Ұлт психологиясы-этнопсихологияның негізгі мәселесі

Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі түрғысынан баяндау-барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.

Мүнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дөстүр, салт-сана, өдет-ғүрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. төрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез-күлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология- психика мен мінез-қүлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін үлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дөуірдің жемісі. Халықтық психология — адамдардың қоғамдық және жеке тежірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бүл — адам мінез-қүлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне төн психикасы жөнінде біршама менді мағлүматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дөстүр, салт, өдет — ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда болды. қазақ топырағында бүл мөселемен көбірек айналысқан Шоқан Уөлиханов еді. Оның еңбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалык этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дөстүр, салт, т.б.) сан алуан.

Бұл — өте күрделі, өлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».’09)

Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның өлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мөдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-төрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бүлар жас адамның жүртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мөн-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылыгын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, қүдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.)-

Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, кұбылмалы табиғат жагдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас ескін ақынның сезін, жыраудың жырын, өншінің әні мен өуенін қалт жібермей тындап, ел аузындағы үтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сактап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру-тұрмыстық дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «Өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жұрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мүндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортак, мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін, түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулык одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі түрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындыры еске алынды. Мәселен, көшпелі халық кыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сүлулық пен іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды.

Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріл жатқан терең саяси-экономикалық өзгерістер халкымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен өдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бұкіл болмыс-бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері — қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана төн біртүтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы өдет-ғұрпымен салт-дәстүр, жөн-жосық, жол -жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бөз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айрылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.

Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндагы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамга деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен, куғын-сүргінге үшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер үрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дүшпанның кабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық-біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыдың ұлттық мақтанышы.

«Бүрынғы уақытта- деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; — қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен”- дейді.

Қазақ халқы сонау есте жоқ ескі заманнан өзінің қадыр-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандырып келген ел. Сондықтан да қазіргі үрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас ұрпақтар осы рухта тәрбиеленулері тиіс.