Педагогикалық бағыттылық және педагогтың сыртқы пішіні

  1. Педагогтың сыртқы келбеті туралы.

Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.

Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын,сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы -сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.

Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатыннақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, олардыпедагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.

  1. Эмоциялық жағдайды басқара білу.

Педагогикалық қызметті енді бастағандар үшін әдеттегідей кездесетін жағдайлар сипаты: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, тоқтап қалушылық. Ата-ананың, балалардың, мұғалімнің іс-әрекеті қадағала қарағанда, яғни әрекеті көзге түскенде, мұғалім ойының жүйелілігі бейнеленеді, оның дауыс аппаратының жағдайы, физикалық көңіл-күйі (аяқтары қалтырайды, қолы таяқ сияқтануы), психикалық жағдайы (күлкілі болу қорқынышы, икемсіз болып көрінуі). Қарым-қатынас кезінде эмоциялық көңіл күйді басқара білу, психофизикалық көңіл күйді жүзеге асыру, осының барлығы білім мен біліктілікті талап етеді.

Өзін-өзі басқара білу қабілеттілігін келесі тесті қолдану арқылы тексеруге болады.

Сіз барлық уақытта ұстамды және сабырлысыз ба?

Сіз үйде және аудиториядағы кезіңіздебарлық уақытта зейінді және зейінді бір жерге жинақтай аласыз ба?

Сіз өз эмоцияңызды басқара білесізбе?

Сіз барлық уақытта жолдастарыңызбен және туысқандарыңызбен қарым-қатынаста оларға көңіл бөлетін мейірімді жансыз ба?

Сіз оқылған материалды қиналмай, оңай меңгере аласыз ба?

Сізде “осы бір жаман әдеттен өзіме тиым салайыншы” деген кездеріңіз болған жоқ па?

Сізде қандай да бір жағдайда Сіз өзіңізді — өзіңіз ұнамсыз кейіпкер ретінде сезініп,аяп кеткен кездер болды ма?

“Иә” және “жоқ” деген жауаптардың санын алып, қорытынды жасаңыздар. Егер барлық жауаптар дұрыс, жағымды болса, онда бұл оның сабырлылығы туралы, еш нәрседен үрейленбейтіндігінен, өзін басқара алуға икемділігі бар екендігінен немесе өзін-өзі жоғары бағалайтындығы туралы мәлімет береді; егер жауаптар кейбір сұрақтарға немесе барлығына жағымсыз, нашар болса, онда бұлүрейленушілік, сенімсіздік, өзіне қанағаттанбаушылық, өзін-өзі сынаушылығы туралы мәлімет береді. “Иә” және “жоқ” жауаптарының араласып келуі,сол адамның өзінің кемшіліктерін көре алатындығын көрсетеді, ал бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі алғашқы қадам болып есептеледі. Келесі қадамды, егер өзін-өзі басқара білу тәсілдерін жете түсінгенде және оның әдістемесін меңгергенде жасау мүмкін.

Өзін-өзі басқара білу тәсілдерінің арасындағы маңыздысы деп, төмендегілерді бөліп қарауға болады:

  • болашаққа сенушілік және жақсылық тілеушілік тәрбиесі;
  • өз мінез-құлқына бақылау жасай білу (бұлшық еттің ширығуын, қимыл-қозғалысын темпін, сөйлеуді, тыныс алуды басқара білу);
  • іс-әрекеттегі бәсеңдік (еңбектерапия, музыкатерапия, кітаптерапия, юмор, имитациялық ойындар);
  • өзін-өзі иландыру.

В.А.Сухомлинскийдің жан дүниеңдегі рухани тепе-теңдік тәрбиесі туралы пайдалы кеңесін ұғынуды қажет етеді:

  • жабырқаушылықтың ұлғаюына, бөтеннің кемістігін өсіріп айтуға жол бермеу;
  • әзілмен жеңе білу;
  • оптимист, қайырымды болу.

Жас мұғалімге сабақ алдындағы сенімсіздікті, балалар алдында қорқу т.б. сезімдерді жою үшін мүмкіндігінше мына дай сеанс өткізу ұсынылады: аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) – бұл психофизикалық гимнастикаға жатады. Бұл сеансты орындауда физикалық және психикалық тұрғыдан босаңсу талап етіледі.

Мысалы: “Мен сабырлымын. Мен сабақта сенімді жүргізе аламын. Балалар мені тыңдайды. Сабақта өзімді еркін сезінемін. Мен сабаққа жақсы дайындалғанмын. Сабақ өте қызық! Балалардың барлығын жақсы білемін және көріп тұрмын. Мен сабақты жақсы беремін. Балаларға менімен қызықты. Мен сенімдімін, күшім жетерліктей. Мен өзімді жақсы меңгеремін. Көңіл күйім сергек әрі жақсы. Оқыту қызық. Оқушылар мені сыйлайды, тыңдайды және менің қойған талаптарымды орындайды. Сабақта жұмыс істеген маған ұнайды. Мен — мұғаліммін ”.

 Жас мұғалімге сабаққа дайындалуда балалармен қарым-қатынас жасауда психологиялық өзін-өзі даярлау қажет.