Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі технологиялар.

Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:

ынтымақтастық педагогикасы;

ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы;

адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин).

Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы

Мақсаты:

Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту.

Балаға ізгілік тұрғысынан қарау.

Оқыту мен тәрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру.

Тұжырымының ерекшелігі:

мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы;

мұғалім де, оқушы да субъект болады;

екеуінің бір-біріне басымдылық көрсетпеуі;

екеуінің бірлік одақта қызмет етуі;

жалпы мектеп ұжымыныңарасында өзара ынтымақтастықтың орнауы;

Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері:

балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;

дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;

тәрбиелеу тұжырымдамасы;

қоршаған ортаны педагогикаландыру.