Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.
Топтардың мынандай түрлері бар.
- Шағын топ
- Бастапқы топ
- Шартты топ
- Нақты топ
- Фермалды топ
- Фермалды емес топ
- Референт тобы
Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен қарым – қатынаста болатын, ортақ мақсатқа ұмтылатын адамдарды шағын топ дейміз. Бұл топқа кіретін адамдар бірін – бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндет болса біріне – бірі көмектеседі. Кіші топ мүшелерінің саны2- адамнан аз болмайды және30-40 адамнан аспайды.
Мыс: Отбасының құрамы, өнеркәсіп саласындағы өндірістік бригада, қожалық шаруашылығы, фермерлер, мектеп класы, космос кораблінің экипажы, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі. Топ мүшелері кез–келген адаммен өз қалауынша қатынас жасайды. бірақ, топ мүшесі топтың барлық мүшесімен емес біреуін жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл бастауыш топ болып саналады. Мұндай топ мүшелерінің саны2 – 7 адамдардан аспайды.
Шартты топ – Адамдардың тек қағаз жүзінде бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.
Мыс: спорт тақырыбына жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларынан команда құрады, ол шартты түрде бар деп есептеледі.
Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі.
Нақты топ қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді болуы жәнеадамдардың саны аз не көп болып келуі мүмкін.
Формалды топ – бұйрық жарлықпен кестесі,устав т.б. ресми құжаттар негізінде құрылады. Мыс:жоғарғы оқу орындарындағы студенттер тобы , мұғалімдер мен қызметшілер т.б.
Бұл топ арасында психологиялық жақындық (ұнату, сыйласу, достасу) болады. Керісінше (ұнатпау, сыйламау, менсінбеу,жауласу) да болуы мүмкін.
Формалды емес топ – ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жеке адамдардың білгірлігін, беделін тану сияқты психологиялық мотив тер бірлігі негізінде туады.
Мыс: бірлесіп балық аулау, аңшылық құру. Бұл топтарды бірін-біріұнату бауыр басу нығайта түседі. Бұл қасиеттер жоғалса топ сөзсіз ыдырайды.
Референттобы – қиялдағы топты айт. Мысалы:адам бір топтың мүшесі бола отырып 2-ші топты қастерлеп, жеткіншек қадір тұтады. Мыс: жеткіншек жағдайда класс оқушыларына тек ересектердің тобынамүше болуға тырысады, қызығады. Егер бұған қолы жетпесе онда, ересектердің мінез құлқына еліктеуі.
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы – ұжым.Ұжым – ол қоғамға пайдалы, ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Жеке адам ұжымнан бөлек болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Жеке адам ұжым арқылы басқа ұжым мен және қоғаммен байланыста болады. Ұжым – қоғамның бір бөлігі болғандықтан – ол сол қоғамныңсаяси, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін, идеяларын бойына дарытады. Сондықтанда жеке адам да бұл идеяларды қабылдап, өз ісінде және мінез – құлқында он басшылыққа алады. Жеке адам материялдық дүниемен қарым – қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез – құлқын, қадір – қасиетін қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық тәжірибені де өз бойына жинақтайды.
Жеке адам мен ұжым арасындағы қарым – қатынас алуан түрлі болып келеді, соның ішінде ерекше көрінетін мынандай екі жағын (бар) бөліп алуға болады.
- Ұжымның жеке адамға ықпалы.
- Жеке адамның ұжымға ықпалы.
Ал ұжымның жеке адамға ықпалына келетін болсақ, ұжым жеке адамды тәрбиелеп жан – жақты дамытып шығаруға қабілетті. Ұжым жеке адамды қалыптастырып қана қоймайды, ол сондай ақ жеке адамды қайта тәрбиелеуге, оның сенімін моральдық көзқарасын, мінезін өзгертуге де қабілетті.
Ұжымның ықпалымен қайта тәрбиелеу жеке адамның өзін — өзі байта тәрбиелеуінен әлде қайда тез, әрі жеңіл болады.
2). Жеке адамның ұжымға ықпалына келсек; оның жеке басының қасиеттері көбірек әсер етюді.(ақылы, мінезі, қабілеті т.б.).
Адам неғұрлым рухани бай болса, солғұрлым оның беделі де ұжымда жоғары болады. Ал жеке адам өзін ұжымнан жоғары қоюға және әсіресе қарсы келуге тырысса, оның ұжымда ықпалы төмендейді.
Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі:1)Іскерлік
2)Жеке
қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.
2-сіұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.
Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологыДж.Марено.
Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.
Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.
Ол2-ге бөлінеді
- Күшті
- Осал
Сол сияқты шағын топтағы адамдардың қарым – қатынасын зерттеу үшін әлеуметтік өлшем әдісті де ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағым ұжымдардың жетекшілері, өндірістік – кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр түрлі, басты мақсаты – топ ішіндегілердің тілегі мен мүддесін анықтау топтардағы адамдардың қатынасын:
1) Матрица – кесте
2) Социограмма
3) Графикалық кестелер арқылы анықтауға болады.
Топ – адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі.
Ұжым – қоғамға пайдалы қызмет көрсете алатын, ортақ мақсат үшін жұмыла еңбек ететін, өте ұйымшыл, ынтымақты, психологиялық тұрғыдан құрыштай берік адамдартобы.