И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты.
Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады,жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып — білу оңай емес. Дегенмен де адам темпераменті туралы мәліметтерді алуға болады. Мысал: адамныңжүрістұрысынжүйелітүрдесырттай бақылап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдамнебаяу екенін,денеқимылдарымен,бетәлпетінің қозғалыстарын жігерлі не жігерсіз екендігін, эмоциясы әлсіз не күшті, көңіл — күйінің тұрақты не тұрақсыз екенін байқауға болады.
Оқушы темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянын зерттеу, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез — құлқын таниды. Эксперементтік әдіс арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады.
Темперамент жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатындығы психологиялық ерекшелік. Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дүрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болады.
Темперамент ерекшеліктерінің, үнамды қасиетгерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез құлықтарының жағымды жақтарын қалыптастырып отыру ата — аналардың, үстаздармен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Тәлім — тәрбие істерінде бала бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізудің маңызы зор. Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақүстінде басында қадағалаған жөн. Сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Меланхоликке мұндайда үстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек.
Тәлім тәрбие ісінің басты мақсаты шәкірттердің темперамент типтерімен толық танысып, олардың үнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Темперамент типтерін тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізіп отырмаса болмайды.
Мысалы: тілі мен жағына сүйенген холериктерді тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнің асқан байсалдылығын талап етеді.
Ал меланхолик бала хәртіп бүзса ( мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспеиді.) оны жүрт алдында қызартып, үялту дүрыс емес. Мүндай баламен оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластыру қажет. Сангвиниктерді қатты бақылау қажет, өйткені олар жүмысқа жылдам, жүмылып кіріскендерімен жылдам суып қалатын балалар.
Әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, ол адамның жасына, білім мен тәжірибесіне, тәлім — тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп отыру қажет.
Мысал:Оқушының жасына қарай сабақ үлгерімін, тәртібін, басқа балалармен қарым — қатынасын, қоғам жұмысына қалай араласатындығын үнемі қадағалау, олардың ата — аналармен байланысын жасау, қатынастырып отыру қажет. « Темпераментгі тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек » ( М. Жүмабаев.)
Меланхоликтер мен флегматиктердің шамалы жетістіктері болса да атап өту керек. Егер ол екеуіне көңіл бөлмесе, өзі сылбыр, ұялшақ ақырын қимылдайтын бала жалқау, салақ балаға айналып, кетеді. Сол үшін баланы жайбарақаттыкка салындырмай, үлкендердің өзі үлгі көрсетіп, шамалы кемшіліктері болсада түзету жасап отыру қажет.
Ал холериктердің қайрат – күшін, шапшаңдығын, тиімді іске пайдалана білуге бағыттап, тыныш ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйрету керек. Сангвиниктерді асықпай жұмыс істеп, бастаған ісін тиянақты аяқтауға бағыттау керек.
Меланхоликтер үнемі көңіл аударғанды, мейрімділікті, жылы үнмен сөйлегенді ұнатады. Бұлар жүйке процесінің әлсіздігінен тез шаршайды. Олардың үялшақтығын, қорқақтығын ескеріп, белсенділікке, батылдыкка тәрбиелеп, мейірімділікпен сөйлеп, іс әрекетін қолдап, мадақтап отырғанды жақсы көреді.