Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріскүштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамныңтәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді.
Ертедегі Қытай медицинасында (ХІІІ ғ) денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ол адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психологиялық қызметінде реттеп отырады. Мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасады.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгіорганы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады.
Б.ғ.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктердіметофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланылады. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді.
Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық — діниой -пікірәйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.
Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше“адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын-сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты.
- Ежелгі психология.
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан-алуан іс-әрекеттерінен,бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғымтүсініктерде адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит олсол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды.
Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардыңшығармаларында өзіндік орнын тапты.
Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды.
3.Орта ғасырдағыжан туралы ілім.
Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” – деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.Алайда VІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданыпжаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.
VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып,араб тілі мемлекеттік тілге айналды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл еңбектер барлық елдерге (Азия, Үндістан, Пириней) түбегіне дейін ғалым-ғұламалардың ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, ӘбуНасыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Иранның ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым.
Оның бірнеше еңбектері бар.
- Ізгі қала тұрғындары.
- Азамазаттық саясат.
- Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б.
Аристотельдің “Жан туралыеңбегі бар. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде “Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды” — деген ғылыми пайым жасайды.
4.XVIII – ғасырдағы психологиядағыэмпиризм мен ассоцианизм.
ХІХ – ғасырдың бірінші жартысындағы психология.
XVIII- ғасырда психология ғылымында айтарлықтайөрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің зерттеулері оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырады.
Ойланудың дамуына ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы тани білудегі тәжірибеніңжаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қалады. Осы бағытты қолданушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп,түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, алтүрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші, кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті.
Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.
Ассоциативтік психология
Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 ж.ж). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы ассоциацияныңкеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.
Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XІХ – ғасырдың бірінші жартысы – психиканыңдаму тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл кезеңде ассоциациялықбұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығаятүсті. Т..Браун, Джеймс Милль, Дж.Ст.Милль сияқты зерттеушілер қолдады