ОРТАҚТАСУДЫҢ ИНТЕРАКЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Ортақтасудың интеракциялық жағы — бүл адамдардын қарым-катынасынын белсенді жағын білдіретін шартты үғым.

Ортақтасу барысында адамдар ақпарат алмасып кана, озара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, кимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын аныктайды. Бұ әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім озінің үлесін косуын талап етеді. Бірлескен әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекетті үйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Уйымдастыру мен жоспарлауда жеке адам басында пісіп жетілген ойлардың басқаларды әрекетке жұмылдырудағы рөлі зор.

Ендеше, сөз болатын жайт — ортақтасу серіктерінін ішкі мақсаттары, ортақтасуға қай мотивпен катысатыны, әрекеттің турлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны.

Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттмасы

Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат түтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:

  • кооперация, жалпы үтысты көбейту,
  • индивидуализм, өз үтысын көбейту,
  • конкуренция, салыстырмалы үтысты көбейту.
  • альтруизм, өзгенің үтысын көбейту,
  • агрессия, өзгенін үтысын азайту,
  • тепетендік, үтыстардың айырмашылықтарын азайту.

Осы кестеге әлеуметгік өзара әрекетке түрткі болатын мотивтің барлыгын енгізе аламыз. Ортақтасудың құралдары, нәтижелері, адамдардың қатынастары қатысушылардың мотивтерінің сипатына тәуелді.

Максатына қарай тиімді жөне тиімсіз ортақтасуды ажыратуға болады. Адамдардың максаттары сәйкес келген жагдайда ортактасу нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мотивтер индивидуализм және агрессия, ортақтасу серігінің қызығушылығы мұлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары коздырылады.

Ортақтасуға катысушылардың бастапқы әлеуметгік мотивтеріне карай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын бслгілеуге болады.

  • Қарсыласу стратегиясы, ез үтысын көбейту мотивіне сәйкес.
    Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. «Саған емес, маған».
  • Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес.
    Шынайы езара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің
    ұтысын азайту үшін өзінін де мақсатына жетпеу. «Саған де емес,
    маған да емес».
  • Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес.
    Ортақтасу серігімаксатынажетуіушінөзмақсатын
    құбандықка салу. «Саған, маған емес».
  • Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын
    азайту мотивін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін ортактасу
    серіктері өз максаттарына толық жетпейді. «Саған қанша болса,
    маған да сонша».
  • Ынтымақтастык. стратегиясы, кооперация мен бәсскелестік
    мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке катысушылардың
    әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. «Барлығы саған да,
    маған да».

Соңғы аталған стратегия өзара әрекеттің тиімділігі, қатысушылардын, көңіл-күйі мен өзара қатынастары жағынан ең, нәтижелі болып келеді. Сонымен қатар, бұл стратегия орындалуы жағынан ең қиыны. Ол қатысушылардан психологиялық біліктілікті, ұнамды психологиялык, жағдайды, өзара түсінушілікті, өзгенің ниеттеріне қүрметті талап етеді. Адамдарды ынтымактастык, тәртіпке үйретудің ең тиімді жолы — әлеуметтік-психологиялык машықтар (тренингтер).

Ынтымақтастык — педагогикалық ықпал етудің де тиімді стратегиясы. Бұл жағдайда мүғалім баланы білім алуда өз мақсаты бар адам ретінде қарастырады. Өз мақсатынан бас тартпай тұрып мүғалім баланың тұлғасын зорламай, бағындырмай, өз максатына баулап алғаны жөн, Ынтымақтастык, стратегиясы үстаздың сөзінен де, іс-әрекетінен де, ым-ишарасынан да көрініп тұруы керек. Шәкіртке сүрақ қойғанда, жауап алғанда, өз сезімдерін білдіргенде мұғалімнің ішкі ұстанымы — шәкіртгін көзқарастарын, тілектерін қүрметпен қабылдауы айдан анык болуы шарт.

Түлғааралык, өзара әрекетгің құрылымы

Ортақтасу серіктерінің өзара әрекет алмасуының қай жақтары маңызды, қай жақтары қосымша роль атқарады? Ортақтасудың интеракциялық жағын зерттеген ғалым Р. Бейлс оны сипаттаудың сызбасын жасаған. Оның пікірінше, түлғааралық өзара әрекетті 4 категория арқылы сипаттауға болады.

А. Мүгалімнін әрекеті

  1. Оқушының қатынасын, сезімдерінің көрінісін қабылдап,өзінің қатынасын жай түрде түсіндіреді.
  2. Оқушының әрекетін, тәртібін қолдайды.
  3. Оқушының ойларын дамытады.
  4. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің идеяларына
    негізделген сұрақтарды қояды.
  5. Өз идеяларын түсіндіреді, дамытады.
  6. Оқушы орындауға тиіс болатын бұйрықтарды, нусқауларды
    береді.
  7. Окушыны дауыс көтеріп сынайды, әміршіл стильді
    пайдаланады.

Ә. Шәкірттің әрекеті

  1. Тек қана оқытушының сұрағына жауап қайтарады, өзінің пікірін білдіруі шектелген.
  2. Озінің идеяларын,сұрактарын,үсыныстарынашык,
    біддірсді, өз ойларын еркін дамыта алады.

Өзара әрекет жағдаяты

  1. Өзара әрекетке қатысушылардың бақылаушыға түсініксіз үндемеуі.