Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Сондықтан психологиялық қызметтің бұл салаларын жіктеп бөлу және оларға дәл анықтама беру арнайы еңбектің тақырыбы бола алады. Біз мұнда оларды шартты түрде ғана бөліп, психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны студенттерге түсіндіріп, олардыңболашақ мамандық қызметінде бұл тәсілдерді пайдалану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндей жерлеріне тоқталамыз.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы- жоспарланған әңгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу кеңес беру, психокоррекция және психотерапияжұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым-қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе,психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінен көптеген өмірлік қиындықтар мен шиеленістердің негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
“Психокоррекция” мен “психотерапия” терминдерінің айырмашылығы жеке тақырып болады. Отандық психологияда пайда болған бұл ұғымдар бөлу жұмыс ерекшеліктерімен емес, психотерапиямен арнайы медициналық білімі бар адамдар ғана айналыса алады деген заңды жағдаймен байланысты. Біздің көзқарасымыз тұғысынан бұл шектеу жасанды болып табылады. Себебі, психотерапия психологиялық ықпал жасау жолдарын ойластырды. Оның үстіне “психотерапия” (psyhotherapy) термині халықаралық болып табылады және әлемнің көптеген елдерінде кәсіби психологтар іске асырытын жұмыс әдістері ретінде қолданылады. Психотерапия мен кеңес беру арасындадағы шек өте шартты екендігі күмәнсіз. Мұны Ю.Ф. Поменов, А.С. Спиваковская, т.б. авторлар өз еңбектерінде бірнеше рет атап өткен. Бұл еңбектерде психотерапия және психокоррекция саласында ортақ көрсеткіштері мол екенін атай отырып, дегенменпсихологиялық кеңес берудің арнайы медициналық дайындығы жоқ психологтар жүргізуіне болатындығын,кеңес беру тек психологиялық жағдайда көзқарасты өзгертуге бағытталғанболғандықтан оны адамның психикалық қасиеттеріне белсенді ықпал ету арқылы өзгерту керек емес кезде психолог мамандар жүргізе алатындығы айтылған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізі немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл птқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымыбасқаша болады: оладың көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады. Сонымен, кеңес беруші- психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. “Біз күйеміз екеуміз себепсіз ұрысып қаламыз”, немесе, “Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады”. Психотерапвтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: “Мен өзімді өзім ұстай алмаймын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын”, немесе, “Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты боладыда тұрады, оны ешқандайсебепсіз қызғанамын”. Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы- белгілі дәрежедеерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін- өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-сырынан түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шағымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы- онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес берушіоған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау,бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардыңөзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізіледі. Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады.Кеңес беру әңгімесібарысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.
Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезкңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманменәңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелер де (балалық, жеткіншектік, қыз-бозбалалық шақ оқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекшк формалары психотерапияда жиі-жиі пайдщаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі-көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшкліктермен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейту негізгі құралдарын ың бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйекнің терең қабаттарын сраптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғанының қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әр түрі болады. Психологиялық кеңс беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі.Алпсихотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары- клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші- психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әр түрлі адамдарды кездестіруге болады. Оладың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкінді бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілітін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.
Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибені супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психотерапиямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет тақаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевттердің арасында арнайы дайыдықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес,пациент деп аталатынын байқаймыз. Сондықтан бұл саладағы маманныңтолыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.
Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы- кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрнсетілуі керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегіалдына қойған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс- психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойлайтынын және оған шын мәніндекөмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткілісіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болуы. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенінде түсіне бастайды. Бірақ клиент өзіне психолог.иялық көмек көрсетілуі керек екендігінтүсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдлану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қарған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.