Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының бірқатар мектептерінде сыннан өркізілген педагогикалық технология мазмұны:
Жалпы оқу мақсатын қою;
Жалпы тұжырымдалған мақсатты нақтылау;
оқушылардың білімдік деңгейін алдын-ала анықтау;
Жедел кері әсер негізінде оқыту үрдісіне түзетулер енгізу;
Нәтижені бағалау.
Осындай құрылыстағы әртүрлі мазмұнды, бірақ құрылымы бірдей жекелеген блоктардан тұратын оқу процесі “модульдік” сипат алады.
“Модульдік оқыту технологиясы” деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда “толық меңгеру” әдітемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 – жылдары американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады.
Оқу нәтижесін тұрақты тіркеліп отыратын параметрге айналдыруды ұсынған.
Монымен жобаланатын педагогикалық технологиялардың негізгі қағидаларын негізге ала отырып, қазіргі дидактикалық талаптарға сай бірқатар өзгерістер енгізілген. Онда балаларды оқытуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әрекеттерін ұйымдастыру, оқу процесін диалогтық қатынас негізінде құру кезделген.
Осыдан оқу процесін құруда мұғалім жұмысында бірқатар өзгерістер пайда болады.
“Толық меңгеру” әдістемесіне сай сұғалімнің әрбір оқу бірлігіндегі жұмысы мына кезектілікте жүзеге асады:
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
Берілген тарау бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру.
Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқытуы.
Диагностикалық тест бойынша ағымдағытексеруді жүргізу.
Тексеру нәтижесін бағалау, тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Тарауды толық меңгермеген оқушылармен түзету оқуларын жүргізу.
Диагностикалық тест жүргізу оқу бірлігінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Ал, М.Жанпейісова ұсынған нұсқада мұғалім әрекетінің кезектілігі сәл өзгеше:
Оқушыларды оқу мақсатттарымен таныстыру.
Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктарды оқыту модулімен сыныпты таныстыру.
Мұғалім таңбалар жүйесімен берілген сызба, кесте, таблицалар т.с.с.қолдана отырып, материалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге, іздеуге жетелейді.
Диалогтық қарым-қатынасқа негізделген оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, әр сабақтағы әр оқушының іс-әрекет нәтижесін бағалау.
Оқу материалына 4-7 рет қайта орала отырып, жалпы тақырыпқа, тарауға жету.
Өтілген тақырып бойынша тестілеу жүргізу.
Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша сынақ, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы
Оқу модулінің өз құрамы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:
- Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену).
- Диалогиялық сұхбат бөлімі (көбіне сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру).
- Қорытынды бөлім (бақылау).
М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын, оқу модулін өте тиімді деп тапты. Дегенмен эксперимент жүргізген мұғалімдердің модульдегі сағаты 4-тен (Қазақстан тарихы курсы бойынша) 22 сағатқа дейін (математика бойынша) ауытқыды. Сағаттар санына қарамай, кіріспе бөліміне 1-2 сағат жұмсау оқу модулінің ерекшелігі. Қорытынды бөлімге де 2-3 сағаттан көп берілмейді. Қалған сағат 3-17 сағатқа дейін барлығы диалогтық, сұхбат бөліміне беріледі.
Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат кіріспе бөліміне, 2 сағат қорытынды бөліміне, 6 сағат сұхбат бөліміне арнап бөлінеді.
Бұл әрбәр оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай материалын 3 деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.
Жаңа меңгерілген білімнің өзгертпей қайталау деңгеуінде материалды оқыту тақырып, тарау бойы оқу модулінің мазмұны бойынша жүргізіледі.
Мазмұнды ілгерілей отырып, бірнеше дүркін оралу қарапайымнан күрделіге, репродуктивті білімнен шығармашылық ізденіске жетуге әрбір оқушыға оқу материалын “түсіну” деңгейінен “білімді тасымалдау, көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік береді. Диалогтік сұхбат бөлімінде танымдық процесс сыныпты 4-7 баладан тұратын топқа бөліп, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру негізінде, бұл бөлімге түрлі ойын технологияларын кіргізу арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі. Мұғалім осылайша “ынталандыру” рөліне ауысады.
Оқу моделін қарастырудағы екінші ерекшелік – мұғалімнің модуль құруға дайындық жүйесі. Мұғалім бір оқу модулі үшін сағат санын анықтап, оны құрастыруға кіріседі. Мақсатын, мазмұны мен нәтижесін анықтайды, сонымен қатар берілген модульдегі сабақтарды ұйымдасыту түрін ойластырады.
Мұғалімнің дайындық жұмысы келесі қадам әрекеттерден тұрады.
1-қадам. Берілген курс бағдарламасында анықталған тарау,тақырыптар немесе тақырып бойынша меңгерілуі тиіс міндетті білім, білік, дағдыны, мақсат пен міндетті анықтау.
2-қадам. Модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұнын зерттеу, пысықтау.
3-қадам. Модульдегі мағыналық “жүкті көтеретін” негізгі ұғымды бөлу, тақырыптағы негізгі ақпарат жасырынған сөздерді табу. Олардың өзара байланыс мен өзара тәуелділігін анықтау.
4-қадам. Тақырып бойынша тірек сызбаларды салу (анықталған негізгі ұғымдар бойынша).
5-қадам. Оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру.
6-қадам. Сынақ немесе пән ерекшелігіне қарай алынатын бақылау жұмысы үшін модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру.
7-қадам. Диалогтық сұхбат бөлімі. Мабақтарды өткізу түрі ойластырылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі, қиын деңгейдегі – зерттеу элементтері бар күрделенген мапсырмаларды әр оқушы үшін дайындау.
Модульдің әрбәр құрылымдық бөлімдерінде пайдаларатын әдістемелер мен жұмыс жүйелерінің жинағын ұсынады:
проблемалық ситуация тудыру;
негізгі оқу міндетін анықтау;
өзін-өзі бақылау және алдағы тақырыпты, тарауды оқуға дайындығын оқушылардың өздерінің бағалауы;
алдағы жұмыс жоспарын жасау және оны талқылау.