- Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелілігі мен классификациясын тудырады. Осындай мәселелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі О.Т.Хонерин. Ол инновацияны мынадай түрлерге жіктейді:
модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған И.В.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов жаңашыл-педагогтар;
комбинаторлы;
радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж, гимназия, лицей сынды дәстүрлі мектептерге альтернативтер.
Владимир Мужич инновацияға топпен оқыту, кабинаттік оқыту, жеке жұмыстарды жатқызса, Манро үзбей оқыту, жас ерекшелігін есепке ала оқыту, “алыстан оқыту және радио арқылы оқыту ” деп бөледі. Зита Главашкин инновацияларды білім берудің көлемді секторларына байланысты топтайды:
ұйымдастырудағы инновациялар;
технологиядағы инновациялар;
бағдарламаларды өзгерту;
Драгомир Аранжинович мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай үш категорияға бөлді:
мектеп жүйесіндегі инновациялар;
оқыту тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
оқыту құралдарымен байланысқан жұмыстың ұйымдасу түрі, әдіс-тәсілдеріне жататын инновациялар.
- Аналогиялық жағынан жаңалықтарды төмендегідей жіктеуге болады:
әрекет пен идеялар толығымен жаңа, бұрыннан таныс емес;
белгілі, таныс, кең көлемді ой-идеялар мен әрекет;
бұрыннан белгілі идея мен әрекеттің жаңа жағдайда, басқаша жаңа түрде қолданылуы.
Кез келген білімнің жаңа саласы бірталай әдістемелік мәселелер тудырады. Жаңа ғылыми сала пәні, құрылымы мен қызметі жағынан белгілі білім беру жүйесінің қайта құрылуын, педагогикалық жаңалықтардың жасалуын қажет етеді. Сонымен, инновациялық жаңалық ашуменбайланысты. Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша кез келген жаңалық бірден жақсы нәтиже бере алмайды. Себебі, жаңа тәжірибе әр уақытта көкейкесті мәселелерді шеше бермейді; кез келген жаңалық белгілі бір педагогикалық мәселені шешу үшін пайдаланылады.