Жан мен тән. (Ми және психика)

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.

Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан мұның көлденең кесіндісі көбелектің пішініне ұқсас болып келеді.

Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды.

Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.

Мыс: Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмдерге туысынан тән.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.

Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.

Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.

Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.

Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.

Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы – деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады.

Ми қабығы 4бөлімге бөлінеді . Олар: Маңдай, самай, төбе, желке. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлық ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, иіс, дәм, қозғалыс т.б. анализаторлық жүйке орталықтары бар.

Мыс:Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есіту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.

Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.

Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

Рефлекс – латын сөзі қазақша –”бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Жануар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі.

Мыс: жарық түскенде көздің сығыраюы т.б.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп. атайды . Рефлекс доғасының бөліктері.

  • рецептор / сезім мүшесі.
  • өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) жүйкелер.

Рефлекс туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің “Ми рефлекстері” – деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі жүйкелік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.

Қозу — әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады.

И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз(яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі – шартты(өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу.

Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны аппаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі сөне тежелу. Ішкі тежелудің бір түрі – ажырату (дифференциалық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардыңарасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ішкі тежелу сондай ақ кешігу

ұйқы тежелуі болып та тармақталады.

ќосу керек

И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік( талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп береді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жасауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.

И.П. Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір – бірімен үнемі тығыз байланысты, екінші сигнал жүйесі адамның тарихидаму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.

Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсалуды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердіңжиынтығынан бірнеше рефлекстер туғызылса,(қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап рефлексінің бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П. Павлов динамикалық стереотип деп атаған.