Педагогикалық шеберлік компоненттері

  1. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника.

Педагогикалық қабілеттілік.

Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы.

Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық институттарда әрі қарай дамып, жетіледі.

Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.

Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сүю, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзіне кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.

Мұғалімнің кәсіптік -педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гонобалин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, В.А.сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Шербаков және т.б.) кез келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік – психологиялық бейімділік қажет.

Психологтар профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.

Мәселен, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, қабілеттіліктерді қарастырды. А.И.Шербаков негізгі педагогикалық қабілеттіліктерге дидактикалық, конструктивтік, перцептивтік, экспрессивтік, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді жатқызды.

  1. Осы кездегі мамандықытардың ішінде ең көп және жан-жақты зерттелгені деп педагог мамандығын айтуға болады. Педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекеті мен қабілеттілігі, мамандығы жөніндегі икемділіктері мен дағдылары басқа мамандықтар үшін де пайдалы екендігі байқалады.

Педагогикалық қабілеттіліктер —шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.

Педагогикалық қабілеттіліктерде жеке тұлғаның коммцникативтік қасиеттері жетекші рөл атқарады, ең алдымен, қабылдау саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде — бақылағыштығы) қабілеттілік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан-дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағжағдайда соған сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіншілік жасайды.

Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты – балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникативтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды балалармен қарым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілгінен аңғарылады.

Педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымына кіретін жеке тұлғаның кейбір қосымша қасиеттері мен ерекшеліктерін атауға болады. Бұл ең алдымен ақылдың белгілі сапалары: өткірлігі, сыншылдығы, бірізділігі және т.б. Мұғалімнің сөйлеу тілінің мәні орасан зор: шешендік қабілеттілігінің байқалуы, тілінің лексикалық байлығы және т.б. Мұғалімнің бойында артистік сапалардың болуы (бейнелі қиялдау, фантазияға бейімділігі) осы сапалардың бәрі педагогикалық қызметте жетістіктерге жетуде белгілі рөл атқарады.

Педагогикалық қабілеттер – тиімді педагогикалық қызметтің шарты ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда мұғалімнің жемісті жұмысының нәтижесі. Педагогикалық қабілеттіліктер мұғалімнің психологиялық қасиеттерінің, қатынастарының және әрекеттерінің жалпы құрылымында байқалады, қалыптасады және дамиды.

Тәжірибе және арнаулы зерттеулер көрсеткендей, мұғалімнің өзінің педагогикалық қабілеттіліктерін мақсатты қалыптастыруы және дамытуы толықтай шындық болып табылады.

Жеке тұлғаның перцептивтік қасиетінің негізгі элементі – бақылағыштық педагогикалық тәжірибені меңгеру үрдісінде, сонымен қатар педагогтің арнаулы күш-жігерінің нәтижесінде дамиды және жетіледі.

  1. Белгілі психологтар мен педагогтар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.В.Страхов, В.А.Сластенин сонымен қатар басқа да психолог, педагог ғалымдардың зерттеулері педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымын қарастыруға мүмкіншілік берді. Бұл зерттеулердің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, педагогикалық қабілеттіліктердің құрылымында ерекше орын алатын бірнеше түрлеріне немесе компоненттеріне тоқталамыз (негізіне Н.Ф.Гоноболин ұсынған үлгі алынды).
  2. шешуге оны жұмылдыру және жігерлендіру, екіншіден, өзінің жекеменшік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттілігі. Өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жоспарлау іскерлігін және оны өзі Дидактикалық қабілеттіліктер – шәкірттерге оқу материалын түсінікті түрде жеткізе білу, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың өз бетімен белсенді ойын дамыту қабілеттілігі. Дидактикалық қабілеттіліктің негізіне шәкірттердің дара психологиялық ерекшелігін ескере отырып, жаңа материалды тиімді әдістерді және тәсілдерді пайдаланып түсіндіру.
  3. Академиялық қабілеттіліктер – белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім оқу материалын оқу курсының көлемінде ғана біліп қоймайды, одан кең және терең біледі, әр уақытта да өз ғылымы саласындағы жаңалықтарды біліп отырады. Мұғалім өте жоғары мәдениетті, эрудициясы жан-жақты болу керек.
  4. Перцептивтік қабілеттіліктер – шәкірттердің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, шәкірттерді нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілері бойынша сыртқы белгілерге шәкірттердің ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді аңғарып отырады.
  5. Тілдік қабілеттіліктер — өз ойын және сезімін тілдің мимика және пантомимиканың көмегімен ашық та және анық білдіре білу қабілеттілігі. Бұл мұғалімдік мамандықтарына ең негізгі қабілеттіліктерінің бірі, себебі ақпаратты мұғалімнен шәкірке жеткізу негізінен екінші сигнал жүйесі арқылы, сөздік сипатта іске асады.

Қабілетті мұғалімнің тілі әсерлі, бейнелі, ырғақтық жағынан мәнерлі, эмоциялық тұрғыдан көркем, сөйлеу дикциясы анық, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық қателіктер кездеспейді.

  1. Ұйымдастырушылық қабілеттіліктер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеттіліг, негізгі міндеттерді бақылауын қажет етеді.
  2. Бедел қабілеттіліктері – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен, педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Бедел (авторитарлық) қабілеттіліктер мұғалімнің еріктік сапаларына байланысты (тез тоқтамға келу, ұстамдылық, табандылық, талап қоя білу және т.б.), сонымен қатар, шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілік сезімі, мұғалімнің сенімділігіне байланысты.
  3. Коммуникативтік қабілеттіліктер – балалармен қарым-қатынас жасау, шәкірттерге дұрыс қатынас жасауды таба білу ептілігі, олармен педагогикалық тұрғыдан қажетті өзара қарым-қатынасты орнату, педагогикалық тәлімнің болу қабілеттілігі. Педагогикалық тәлімді зерттеуде ерекше үлес қосқан И.В.Страховтың айтуы бойынша, бұл жағдайда негізгісі – шәкірке әсер етудің ерекше тиімді тәсілдерін табу икемділігі, тәрбие ықпалдарын қолдануда педагогикалық тұрғыдан орынды сақтау, нақты педагогикалық міндеттерді және шәкірттің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, педагогикалық ахуалды ескеріп отырудың қажеттілігі.
  4. Педагогикалық қиял – бұл өз іс-әрекетінің болашақта қалай болатындығын алдын ала білудегі арнайы қабілеттілігі, шәкірттің жеке басын тәрбиелік тұрғыдан жобалау. Бұл қабілеттілік педагогикалық оптимизммен байланысты, тәрбиеге сену, адамға сену.
  5. Зейінді орналастыру қабілеттілігі мұғалімнің жұмысы үшін бір уақытты әртүрлі іс-әрекет түрлерінің арасында ерекше мәні зор.

Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды баяндаудың мазмұны мен түрін зейін қойып қадағалап, барлық оқушылардың зейінін назарда ұстап отырады, шаршау, зейін болмау, түсінбеу белгілерін реттеп отырады, тәртіп бұзушылықтың барлық жағдайларын ескереді, ең соңында, өзінің мінез-құлқын қадағалап отырады (мимика және пантомимиканы, жүріс-тұрысты).

Тәжірибесіз мұғалім кейде материалды баяндауға мән беріп, осы уақытта шәкірттерді ескермейді, оларды назардан тыс қалдырады.