СТО шағын комплектілі мектепте: табыстар мен талаптар

Шағын комплектілі мектептердің оқу процесін ұйымдастыру мәселесі қашанда өзекті. Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі мектептің төрттен үш бөлігін ауыл мектептері құраса, оның жартысы – шағын комплектілі. Сыныптардың аздығы, біріктірілген сынып-комплектілерінің әр жастағы топтарда оқуы, мұғалімнің бірнеше пәндерден сабақ беруі – осының бәрі жоғарыда аталған мектептің ерекшелігін көрсетеді. Шағын мектептерде ұстаздар ұжымы әр оқушының ғана емес, олардың ата-аналары мен туыстарын да жақсы таниды, сондықтан шағын комплектілі мектеп болашақтағы азаматтық қоғамымыздың ұлттық дәстүрі мен рухани ізгілігін сақтаған “мәдени орталығы” болып көрінеді.

Шағын комплектілі мектептің мұғалімі әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымын басқара отырып, оларды өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастырып, сондай-ақ сенімділік атмосферасын құрып, оқушылардың өзара сыйласымдылығын орнатып, ата-аналарды қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қызықтыра білуі керек. Әр түрлі деңгейдегі дайындықпен бір уақытта оқытылатын оқушылардың комплектілі – сынып ұжымы ұстаздан оқушының біліктілігі мен дағдысын, білім деңгейін дамытуды қамтамасыз ететін сабақты дұрыс ойланып, ұйымдастыруын талап етеді.

Осы жетістікке қалай қол жеткізу керек?

Кәсіптік жалғыздық пен бірнеше пәндерден сабақ беруді бастан кешіп жүрген шағын комплектілі мектептегі ауыл мұғалімдерінің еңбегін қалай жеңілдету керек?

Оның жақсы ұстаз, кәсіптік маман болуына кім көмек көрсетеді?

Оқушылардың білім сапасын қалай көтеру керек?

Шағын комплектілі мектептің білімге деген қызығушылығын қалай көтеріп, оларды сын тұрғысынан ойлауға, талдауға, дәлеледеуге, келіспеуге, өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруға қалай үйрету керек?

Міне, осы сұрақтар бізді қашанда толғандырып жүрді.Ауыл мұғалімдеріне,оның ішінде шағын комплектілі мектептерге оқу-әдістемелік көмектер – семинарлар, конференциялар, әдістемелік апталықтар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибелерімен алмасу сияқты жұмыстар алып барылуы керек. Дегенмен, бүгінде мұғалімнің кәсіптік жетілдіруі, сапалық дәрежесін жоғарылату, яғни шағын комплектілі мектептегі оқушының білім деңгейін көтеру, реформаланған оқыту жүйесінде ең өзекті мәселе болып отыр.

Мұғалімдерден сауал-сұрақ анкетасын жүргізгенде ең өзекті мәселелер мыналар болып отыр:

Оқушылардың дұрыс оқуын, сауатты жазуын қалыптастырып, сыни ойлау, талдау, дәлелдеу, салыстыру мен түйін шығара білу;

Оқушының сабақтағы белсенділігін ояту жолдары;

Әр түрлі жастан құралған шағын топтардағы балалармен жұмыс істеудің әдістері;

Оқушыларды сабаққа қозғаушы күш;

Шағын комплекьілі мектептерде сабақты жоспарлау.

Бұл сұрақтардың жауабын мұғалімдердің өздері-ақ Қазақстан Оқу Ассоциациясының “Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” атты халықаралық жобасы бойынша семинар өткен таба білді және мектептің оқу жүйесіне енгізді.

RWCT-ді қолданғанда мұғалімнің рөлі мүлде өзгерді. Ол оқушыға ең мықты білімнің кілтін ұстатады. Ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру.

Мұғалімдердің пікірі бойынша СТО стратегиялары сабаққа деген қызығушылықты оятады, білім сапасын көтереді, оқушыларды шығармашылық ойлауға үйретеді, дұрыс оқуға, талдауға, өз көзқарасын қалыптастыруға дағдыландырады.

Шағын комплектілі мектептің мұғалімдерінің сабақ мониторингі көрсеткендей, оқушылар тек белсенді жұмыс атқармайды, олар табысқа жеткеніне қуанады. Сабақтар өте қызықты, тартымды, оқушылар нағыз шығармашылықты сезінеБірақ, ең бастысы, оқушы ғана емес, мұғалімнің өзі өзгерді. Ұстаздардың белсенділігі мен шығармашылық оптимизмін, кәсіби өсуін ерекше атау керек. Алайда бұл нәтиже бірден бола қоймайды.

Әр оқушы өзінше талантты, ал мұғалімнің мақсаты – осы мүмкіндікті ашу. Бұған шығармашылық ойлау арқылы өз бетіндік жетілуге қозғау салатын RWCT бағдарламасы көмектеседі.

К.Д.Ушинский былай деп жазған: “Мұғалім өзі оқығанша өмір сүреді, ол оқығанын қойғанда, онымен бірге мұғалім де сөнеді”.