Оқушының әрекетін белсендіру және интенсивтендіру технологиялары

  1. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

ойын-сабақ технологиясы;

проблемалық оқыту;

модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова).

Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;

 Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.

Проблемалық оқыту технологиясы

Мақсаты:

білім, білік, дағдыға ие қылу;

өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.

Тұжырымының ерекшеліктері:

білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;

бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

оқытуда табысқа жетудің шарттары;

оқу-материалында проблема туғызу;

баланың белсенділігі;

оқытудың бала өмірімен,ойынымен, еңбегімен байланысы.