Бала өміріндегі проблемалар мен қиындықтар жөнінде кеңес беру

Ата ананың гиперқамқоршылық ұстанымы өзінің баласының көптеген қызықтарын дұрыс бағаламауына алып келетінімен де қауіпті:ата ана оның мінез құлқын қалыптаспаған деп санап, сондықтан оның көптеген әрекеттерін күмән тудыратын ретінде қабылдай бастайды. Көмек сұрай келген клиенттер нақты емес аргументтерге сүйене отырып өте мағынасыз шағымдар айтады: “ маған қызым нашақор сияқты көрінеді. Ол кейде кеш қайтады және оның көздері жанып тұрады.”, “ мені қызымның моральдық бейнесі үрейлендіреді. Мен оны жігіттердің шығарып салғанын бірнеше рет көрдім және олардың екеуімен сүйісіп қоштасты.”. Бірақ клиенттің кез келген әңгімесін шыдамдылықпен кеңес беруші мұқият тыңдауы керек, себебі, бір жағынан бұл шағымдардың астарында өта маңызды ннәрсе жатуы мүмкін, ал екінші жағынан, клиентпен сенімді байланыс орнатылғанда ғана оның пікіріне ықпал етіп, ата ана үрейін өз арнасына түсіруге болады.

Клиентпен ары қарай жүретін жұмыс оның өз баласы туралы айтқан әңгімесінің қаншалықты шындыққа жанасатындығына байланысты болады. Мысалы, клиент:” менң қызым нашақор мұны өзі мойындайды. Ол наша шегуді тастағысы келгенімен бұл талабынан ешнәрсе шықпады. Енді бізге не істеу керек екенін білмейміз.” Деген шағым айтады. Түрлі әлеуметтік және психологиялық ауытқулармен байланысты проблемалар қандай да бір ресми бастамаларға алып бару қорқынышпен ұштасады. Мұндай қорқыныш көп жағдайда ақталған болып шығады. Әрине психологтан көмек күтіп отырған адамның жағдайы қандай қиын боғаныме ол туралы медициналық немесе қандай да бір басқа мекемелерге бұл мәліметті жеткізіп, оны басқа жерлерде көтермеуі керек, бірақ мұндай қатынастың дұрыс шешілуі клиенттің өмірлік оқиғасының жақсаруына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда психологтың клиентке кәсіби түрде көрсететін көмегінің тиімді болуын қамтамасыз етуге негізделген реті бар:

клиентті тыңдау, оған жанын қинап жүрген барлық проблемаларын толық айтуға мүмкіндік беру, оны қолдау

проблемасын шешуге нақты көмек көрсету кімнің қолынан келетінін қайда неліктен және қалай бару керек секілді білікті ұсыныс беру.

Клиенттің баласы толық қандай жағдайда екенін анықтау үшін оны қандай мамандарға көрсетудің жолдарын іздестіру.

клиентке өз баласымен тіл табысып, онымен оңтайлы қарым қатынас орнатуына көмектесу

Бұл міндеттердің ағашқысы өте қарапайым шешіледі: клиентті тіпті еңбек жолын жаңа бастаған кеңесші де бар ықыласымен тыңдай алса, оның проблемасы жеңілдегендей болып қалады. Ата ананың басына осындай жағдай туғанда олар өз қайғысын тек оның басына туған күн, бұрын еш жерде, ешқашан, ешкімге кездеспеген қорқынышты нәрсе өтіп жатқандай көрінеді және бұл проблеманың шешімі жоқ деп есептейді. Клиенттің мұндай үрейленген сезімін төмендетіп, оның жағдайында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне үміттендіруге өте көп көңіл бөлінеді.

Көбінесе клиент өзінің басына туған қайғысымен қайда баратынын, нашақорларды кім және қай жерде емдейтінін психиатриялық көмекті кім және қалай көрсететінін білмейді.Егер психолог клиентке керекті материалдарды игертсе, ол бұл жағдайда өзінің кеңес беруші функциясын психологтың әлеуметтік диспетчерлік қызметі ретінде атқарады – клиентке қайда, қалай бару керек екенін кімге және не айту керектігін не туралы сұрайтынын т.б. қажетті әрекеттері туралы кеңес береді. Кеңес беруші осындай клиенттің психологқа қаралуы барысында оның жағдайларын анықтауға көмектесумен қатар тағы да бір өте маңызды міндетті орындауы керек. Себебі клиент ондағы әлеуметтік ортаның реакциясы қандай болатынын олардың болашағына әсер ету мүмкіндігі қандай екеніне үлкен көңіл аударады. Өйткені ол он баланың ата анасы бола отырып, балаларының ішінде біреуі осындай халге ұшырап, алғаш рет кеңес сұрап келген болар. Бұл жерде не болды, қалай қабылдайды, не айтты7 Бұл мапғынада кеңес беруші қоршаған адамдардың клиентке көмектесуге дайындығын, ал басқа мамандарға қаралу нәтижесінде оның басына түскен жағдай туралы әңгімеден туған қайғы мен ұят күйзелісі ғана емес, қажетті көмекті де әкелетінінің кепілі болуы керек. Қандай да бір себептермен кеңес алудан қорқатын адамның маманға баруы өте күрделі міндет. Мұндай жағдайда өз баласын маманға жіберген ата ана мотивациясының дұрыс тоны мен тәсілдерін таба алмайды. Көптеген жағдайда ол, “ онда саған сенің күшті екендігіңді түсіндіреді” деп сендіреді, қорқытады, яғни баланың ата анаға сенімсіздігін тудыратын сәттерді баса көрсетеді. Қалыптасқан жағдайда ұлына не қызына ол ата ана неніжәне қалай айтатынын талқылау барысында мүмкіндігінше негативті сәттерді алып тастап, позитивті сәттерді енгізу керек. Мұнда осындай оң әсері бар әрекеттер ретінде мыналарды атап өтуге болады:

баланы артық психологиялық және физикалық күйзелістерден сақтауға қажетті көмек көрсетілуі.

ата ана баласына қамтамасыз ете алатын көмегінанонимдік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылуы

егер қажет болса білікті, атақты маманға көрсету

ата ана баласының басына түскен қатерді жағдайға байланысты сезімдері мен күйзелістері жайында әңгіме айту арқылы баласың.( Сен жақсы баласың. Сенің басыңа түскен оқиға кездейсоқтық, оны тезірек түзетеміз де, жайлы өмірімізге ораламыз). Басқада мамандарға қаралу қажеттілігінің тағы да бір дәлелі болатындай мысалдар келтірілуі.

Әңгіме барысында әр түрлі эндогендік аурулар кездесетіндігі туралы, осы отбасының басына келген жағдайлардан басқа көптеген кездейсоқтықтар болатынын ата ана баласы ұшыраған оқиғадан алып шығуға жауаптылығы туралы және осындай осындай мәселені ана мен бала біріге отырып шешкен кездерін үлгі ретінде келтіруге болады.Бірақ клиенттерге алдында тұрған күрделі және бірден шешуді талап ететін оқиға неліктен орын алғанын оны қалай сараптап талдап шешу жоларын табуға ұмтылу мүмкін емесболып көрінеді. Кеңес беруші әңгіме барысында өткен нәрсенің себебін талдау арқылы одан шығу мүмкін екендігін көрсетумен бірге оларды келешекте кінәлау көңілі толмаушылық ұстанымынан біртіндеп болашақ өмірді сеніммен қабылдау және қолдау ұстанымына бағдарлау процесі жүреді. Өкінішке орай көптеген ата аналар балаларының психологиялық және әлеуметтік қиындықтары жайында айтқанда балаларын сынауға және өздерінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдәеуге құмар болады. Ал онсызда қиналып жүрген балалар ата аналарының “ мен сенің олармен байланыспауыңды неше рет ескерттім”, немесе” барлығына өзің кінәлісің, сондықтан сен маған қарсы сөйлеуші болма” секілді ескертулерінің өзін ауыр қабылдап, бұл сөздерді үлкендердің көмектескісі келмейді деп есептеуі мүмкін Мұндай жағдайда тек ақыл кеңес айтып, қалай өмір сүру керек екендігін үйрету кем және мәнсіз шара болып қалады. Балаларға осы жағдайдан шығуға үлкен қолдау көрсету және оларды әрі қарай құлдыраудан кеңес беру немесе жазалаудан емес ата ананың тарапынан білдірген үлкен сезім ғана құтқара алады.

Кеңес бадам ата анаға оның баласының не айтып не істегенін түсіндіріп беретін дәнекершісі ретінде баланың психолгқа немесе басқа мамандарға көрінуі қандай ауыр тиетіндігін түсіндіруге тура келеді.”өзіңізді оның орнына қойып көріңіз, осындай жағдайда сізге біреудің көмектескенін қалайсыз ба”. Бала мен ата ананың қарым қатынасы болғанда ғана баласына шамалы болсада отбасы ықпал етіп, оны кеңес берумен, қолдау көрсетумен есірткі қабылдаудан,әлеуметтік қауіпті адамдардан және оқшаулық сипаттағы қатынастардан сақтай алады. Ата анамен сенімді қатынас боғанда бала бір жағынан оларды көп тыңдауға бейім болады, ал екінші жағынан, жақын адамдарының жанын ауыртудан қорқып өзін өзі ұстаудың өте мықты ішкі құралын қалыптастырады. Олай болса сенім білдіру жағдайы тікелей ғана емес, қосалқы бақылау үшін де көп мүмкіндік береді. Егер ата ананың баласымен қатынасы кеңес алуға келген сәтте айтарлықтай бұзылған болса, оларды қалыпқа келтірудің арнайы іс шаралар, сенім акциясы, ашық әңгімелесу және т.б жоғарыда айтылған әдістемелерді пайдалану арқылы оларды талқылауға болады.

Кеңес берудің бұл формалары қиын жұмыс түрлеріне жатады, сондықтан клиент проблемаларын талдау кезіндетәжірибесіз кеңес берушілерде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы проблемасы бар баласымен не шешесімен сәтті әңгімелесуден соң клиенттің үгіттеуіне жауап мретінде әрине психолог баламен кездесуге бел байлайды. Ал ол бала мүлдем басқа жағдайды, басқа түрде қатынас құрудыжәне араласуды қажет ететіндіктен бұл жұмыс пайдалы болуы да мүмкін, сонымен қатар, психолог баланың ерекшеліктеріне икемделе алмаса бұл кездесу сәтсіздікке алып келуі де мүмкін. Сондықтан психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру алдында және оның барысында психологиялық ықпал етудің барлық формулаларын меңгеруге тырысып, алдын ала жасалған бағдарлама бойынша оны ешқандай жағдайда ауыстырмастан жүргізу керек.

Ата- аналарға өздерінің жеке проблемалары бойынша кеңес беру.

Кеңес алуға келген клиенттердің ішінде балаларына немесе басқа туысқандарына шағым жасағандардың проблемалары жанама түрде айтылғаны анық байқалатындары да кездеседі. Зерттеу барысында бұлардыңі әңгімесінің ешқандай негізі болмағаны анықталса онда психологқа келу себебі ата- ананың басқа да бір жеке проблемасымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиенттің балаларына шағым жасауы оның өз проблемасы бойынша психологқа келуге басқа себеп таба алмағанымен байланысты орын алмағанымен байланысты орын алғаны. Кеңес беруге басқа біреудің мәселесімен келудің мұндай нұсқасы тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, ол туралы психологиялық әдебиеттерде көп мәліметтер бар. Бірақ ата-ананың алдында тұрған жеке проблемасына көшуден бұрын оның бала тақырыбында жасаған шағымдарын тыңдап, оны аяқтау қажет. Психолог клиентпен әңгімелесу барысындаоның өз балалары мұқтаждығымен келгенін растайтын нақты дәлелдер болмаса, оның осы проблема мәселе проблемасының бар екендігі күдік тудыра бастайды және ол адамныңөз өмірінде шеше алмай жүрген мәселелері бойынша шағымыболуы туралы болжам жасайды. Бұл клиенттер кеңес алуға неліктен және қандай нақты проблемалармен келгенін анықтап алу керек. Олардың көбісі балаларынан жасырын келгенін бірден жариялайды, өзінің ұлымен (қызымен)қатынасы жайында сөз ете отырып, олардың көбісі отбасынан еншісін алып жеке тұратын, дербес өмір сүретін және ата-анасының пікірін аз тыңдайтын адамдар екенін айтады. Мұндай клиенттерге психологиялық көмек көрсетуді қиындататын кем дегенде 3 нәрсе бар екенін көрсетуге болады. Олар:

проблема ата-ана көзқарасы тұрғысынан ғана емес ,балалардың көзқарасы тұрғысынан да бар екеніне сенімнің болмауы;

клиент психологтың көмегімен оқиғаны өзгерту үшін оның жоғарыкәсіби беделін пайдаланғысы келгені;

кеңес беруші клиенттің шағым жасап келген адамының өміріне ықпал етуі үшін онымен байланыс жасауымүмкін еместігі.

Клиенттің басқа біреудің, тіпті өз баласыболса да,ісіне араласуыныңөзі күдік тудырады. Сондықтан клиент хабарлап келіп отырған шағымның шынайы негізі бар екендігін анықтауы керек. Психологқа қаралуға негіз болған себептерді анықтау барысында кеңес берушінің міндеті- әңгімені кәсіби өте жоғары деңгейде жүргізіп, клиенттің келуінің басқа, көбіне мойындалмайтын не айтылмайтын себептерін табуы . Бұл мәселені анықтауға келесі тәсілдерді пайдалануға болады:а)клиент әңгімесінде орын алған фактілерді жүйелі түрде талдау; б)әңгіме жүргізу барысында қосымша сұрақтар арқылы негізгі тақырыптардың астарларын анықу; в) клиенттің балалары мен жұбайы туралы пікіріне сүйене отырып отбасында қалыптасқан қарым- қатынас ерекшеліктерін бағалау.

Клиент сипаттаған проблемалық оқиғаларды нақтыландыру арқылы оның өзінің сол оқиғаға қатысты қатыссыздығы мен хабарсыздығын сезіне бастауына әкеледі. Оған баласында байқалатын проблемаларына жаны ашығаны әңгімесінен көріне бастайды.Мысалы, ана қызының проблемасынкелесі сөздермен жеткізуі мүмкін :”ол күйеумен бекер ұрысады,мен сияқтықолындағы екі баласымен бір өзі қалады ғой”.Бірақ жеке проблемалары мен сәтсіздіктердің кеңес берушіге анық естілетін тақырыбын ата-ананың өзі нашар мойындайды.

Кеңес алуға келген клиентке көмектесудің нақты тәсілдерін анықтау үшін оның бастапқы шағымдарының сипатын ескеру қажет. Бұл үшін психолог, мысалы,”Сізді неліктен балаңыздың қиындықтары сонша мазасыздандырады?” немесе “Сіз оның ісіне осындай қол сұғушылық артық екенін ешқашан байқамадыңыз ба?” деген секілді пардоксалды сұрақтар бере отырып, әңгіме жүргізудің өте үлкен белсенділік білдіру ұстанымда өткізуіне болады.Балаларының ісіне ата-анасының шамадан тыс мазасыздануы әшейін ата-аналық парыздың бір бөлзігі ретінде қабылданатын рефлекцияға бейім емес көрініс берген клиентпен жұмыс кезінде басқаша әсерленуді білдіру тәсілдерін психолог кеңінен пайдалакнуы мүмкін. Мысалы, диалог келесі.

Кеңес беруші: “Сіздің балаларыңыз немесе сізді өте жақсы білетін басқа адамдар сіздің олар туралы шамадан тыс қам жейтіңізді еш уақытта айтқан жоқ па ?”

Клиент:”мен енді балама алаңдамағанда, кімге алаңдауым керек?Немесе, мүмкін, сіз маған ол үшін не нәрсе қажет екені туралы кеңес берерсіз. Сол айқаныңызды орындасам ол мені сыйлап, тыңдайтын болатын шығар”.

Кеңес беруші: “Сіздің өміріңізде шынында одан басқа алаңдайтын ешнәршсе жоқ па? Балаларыңызға сіздің күнделікті айтатын ақылыңыз,беделзіңіз,көрсететін қызметіңіз өте қажет пе?”.

Осындай диалогтың шеңберінде психологиялық кеңес алуға неіз болған нақты проблеманы анықтауға болады.Ата-аналар өздерінің ересек балалары жөнінде шағым жасауына негіз болатын жеке проблемалары мен күйзелістері келесі сипатта жиі кездеседі:

Өзінің ең жақын адамдарға қажетсіздігін сезінуі,өз өмірін өзіне бағындыра білмеуі,қоршағандар мен балаларына өкпелеуі (міне қартайдым, енді мен ешкімге керек емеспін);

Жеке өмірінің сәтсіздігін сезінуі және бұл қайғы-қасіреттерді балалардың болашағында орын алуы мүмкін деп болжамдауы( олар менің қателіктерімді қайталамасын деген ойға жиі бөленуі);

Өзінің баласын тәрбиелеуге назар аударуының тапшы болғаны үшін бала алдындағы кінәсін мойындауы,сол қатесінің орнын толықтенуі;

Өте маңызды жеке проблемалары мен күйзелістері.

