Терминологиялық аппараты, педагогикалық технологияның түрлері

  1. Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері.

әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;

педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;

отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;

 этнопедагогика болып табылады.

  1. Педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізі.

Сциентизм – адамзат қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника рөлін даралап бағалау.

Табиғатмәнділік – адамның табиғи мүмкіндіктерін ескеруді уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестігін басшылыққа алу.

Гуманизм (ізгіліктік) — әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның жағдайы, қоғам қағидасы – теңдік, әділеттілік.

Теосифия – діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық педагогикадан терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық ара жігін ашуға тәрбиелейді.

Антропософия – адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.

Прагматизм – тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік сапалары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты. Олар адамгершілік сапаларды қалыптастыру емес, дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.

Экзистенциализм – адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.