Қарым –қатынас . Адами ортақтасудың жалпы сипттамасы

Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.

 Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі:1)Іскерлік

2)Жеке

қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.

2-сіұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.

Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологыДж.Марено.

Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.

Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.

Ол2-ге бөлінеді

  • Күшті
  • Осал

 Сол сияқты шағын топтағы адамдардың қарым – қатынасын зерттеу үшін әлеуметтік өлшем әдісті де ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағым ұжымдардың жетекшілері, өндірістік – кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр түрлі, басты мақсаты – топ ішіндегілердің тілегі мен мүддесін анықтау топтардағы адамдардың қатынасын:

1) Матрица – кесте

2) Социограмма

3) Графикалық кестелер арқылы анықтауға болады.

  1. ортақтасу –қарым-қатынасы психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Ортақтасу формалары

  1. Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
  2. Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.
  3. Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:

қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірініңерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

  1. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактары.

Мысалы: стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар — жанамаортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

6.Персонааралық ортақтасу — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).

  1. Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-көрші, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерде байланысты қоғамда өз орын табады. Сол рөлдерде орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізіледі.

Ортақтасу барысында адамдарөзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көсеттеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқалары, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өзі бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғы шарттары, негізі.

Сонымен, ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешілігі қалыптасады, адам тек қана— ортақтасу арқылы адам болады (джунглиде өсіп адам болған Маугли-қияли оқиға, ертегі);

  • ортақтасу үрдісінде өзге үшін, өз үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);
  • ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді 1 Байланыстыру- прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарте болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарына құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегіоқиға тегін емес.
  1. Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде ара-қатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көз қарастары үлкен адамдар мен жасаған арақатынасынатәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, “Зита-Гита” үнді кинофильміндеегіз қыздар әртүрлі ореада өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды.Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой өрісі өспейді. Балаларүйінде өскен жас өспірімдердің ой өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірлері туған – туысқан дарымен, жақсы көрген адамдарымен ортақтасуда өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлық насихаттарын, ойларын, көзқарастарынөз бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Баламен ересек адамның арақатынасына тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл-неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тезденөткізіп қабылдайды.
  2. Растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшінауыр жазаның бірі-жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау,басқалардың назарынан тыс қалу. “Сен жамансың”, “Сенікі дұрыс емес”, деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері “Сен бұл жердежоқсың”, “Сен өмір сүрмейсің”. Осы әдістіА.Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді, көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесіне “сен жақсы”, “сенбіз үшін барсың” деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, “растау терапиясына” толы: Танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құттықтау менізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел екендігі сөзсіз.
  3. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен, сан қилы қатынастар тұлғалықтаніскерлікке дейін жасау кезіндеадамдар бірін-бірі бағалап, бір імен-бірі не жағымды симпатия , ұнату, не жағымсыз (антипатия, ұнатпау ) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастар мен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
  4. Тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуда адам ойлауының әмбебап тәсілдері болады. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақтасудың қызметін сақтап қалады.

Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе-тұлғааралық тікелей ортақтасу.

Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қос үн, қоссөз, қос тіл).

Императивтік немесе әміршіл ортақтасу — өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс- әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! Әкел!). сонымен, әміршіл ортақтасу — басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күштеп бағдарлау. Қоғамдық қарым-қатынастарда иперативтік ортақтасудың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, злізала, операция кезіндегі қатынастар. осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.

Сонымен қатар мұндай ортақтақтасуды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен ортақтасудың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогка саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тим көмегімен ұстаздармен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы болаалмайды.

Маникуляция,алдап — арбауортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу түрі, ортақтасу партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс — әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнерін нысана ретінде қарастырады.

Манипуляциялық ортақтасубасқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс -әрекетке баулу.

Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ой мен бойын билу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жариялан – байды, жасырылады не ауыстырылады.

Алдап – арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады.

Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.

Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейрімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі бір тұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік.

Диалог ортақтасуы. Бұл – тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты — өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект- субъект қатынасы.

Диалог ортақтасуының ережелері:

  1. Сұхпаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, “осы жерде – осы сәтте” қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
  2. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын – ала оның ниеттеріне сену, біріне – бірі сенімділік білдіру.
  3. Сер ікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
  4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтасу мазмұнын мәселелендіру).
  5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет.(персоналандыру).

Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз — өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар жәнеқатысушылардың ішкі дайындығы керек. Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек?

Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар (“Кешір мен онша түсінбей тұрмын”, ”Мен дұрыс түсінсем…”). Кейінгіге қалдырмай (“бұл келесі сабақтың тақырыбы”) міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.

Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де болмайды.

Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме – дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жадай жасау қажет.

Ортақтасу — өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.

Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі, он шартты түрде үш жата бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естеншығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын прогцесс.

Комуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

Интеракция— тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Перцепция-адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастар.