Кеңес беру саласында бағдарланумен оның перспективаларын анықтау үшін қазіргі кеңес беруге дейінгі кейбір әдістерді және кітаптың кейінгі тарауларында түбегейлі сипатталатын жаңа тұжырымдамаларының қатарын қамтитын қысқаша очерк ұсыну дұрыс сияқты.Ескірген әдістерді кейінгі терапевтік техникалардың негізі ретінде қарастыра отырып, біз қазіргі көзқарастарды тереңірек түсінеміз және оларды әрі қарай жетілдіруге себеп болатын конструктивті сынауға мүмкіндік аламыз.Сондықтан. да осы тараудаоның жекепрцестерін егжей-тегжейлі қарастырмастанбұрын, кеңес берудің өткен мен бүгінін жоғарыдан бір шолып өтейік.
Бұл қысқаша шолуда біз түрлі интеллектілімектептердің теориялықғыларынталдаудымақсат етеміз. Бұл жерде, психотерапевтік ойлаудыдамытуғада, жеделдетуге әсерін тигізген әр түрлі “изм-дердің” тарихынқстыруғатырыспаймыз. Тарихқа тереңдеудегеніміз оқырманды әйтеуір бірлагерьге қосуды білдірсе, ол практикада қолданылатын әдістер мен техникаларды терең талдаудан алыстатар еді. Бізді қызықтыратыны да осы практикадақолданылуы.
Психотерапиятермині жаңадан пайда болса да, бұл өзі жаңа ұғым емес. Жүздеген жылдар бойы адамндар бейімделмеген адамның мінез-құлқы мен бағдарын неғұрлымоң бағытқа өзгерту үшін көзбе-көз қарым-қатынас жасау жағдаяттарын түрліше пайдаланды.Сондықн да неғұрлым жемісті бейімделуге көмектесетін тікелей контактінің, нақтыжағдаяттардықолданудың түрлі тәсеілдерүін талдауға мүмкіндігімізбар.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатаң талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптерін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізі немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдері де кеңінен пайдаланылады. Психотерапия тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық меңгерген және оларды емін-еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек.
Клиенттің проблемасы тұлғааралық немесе жеке тұлғалық екендігін дәлірек анықтау үшін психолог шағымданушыға көптеген жанама сұрақтар қойып, оларға берген жауаптарын, психологпен кездесуден күткен үмітінің ерекшелігін талдап, анықтайды. Кеңес беруші психологтың клиенттері, әдетте, жеке өмірлік қиындықтардың пайда болуына басқалар теріс рөл птқарады деп көрсетеді. Ал тереңірек психокоррекциялық жұмысқа бағдарланған клиенттердің шағымыбасқаша болады: оладың көбінесе өзінің ішкі жағдайын, қажеттілігі мен тілегін бақылап, оларды реттеуге қабілетсіздігі мазасыздандырады. Сонымен, кеңес беруші- психологтың клиенттеріне мына типтес шағымдар тән. “Біз күйеміз екеуміз себепсіз ұрысып қаламыз”, немесе, “Әйелім мені ешқандай себепсіз қызғанады”. Психотерапвтке келетіндердің көбісі өзінің проблемалары туралы басқаша айтады: “Мен өзімді өзім ұстай алмаймын, өте ашушаң болып кеттім, үнемі күйеуіме айқайлаймын”, немесе, “Соңғы кезде әйелімнің адалдығына сенімсіздік білдіремін, ол мені алдайтын сияқты боладыда тұрады, оны ешқандайсебепсіз қызғанамын”. Шағымдарда мұндай айырмашылықтар өте көп болады, ішінара сол клиенттермен жеке проблемалары мен сәтсіздіктерін сараптау бойынша арнайы жұмыс жасалады. Адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаға өзін жауапты деп қабылдауы- белгілі дәрежедеерлікті қажет ететін қадам. Ол адам өзін- өзі өте терең және жан-жақты, барлық қыр-сырынан түсініп тануға дайын екені күмәнсіз.
Шғымдар локусының бағыттылығы мен адамның психологиялық көмек алуға дайындығы- онымен жасалатын жұмыстың формасын да анықтайды. Клиентке көмек беру үшін кеңес берушіоған өзінің проблемаларын толық түсініп, өмірлік күрделіліктерге басқаша қарау,бұл проблемалардың неден орын алғанын көрсете білу және әдетте байқалмайтын қиындық көзі болатын тараптардыңөзара қатынастарын талқылау арқылы жүргізіледі. Ықпал жасаудың мұндай формасының негізі, бәрінен бұрын, клиенттің көзқарасын қалыптастыру және оның негативтік қатынасын өзгерту болып табылады.Кеңес беру әңгімесібарысында клиент оқиғаға кеңірек және тереңірек қарау арқылы ондағы өзінің рөлін бағалауға, осы жаңа көзқарасына сәйкес өткен оқиғаға өз қатынасы мен мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік алады.
Психотерапевтік ықпал басқаша қалыптасады. Мұнда психологиялық ықпал жасау жұмысының бастапқы, шағымды талдау кезкңдерінде-ақ тереңдеп, қайта қалыптастыру процесінде үлкен рөл атқарады. Маманменәңгімелесу барысында клиенттің қазіргі кездегі өзінің басқалармен арақатынасының өзекті оқиғалары ғана емес, өткен мәселелер де (балалық, жеткіншектік, қыз-бозбалалық шақ оқиғалары) талданады. Адамның психологиялық өмірінің, түс пен өңнің ассоциациясы секілді байланысы бар ерекшк формалары психотерапияда жиі-жиі пайдщаланылады. Психотерапияның ерекше бейнесі-көмек сұраған адам мен кәсіби маман арасындағы қатынас көптеген өзіне тән ерекшкліктермен сипатталады: тасымал және контртасымал терминдерімен белгіленетін қатынас, сараптау үлкен орын алады. Кеңес беру барысында сұрақтарға клиенттің берген жауаптары мүлдем талқыланбайтын кездері психотерапиялық ықпал мүмкіндіктерін тереңдету мен кеңейту негізгі құралдарын ың бірі болып табылады. Р.Урсано, С.Зонненбери, С.Лазар т.б. психотерапевтердің айтуы бойынша мұндай тәсіл жүйекнің терең қабаттарын сраптау арқылы клиенттің патогенді күйзелістері мен ерекше мінез-құлық себептерін терең түсінуге алып келеді және жеке тұлғанының қиналып жүрген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпал жасаудың бұл түрлерінің ұзақтығы да әр түрі болады. Психологиялық кеңс беру көбіне қысқа мерзім ішінде жүреді және клиентпен 5-6 кездесуден асуы сирек кездеседі.Алпсихотерапия процесі ұзаққа созылады және бір жыл ішінде ондаған, тіпті жүздеген кездесулер өткізуге бағдарланған болады. Психотерапевтік ықпалдың психокоррекция мен кеңес беруден айырмашылықтары- клиенттердің жеке тұлғалық типтерімен де байланысты. Кеңес беруші- психологтың қабылдауына келген клиенттердің ішінде психологиялық статусы, кәсібі, материалдық жағдайы, т.б. көрсеткіштері әр түрлі адамдарды кездестіруге болады. Оладың ішінде кемшіліксіз клиент, рефлекциясының даму деңгейі жоғары адамдар, өте қымбат және ұзақ емделу курсына ақы төлеуге мүмкінді бар, өте қабілетті, бірақ ол қабілітін іс жүзінде көрсете алмағандар, психотерапевт қызметін пайдалану үшін уақыты жеткілікті невротиктер, т.с.с. кездеседі.
Мамандардың психотерапиялық ықпал жасауға даярлығын көрсететін біліміне қойылатын талап өте үлкен және олар теориялық психологиялық дайындықпен қатар белгілі медициналық білімі, сонымен қатар, жеке психотерапия мен тәжірибені супервизор басшылығымен жұмыстың ұзақ тәжірибесінен өтуінен тұрады. Психотерапия өзінің тарихи дамуында психотерапиямен тығыз байланысты болғандықтан бұл салада қызмет тақаратындар арасында кәсіби психологтармен қатар психотерапевттердің арасында арнайы дайыдықтан өткен психиатрлардың кездесуі кездейсоқ емес. Психотерапевтке қаралған адам дәстүр бойынша клиент емес,пациент деп аталатынын байқаймыз. Сондықтан бұл саладағы маманныңтолыққанды дайындығын жеке психотерапиялық тәжірибесіз елестету мүмкін емес. Соның арқасында ол жан-жақты жұмыс істеуге, клиенттердің проблемаларын дұрыс талдауға даярлығы нығаяды.
Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы- кең және көп қырлы тақырып. Психологтың көмегіне сүйенген көше адамы, әсіресе көп адамның психологияның не екенін түсіне бермейтіні оған қандай жоспарда көмек көрнсетілуі керектігін және ол қандай формада көрсетілуі мүмкін екендігін түсіне бермейді. Көбінесе клиенттердің психологқа келгендегіалдына қойған мәселені шешу туралы үміттері психологиялық қызмет міндеттерімен дәлме-дәл келе бермейді, кейде өмір шындығы мен өзара қатынастар логикасына да сай келмейді (мысалы, клиент психологиялық ықпал ету нәтижесінде біреуді өзіне қаратып, оның сүйіспеншілігін тудыруды, немесе ұнатпай қалатындай етуді өтініш жасауы, ал кейде талап етуі жиі кездеседі). Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс- психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің рөлі туралы ойлайтынын және оған шын мәніндекөмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткілісіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болуы. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенінде түсіне бастайды. Бірақ клиент өзіне психолог.иялық көмек көрсетілуі керек екендігінтүсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Кеңес беру мен психотерапияның мұндай өзара байланыстығының мағынасы терең. Осы байланыс тәжірибелік психологияның пайдлану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қарған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.
Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.
Клиент өз өмірін мағынасыз, бостан босқа өтіп жатыр деп түсінетін жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті — оның өмірін мағыналы істермен толық тыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттің оның қандай салада жұмыс істегенін, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіндігі туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгіме барысында орын алған жан жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді. Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз, ол клиенттіөзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толықтырып, өз өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндайә белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүріге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптесінің болуы. Мұндай әріптесінің пайда болуының 3 нұсқасын көрсетуге болады. Олар отбасы мүшелерінің бірі, ескі достары мен таныстарының бірі, жаңадан танысқан адамдарының бірі болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда клиенттер өз отбасы мүшелерінің, туыстары, балаларымен немерелерін онша бағаламағанын , өз қажеттілігін көрсетуге тырысып, олардың істеріне қол сұға бергенінен отбасындағылар оның өзі қажетті және қызықты адам екені туралы ұмытып та кеткеніні түсінуі керек. Мәдени іс шаралар мен ойын мсауықтар бойынша әріптес ретінде олар көбіне өздерін түсінбейтін, кішкентай болғандықтан ешнәрсеге қызықпайтын адамдар ретінде бағаланып жүрген клиенттің немерелері бола алады. Олар клиент үшін кеңес берушінің көмегінен басқа да рөлде — өмір туралы жаңалық білгісі білгісі келеді, басқа адамдарды түсінуге көмек қажетті және маңызды деп қабылдамайтын , не болмаса қандай да бір себептер бойынша назар аудармайтын, бірақ көмекті қажет ететтн адамдар да болуы мүмкін. Бұл туралы әңгімелесу барысында ол отбасындағы қатынастар жүйесіндегі өз ұстанымына терең үңілуіне көмектеседі.
Қажетсіздігі мен жалғыздық сезімінен жапа шегушілер проблемасының көпшілігі қарым қатынас жасау қиыншылығымен байланысты. Олардың да достары мен жалдастары болғанымен олармен өте сирек кездеседі, бос уақытты өткізудің жеке нұсқасы қалыптаспаған болады. Осындай клиенттердің өмірін шын мәнінде өзгерту үшін, психологтың бұл өзгерістерді мұқият жоспарлауына , таныстарының қайсысына және қалай қарым қатынас жасайтынын, қандай ұстаным керектігін, достарымен кездесу не қоңырау шалу шын мәнінде қуаныш әкелуі мүмкін екендігін, бдос уақытты өткізуге кейбір істерді басшылыққа алуға болатынын ойластыруға тура келеді.
Жалғыздық сезімге бөленген адамға әңгімелесу кезінде оның сөзін мұқият тыңдау, кейбір ойларын мақұлдап қолдау көрсетумен назар аударудың өзі оң ықпал ете бастайды. Оған өмірлік арманы туралы ойлануға көмектесу, өзін белсенді қажетті сезінудің бастамасы болады. өкінішке орай, клиентте жеке идеялар аз немесе олар аморфты болатын кездері, ал достары мен туыстары арасынан әріптес табу қиынға соғатын кездерде бар. Сондықтан да спихологтың жүргізген жұмысы жемісті болу үшін кеңес алушы қашан, қайда қалай бару керектігі, немен айналысуы туралыидеяларын клиенттің мақсат мүддесін есепке ала отырып, соларға сай ұсына білу керек. Кеңес беруші түрлі клубтар, бірлестіктер кештер туралы мәліметтілігі толық болса ол талқылауға қажет материалдар ретінде көптеген ақпараттар ұсына алады. Бұл жерде клиентке ұсынылған нұсқаның қаншалықты оның жасына , өмір тәжірибесіне қызығушылығына т.б, ерекшелігіне сәйкес келетіні емес, оны жаңа идеялар іздеуге , жаңа достар мен таныстар табуға мәжбүрлеу маңызды. Мұндай іздеу мүмкіндігін сезінген адам енді кеңес берушінің көмегінсіз жеке қалауы бойынша бір нәрсе табуға тырысады. Сондада қарым қатынас шеңберін қалай кеңейту , жаңа танымсстықты қалай арттыруға болатыны жөнінде арнайы талқылау жүргізу өте пайдалы.
Өз өмірінде сәтсіздікке көп ұшыраған ата ана қол жеткізе алмаған табыстарға баласы жетсе екен деген тілегі жәнге баласы да сәтсіздікке ұшырайды ма, оның да қолынан келмейтін шығар деген қорқыныш кең тараған проблема. Әдетте ата аналардың мұндай терең күйзелістері баласымен қарым қатынасын қиынедатыпм жібереді.
Кәрі адамның өмірге көзқарасын өзгерту оңай мсміндетемес, оның үстіне мұндай адамдардың өмірі көбіне қиын жағдайларда көптеген сәтсіздіктермен ұштасып өткені белгілі. Оның үстіне мыңдаған адамдар жылдар бойы қызмет етіп, сеніп нанып келген нәрсе өтәірік, жалған жол болғаны кенеттен түсініп, әлеуметтік жағдайлардың юірден күрт өзгерумен байланысты бұл проблема ьағы бір сыртқы себебі пайда болып одан әрі, тереңделді. Мұндай клиенттердщі бәрінен бұрын сабасына түсіріп, жеке кісілік құны бар екеніне сендіріп, олардың өздері өзге адамдарға қажеттілігін түсіндіріп, дәлелдеп түсіндіру керек. Мұндай проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу спсихологтан үлкен шеберлікті қажет етеді. Оларға көмектесу үшін нақты не істеуге болады. Біріншіден, клиенттің өз өһміріне қолынан келгенінің барлығын жасағанын көптеген шынында да маңызды қиындықтардан өткенін осы жолда соншалықты күш жұмсағаны, заяға кетпегенін дәлелдеу. Екіншіден клиенттің өз өимірінде көптеген жетістіктерге ие болғанын жақсылап көрсету. Бұл жерде адам өміріндегі шынайы жетістіктері туралы көп нәрсені атауға болады: Ғылыми дәрежелері, рухани құндылықтары, адамдарға көмектескені, балаларын ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғаны тиуралы, немерелеріне қамқорлығы т.с.с. Үшіншіден өмірде адамның неге қол жеткізгені емес, қалай жеткені маңызды екенін клиентпен талқылау. Бұл мағынада клиенттің шыншылдығы, әділеттілігі, ақ көңілділігі, мейірімділігі, сезімталдылығы, өмірде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан сақталған адамгершілік қасиеттері маңызды құндылық. Екенін көрсеті керек. Психологқа мұндай проблемаларды талдауға арнайы әдебиеттер үлкен көмек көрсетеді.