Клиенттердің проблемасын осылайша сыныптастыру – кеңес беру процесіндегі маңызды қадам. Бұл жерде кеңесші тарапынан ескерілетін маңызды мәселелердің бірі – психологқа келген адамның оның неліктен келген себебін психолог өзінше түсініп, сол түсінігін клиенттің мойындауына мәжбүрлегендей сезім алауы керек. Клиенттердің проблемаларын талқылауға көшкеен психолог: “ Ересек балаларыңыз жайында сонша алаңдаудың керегі жоқ, олар бәрібір мұны онша түсіне алмай қалуы мүмкін. Ал сіз оны бағаламады деп түсінесіз, оданда өзіңіздің өміріңізді оңтайландыру туралы ойланыңыз”, немесе: “Оларды асырадыңыз, мамандық алуға көмек көрсеттіңіз, үйлендірдіңіз. Сіз ата аналық парызызыңызды толық орындадыңыз. Ендігі жерде өзіңізді ойлаңыз. Денсаулығыңызды сақтап, әлі де қажетті жерінде қол ұшын бере алсаңыз балаларыңыз үшін ол үлкен қамқорлығыңыз болады.” – деген секілді қандайда бір рационализациялық ұсыныстар айтылуы мүмкін. Клиент өз өмірін бос өтіп жатқандай сезінетіндігін немесе мәнсіз деп түсінуін суреттеуіне мәжбүр болмайды. Оған ең басты көмек көрсететін адам өзі екенін түсіндіріп және психологиялық көмекке немесе кеңеске сүйенгеннің ешқандай ұяты жоқ екеніне көзін жеткізудің өзі кейде жеткілікті болады. Содан соң ғана клиент алдында тұрған проблемаларды толық таңдауға көшуге өзі ризашылық білдірсе оны жан жақты талдауға болады.

Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.

Клиент өз өмірін мағынасыз, бостан босқа өтіп жатыр деп түсінетін жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті — оның өмірін мағыналы істермен толық тыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттің оның қандай салада жұмыс істегенін, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіндігі туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгіме барысында орын алған жан жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді. Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз, ол клиенттіөзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толықтырып, өз өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндайә белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүріге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптесінің болуы. Мұндай әріптесінің пайда болуының 3 нұсқасын көрсетуге болады. Олар отбасы мүшелерінің бірі, ескі достары мен таныстарының бірі, жаңадан танысқан адамдарының бірі болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда клиенттер өз отбасы мүшелерінің, туыстары, балаларымен немерелерін онша бағаламағанын , өз қажеттілігін көрсетуге тырысып, олардың істеріне қол сұға бергенінен отбасындағылар оның өзі қажетті және қызықты адам екені туралы ұмытып та кеткеніні түсінуі керек. Мәдени іс шаралар мен ойын мсауықтар бойынша әріптес ретінде олар көбіне өздерін түсінбейтін, кішкентай болғандықтан ешнәрсеге қызықпайтын адамдар ретінде бағаланып жүрген клиенттің немерелері бола алады. Олар клиент үшін кеңес берушінің көмегінен басқа да рөлде — өмір туралы жаңалық білгісі білгісі келеді, басқа адамдарды түсінуге көмек қажетті және маңызды деп қабылдамайтын , не болмаса қандай да бір себептер бойынша назар аудармайтын, бірақ көмекті қажет ететтн адамдар да болуы мүмкін. Бұл туралы әңгімелесу барысында ол отбасындағы қатынастар жүйесіндегі өз ұстанымына терең үңілуіне көмектеседі.

