- Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
қатар оытартын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.
Демек, 1 – 4-сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А. Левин);
дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);
түсіндіре басқарып-оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова);
оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);
ойын әдістемесі және оны қабылдау;
М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Дамыта оқыту технологиясы
(Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)
Мақсаты:
бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту;
баланы оқыта отырып жалпы дамыту.
Тұжырымының ерекшеліктері:
оқыту дамудың алдында жүруі керек;
дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері:
дамыту оқыту жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған
дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға балама жүйе;
оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(П.М.Эрдниев)
Мақсаты:
Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі:
өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
тура есептерді кері есептерге айналдыру;
жүйелі де, тиянақты білім беру.
Әдістемесі:
бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту;
өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
тұтас және қарама-қарсы ұғымдарды сәйкестендіру;
амалдардың орындалу тәртібін реттеу.
Тәрбиелік мәні:
мейірімділік;
өзара көмек;
ұйымшылдық;
табысқа жетуге ұмтылу;
толық дербестілік;
- Ойын арқылы оқыту технологиясы
Мақсаты:
дидактикалық;
тәрбиелік;
дамытушылық;
әлеуметтендірушілік;
Тұжырымның ерекшеліктері:
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.
Мазмұны:
білімдік;
танымдық;
шығармашылық;
репродуктивтік;
Әдістері:
пәндік;
сюжеттік;
рөльдік;
іскерлік;
драмалық;
еліктеушілік.
- Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори)
Мақсаты:
жан-жақты дамыту;
дербестікке тәрбиелеу;
бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Тұжырымының ерекшеліктері:
оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады;
Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету;
баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады;
жеке және әлеуметтік дамудың бірлігі;
сезімде жоқ нәрсе ақыл да болмайды.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері:
ортаның тәрбиелік ролі;
Монтессори материал-баланың өздігінен дамуы мүмкіншілігінің пайда болуына әсер ететін, педагогикалық дайындық ортасының бөлігі;
Монтессори -материал дүниені танып қабылдаудың психологиялық қаруы, құралы;
оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді;
мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады;
жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады, біреу математика, келесі бәрі әріптер жазумен, т.б.нәтиже талданады;
баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.