Адам санасынын пайда болуымен алғы шарттары

Сана-психика дамуының жоғарғы сатысы.

Санаадамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.

Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.

Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.

Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдықжүйе қалыптасты.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардыңдерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.

Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.

Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.

Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.

Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.

Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырыпшешуді және басқаруды қажет қылады. Жануарлар тобына еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналады. Табында көрсетілетін болмашы өзара көмек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғанпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-юірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана да жасалады. Сөйтіп, өндіріс пройесінде әр түрлі процесінде ассоциацияларды қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар болады. Адам өз өмірінің жалғасып келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендепотырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастыды және осыдан сщң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделеді.

Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жасаудан бастап табиғат ерекшеліктерін: материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жинап салады. Сонымен, еңбекте сыртқы сыртқы дүниенітану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалаптасады.

Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде өзі жасап жатқа және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек оператцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және тек қана еңбек орган болыпқалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құалға айналады. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынынкөріп тағ-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындылары дүниеге келтіріледі, ал музиканттығ қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынангөрі ойлау жағына әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуі тиісті проблемаларды үнемі қойып келді. Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызады.

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами береді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: “Еңбек дегеніміз алдамен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкерболады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды иемдену үшін алам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға кеолтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттері өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады”.

Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды.Тіпті ең қарапайым деген табиғиқажттіліктіңөзі адамға тән сипаталады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды , ендігі жерде әртүрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Олар сондай — ақтұратын мекен жайын , еңбек құралдарын тағыбасқалардыда жетілдіре түсті.

Адамның психикаглық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзіндік таңбасын қалдырып отырды.

Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі.

Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сөздің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап көрсеткен болатын. Сірә адамның ең бергіден ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғарғы дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгісе керек. Адам мен питекантроп, нендерталдық және крамоньондық миларының гпистен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сөйлеу және іс-ірекетпен байланысты, маңдайдың төменгі броздасынның алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатнас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплектері ендігі жерде заттарды, әрекеттердіжәне еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы ревалюция болады.

Сөйлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларды болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдан жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауына- өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз -сананың өзегі.