Қажетсіздігі мен жалғыздық сезімінен жапа шегушілер проблемасының көпшілігі қарым қатынас жасау қиыншылығымен байланысты. Олардың да достары мен жалдастары болғанымен олармен өте сирек кездеседі, бос уақытты өткізудің жеке нұсқасы қалыптаспаған болады. Осындай клиенттердің өмірін шын мәнінде өзгерту үшін, психологтың бұл өзгерістерді мұқият жоспарлауына , таныстарының қайсысына және қалай қарым қатынас жасайтынын, қандай ұстаным керектігін, достарымен кездесу не қоңырау шалу шын мәнінде қуаныш әкелуі мүмкін екендігін, бдос уақытты өткізуге кейбір істерді басшылыққа алуға болатынын ойластыруға тура келеді.

Жалғыздық сезімге бөленген адамға әңгімелесу кезінде оның сөзін мұқият тыңдау, кейбір ойларын мақұлдап қолдау көрсетумен назар аударудың өзі оң ықпал ете бастайды. Оған өмірлік арманы туралы ойлануға көмектесу, өзін белсенді қажетті сезінудің бастамасы болады. өкінішке орай, клиентте жеке идеялар аз немесе олар аморфты болатын кездері, ал достары мен туыстары арасынан әріптес табу қиынға соғатын кездерде бар. Сондықтан да спихологтың жүргізген жұмысы жемісті болу үшін кеңес алушы қашан, қайда қалай бару керектігі, немен айналысуы туралыидеяларын клиенттің мақсат мүддесін есепке ала отырып, соларға сай ұсына білу керек. Кеңес беруші түрлі клубтар, бірлестіктер кештер туралы мәліметтілігі толық болса ол талқылауға қажет материалдар ретінде көптеген ақпараттар ұсына алады. Бұл жерде клиентке ұсынылған нұсқаның қаншалықты оның жасына , өмір тәжірибесіне қызығушылығына т.б, ерекшелігіне сәйкес келетіні емес, оны жаңа идеялар іздеуге , жаңа достар мен таныстар табуға мәжбүрлеу маңызды. Мұндай іздеу мүмкіндігін сезінген адам енді кеңес берушінің көмегінсіз жеке қалауы бойынша бір нәрсе табуға тырысады. Сондада қарым қатынас шеңберін қалай кеңейту , жаңа танымсстықты қалай арттыруға болатыны жөнінде арнайы талқылау жүргізу өте пайдалы.

Өз өмірінде сәтсіздікке көп ұшыраған ата ана қол жеткізе алмаған табыстарға баласы жетсе екен деген тілегі жәнге баласы да сәтсіздікке ұшырайды ма, оның да қолынан келмейтін шығар деген қорқыныш кең тараған проблема. Әдетте ата аналардың мұндай терең күйзелістері баласымен қарым қатынасын қиынедатыпм жібереді.

Кәрі адамның өмірге көзқарасын өзгерту оңай мсміндетемес, оның үстіне мұндай адамдардың өмірі көбіне қиын жағдайларда көптеген сәтсіздіктермен ұштасып өткені белгілі. Оның үстіне мыңдаған адамдар жылдар бойы қызмет етіп, сеніп нанып келген нәрсе өтәірік, жалған жол болғаны кенеттен түсініп, әлеуметтік жағдайлардың юірден күрт өзгерумен байланысты бұл проблема ьағы бір сыртқы себебі пайда болып одан әрі, тереңделді. Мұндай клиенттердщі бәрінен бұрын сабасына түсіріп, жеке кісілік құны бар екеніне сендіріп, олардың өздері өзге адамдарға қажеттілігін түсіндіріп, дәлелдеп түсіндіру керек. Мұндай проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу спсихологтан үлкен шеберлікті қажет етеді. Оларға көмектесу үшін нақты не істеуге болады. Біріншіден, клиенттің өз өһміріне қолынан келгенінің барлығын жасағанын көптеген шынында да маңызды қиындықтардан өткенін осы жолда соншалықты күш жұмсағаны, заяға кетпегенін дәлелдеу. Екіншіден клиенттің өз өимірінде көптеген жетістіктерге ие болғанын жақсылап көрсету. Бұл жерде адам өміріндегі шынайы жетістіктері туралы көп нәрсені атауға болады: Ғылыми дәрежелері, рухани құндылықтары, адамдарға көмектескені, балаларын ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғаны тиуралы, немерелеріне қамқорлығы т.с.с. Үшіншіден өмірде адамның неге қол жеткізгені емес, қалай жеткені маңызды екенін клиентпен талқылау. Бұл мағынада клиенттің шыншылдығы, әділеттілігі, ақ көңілділігі, мейірімділігі, сезімталдылығы, өмірде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан сақталған адамгершілік қасиеттері маңызды құндылық. Екенін көрсеті керек. Психологқа мұндай проблемаларды талдауға арнайы әдебиеттер үлкен көмек көрсетеді.

