Зейіннің бөлінуі. Зейіннің шоғырлануы. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы.
- Зейіннін көлемі — адамның бір көргенде — ақ қабылдаған нәрселерінің
саны. Зейіннің көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Зейін көлемін анықтау үшін
уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар мен әр
түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын көрсетіп отыр. Мектепте оқушыларға
әсіреше бастауыш сынып оқушыларына бір мезгілде сан жөнінде, сапа
жөнінде де белгілі бір зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. - Зейіннін бөлінуі — адам санасының белгілі бір мезгілде бірнеше әрекетті
аткара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінуі дейміз. Мыс: оқушылар
өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушылардың
тақтаға шығарган есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б.
Студенттер бір мезгілде лекция тыңдайды әрі түсінігін жазфп отырады. - Зейіннін шоғырлануы — адам санасының белгілі бір объектіге ерекше
бағытталады. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
шоғырлауы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетгі дәл және ойдағыдай
орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. - Зейшнін түрактылығы — адамның зейіні бір объектіге немесе бір
жұмысқа үзағырақ түрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейміз. - Зейіннің ауысуы — оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін
айтамыз.
ЗейінніңфизиологиялықнегіздерінИ. П. Павлов ашқан жүйке процестерініңөзара индукция заңына байланыстытүсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелупроцестері пайда болатындығынайтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында кошті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы)
Зейінніңфизиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсеретюді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атанған. Мидың осы кошті қозғыш алабы қалған алапат арадағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың кошті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамғакейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, салат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені,жоғарыда айтылғандай, мидағы басынқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болван қозуларды өзіне тартып Альп, солардың есебінен күшейіпиотырады. А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатынфизиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.