Ата ананың бала алдындағы кінәсін сезіну. Бұл кең тараған, феномен. Ата анасының кінәлі сезінуі баласының кішкентаай кезіндегі әрекетінен және оныкң басынан өткен оқиғаларымен байланысты болғандықтан бұл бұл жағдайға өмір бойы бөленіп жүру сыйымсыз екенін түсіндіру қажет. Осындай жағдайда кеңес берудің өте қарапайым және тиімді тәсілі – клиенттің осы сезімінің мәнсіз екендігін дәлелдеп беру. Мұны түрлі жолдармен түсіндіруге болады. Мысалы клиентке баяғы заманда өтіп кеткен кінәні жою мақсатында жасайтын әрекеттерінің мағынасыздығын түсіндіру. Өткен оқиғаны талдау барысында ата ананың өзінің баласы алдындағы кінәсә жас кезіндегі отбасы жағдайына байланысты жұмысбасты болып, оларды тәрбиелеуге онша көңіл аудара алмағанын ақтау үшін қазіргі өмірінде қол сұғуы, күнделікті жүріс тұрыстарын, істегендерін қадағалау формасында жүруі мүмкін. Жастиайынан дербестікке үйренген баласы осы қамқорлықты онша түсіне алмайды да, нәтижеде қарым қатынасын түзету орнына бұл кешігіп көрігніс берген гиперқамқорлық баламен қарым қатынасын қиындатады. Клиентпен өткенді әңгімелесу барысында оның күйзелістері, мазасыздануының обьектісі болып, жүрген адамға ата ананың қазіргі әрекеттері оқиғадан шығудың бірден бір жолы. Болмағанын көрсету де пайдалы.
Мұндай өзін өзі кінәлаудың мысалы ретінде жалғызбасты анаға ақша керек болып жұмысқа шығуға тура келгені, сол кезде отбасында кішкентай қызына қарайтын ешкім боллмағандықтан оны өте ерте балалар бақшасына берген клиенттің басынан өткен оқиғасын келтіреміз. Бақшада қызы құлаған, соның әсерінен қызы баспа ауруымен ауырады, нәтижесінде оның бір құлағы мүлдем естімей қалады. Бұл қыз әлдеқашан ер жеткен , ал клиент сол оқиға үшін өзін өзі кінәлайды, қызының күйеуімен тіл табыса алмай жүргендігі оның құлағының ауырлығымен байланысты деп есептейді. Сондықтан қамқорлық көрсеткісі келген ана ерлі зайыптылардың ара қатынасына көңілі толмастан, күйеу баласынан қызын қорғау үшін көптеген әрекеттер жасайды. Енесінің сөздерін көтере алмаған күйеу бала өзінің әйеліне көптеген зәбірлік жасайды. Ата ананың баласы алдындағы кінәсіна күйзелісі жоғарыда айтылған өзін қажетсіз сезіну сезімімен ұштасып, одан әрі үдеп кетеді. Оның үстіне кінәлі сезімнің ушығуына клиенттің жеке өмірінің өз талабына сай келмегендігі ерте жесір қалып, жалғыздық проблемаларын көргендігі одан да күшейіп, қазір қызы өмірінде болып жатқан нақты оқиғаларымен байланыстырылады. Клиент зейнетақыға шыққаннан кейі бос уақыты көбейіп, ол өз кінәсін жою үшін қызына бар уақытын бөлетініне сенеді, бірақ қызын мұндай бастама тек ашуландырып, үрейлендіреді.
Кеңес беру жұсмысының мақсаты – қысқа мерзімдік оқиғаны сараптауболғандықтан біз себептердің төртінші тобы – Жеке проблемалардың үрейлер мен байбаламдар деп аталатын түрлерін талдаймыз. Мұндай жағдаймен жүргізілетін іс шаралар психотерапияда қалыптасқан басқа әдіс тәсілдер көмегімен жүргізіледі және клиенттен арақатынас мол уақытты қажет етеді. Сондықтан кеңес беруші мұндай жағдайда клиенттің басқа мамандарға көрінуі туралы кеңес беруі керек.