Ата ананың бала алдындағы кінәсін сезіну. Бұл кең тараған, феномен. Ата анасының кінәлі сезінуі баласының кішкентаай кезіндегі әрекетінен және оныкң басынан өткен оқиғаларымен байланысты болғандықтан бұл бұл жағдайға өмір бойы бөленіп жүру сыйымсыз екенін түсіндіру қажет. Осындай жағдайда кеңес берудің өте қарапайым және тиімді тәсілі – клиенттің осы сезімінің мәнсіз екендігін дәлелдеп беру. Мұны түрлі жолдармен түсіндіруге болады. Мысалы клиентке баяғы заманда өтіп кеткен кінәні жою мақсатында жасайтын әрекеттерінің мағынасыздығын түсіндіру. Өткен оқиғаны талдау барысында ата ананың өзінің баласы алдындағы кінәсә жас кезіндегі отбасы жағдайына байланысты жұмысбасты болып, оларды тәрбиелеуге онша көңіл аудара алмағанын ақтау үшін қазіргі өмірінде қол сұғуы, күнделікті жүріс тұрыстарын, істегендерін қадағалау формасында жүруі мүмкін. Жастиайынан дербестікке үйренген баласы осы қамқорлықты онша түсіне алмайды да, нәтижеде қарым қатынасын түзету орнына бұл кешігіп көрігніс берген гиперқамқорлық баламен қарым қатынасын қиындатады. Клиентпен өткенді әңгімелесу барысында оның күйзелістері, мазасыздануының обьектісі болып, жүрген адамға ата ананың қазіргі әрекеттері оқиғадан шығудың бірден бір жолы. Болмағанын көрсету де пайдалы.

Мұндай өзін өзі кінәлаудың мысалы ретінде жалғызбасты анаға ақша керек болып жұмысқа шығуға тура келгені, сол кезде отбасында кішкентай қызына қарайтын ешкім боллмағандықтан оны өте ерте балалар бақшасына берген клиенттің басынан өткен оқиғасын келтіреміз. Бақшада қызы құлаған, соның әсерінен қызы баспа ауруымен ауырады, нәтижесінде оның бір құлағы мүлдем естімей қалады. Бұл қыз әлдеқашан ер жеткен , ал клиент сол оқиға үшін өзін өзі кінәлайды, қызының күйеуімен тіл табыса алмай жүргендігі оның құлағының ауырлығымен байланысты деп есептейді. Сондықтан қамқорлық көрсеткісі келген ана ерлі зайыптылардың ара қатынасына көңілі толмастан, күйеу баласынан қызын қорғау үшін көптеген әрекеттер жасайды. Енесінің сөздерін көтере алмаған күйеу бала өзінің әйеліне көптеген зәбірлік жасайды. Ата ананың баласы алдындағы кінәсіна күйзелісі жоғарыда айтылған өзін қажетсіз сезіну сезімімен ұштасып, одан әрі үдеп кетеді. Оның үстіне кінәлі сезімнің ушығуына клиенттің жеке өмірінің өз талабына сай келмегендігі ерте жесір қалып, жалғыздық проблемаларын көргендігі одан да күшейіп, қазір қызы өмірінде болып жатқан нақты оқиғаларымен байланыстырылады. Клиент зейнетақыға шыққаннан кейі бос уақыты көбейіп, ол өз кінәсін жою үшін қызына бар уақытын бөлетініне сенеді, бірақ қызын мұндай бастама тек ашуландырып, үрейлендіреді.

Кеңес беру жұсмысының мақсаты – қысқа мерзімдік оқиғаны сараптауболғандықтан біз себептердің төртінші тобы – Жеке проблемалардың үрейлер мен байбаламдар деп аталатын түрлерін талдаймыз. Мұндай жағдаймен жүргізілетін іс шаралар психотерапияда қалыптасқан басқа әдіс тәсілдер көмегімен жүргізіледі және клиенттен арақатынас мол уақытты қажет етеді. Сондықтан кеңес беруші мұндай жағдайда клиенттің басқа мамандарға көрінуі туралы кеңес беруі керек.