымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-төсілдер
2. М.Чошанов Дидактикалық жүйенің қүрамдас, процессуалдық бөлігі Дидактикада қолданыла тын әдіс-тәсілдер
3. В. М. Монахов Оқыту процесін жобалау, үйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі Арнайы құрастырыла тын модель
4. Б. Т. Лихачев Арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы Арнайы лайықталған әдістер, амалдар
5. П. К. Селевко -Қолдану деңгейіне қарай; жалпыпедагогикалық,
пәндік, жеке әдісте мелік, модульдік;
— Философиялық негізіне қарай; материалистік, идеалис тік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті,
ғылыми,прагматикалық
    Психикалық дамудың жетекші факторына қарай биогендік, социогендік, психогендік
    Ғылыми тужырымдамасына қарай ассоциативті-рефлектор лық, биховиристік, гештальт технология, дамытушылық
    Тұлгалық құрылымдарға бағыштылығына қарай ақпараттық, әрекет тік,сезімдік, эвристи калық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы
    Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты,технократтық және гумандық

Жаңа технологияларды төмендегідей кесте ретінде беруге болады:

2-кесте

Осы технологиялар ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын ерекше беруге болады:

3-кесте

Практикалық іс-әрекетте болу
басқаларды тыңдай білу
Білім іскерлік дағдыны қалыптастыру

Өз тәжірибеме тоқталсам, дәріс беру кезеңде мен төмендегідей технологияларды қолданамын:

1.Модульдік технология

«Жалпы педагогика»пәні бойынша тақырыптарды осы технологияны негізге алып, модульдерге бөлемін:

1-ші модуль.Педагогиканың теоретикалық-әдіснамалық негізі;

2-ші модуль. Біртұтас педагогикалық урдістің теориясы мен тәжірибесі;

3-ші модуль. Мектептің біртұтас педагогикалық урдісін басқару.

2.Шаталовтың схемалық технологиясы.

«Оқыту әдістері» лекцияда төмендегі схемалар арқылы студенттерге әдістердің жіктелуін түсіндіруге болады.

Оқыту әдістері

Мұғалімнің оқыту әдістері Оқушылардың жұмыс әдістері.
1.әңгімелесу

2.түсіндіру

3.пікірлесу

1.жаттығу

2.өзіндік жұмыс

Оқыту әдістерін дәстүрлі жіктеу ертедегі философтар педагогикалық жүйеден бастау алады.

Әдістер

Сөздік әдіс Көрнекілік әдіс Практикалық әдіс Бейнетаспа әдіс Кітаппен жұмыс әдісі
Түсіндіру әңгімелесу әңгіме пікірлесу нұсқау пікірталас пікірсайыс лекция Көрсету иллюстрация оқушылардың бақылауы Тәжірибе, зертханалық жұмыс, графиктік жұмыстар, практикалық жұмыстар Көру, оқыту, электронды мұғалім бақылаушымен жаттығу, бақылау. Оқу,жаттығу, баяндау, гллосарий жа-сау, термин-дерді талдау, конспектілеу, қайталау, шолу, түсініктемелер

Білім алу көздері бойынша оқыту әдістері

Сөздік әдіс Көрнекілік әдіс Практикалық әдіс
Түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, нұсқау, пікірталас пікірсайыс Демонстрациялау (көрсету), иллюстрация, оқушылардың бақылауы «с-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек

Оқыту әдістері

Сабақ беру әдістері Білім беру әдістері
Ақпараттық хабарлаушы,

Түсіндіруші, нұсқаулық-парктикалық, түсіндіруші-баяндаушы

Орындаушы, репродуктивті, өнімді практикалау, ізденіс
  1. «Проблемалық оқыту технологиясы».

Проблемалық оқыту өзіне тән үш түрлі формаларды іске асырылады:

  • проблемалы баяндау;
  • студенттердің біршама ізденуі;
  • өздігінен зерттеуі.

Проблемалық оқыту студенттердің таным әрекетінің негізгі үш кезеңнен тұрады:

  • проблемалық міндет қою және ұғыну;

2) проблемалық міндетті талдау, болжамдар жасау, оны шешудің тиімді амалдарын қалыптастыру;

  • проблеманы шешу, оның дұрыстығын анықтау.

Сонымен, білім жүйесіндегі иновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолдануға жоғары оқу орындарының тәжірбиелік қорын жинайды. Жоғары мектептің ұстанымдарын жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненнтерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.