Балаға қатысты ата-ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау

Балаға қатысты ата ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау.

Ата аналардың үрейлерінің, шағымының негізінде ата ананың баласына қатысты гиперқамқорлық ұстанымы жетекші болғанда, баланың шынайы мұқтаждықтарын түсінбей оны өктемшілікпен басқаруға,кеңес беруге, ұсыныс жасауға ұмтылушылығы жзатады. Бұл жағдайда шағым негізінде жатқан бала әрекетінің ерекшелігі – ата ананың бала мұқтаждығына зеіндік, құпиялық, баланың өзіндік тәуелсіздігі үшін күрес тәсілдерінің барлығы, гиперқамқорлықтан қашу болып табылады. Мұндай гиперқамқоршы ата-аналар әрекетінің доминаттығын ескермеу, не оны қалыпты және табиғи нәрсе днп қабылдау тән: “Мен оған тек жақсылық тілеймін”, “Мен мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы білемін”. Клиенттің дәлелсіздігі, оның жеке мінез құлқына жайлы қатынасы психологтан әңгіме кезінде ерекше абай болуды талап етеді. Кері байланыс барысында, адамның мұндай мінез-құлық көрсетуін растайтын жеткілікті фактілер жиналғаннан соң ғана түсіндіруге болады.Гиперқамқоршы ата-аналармен жұмыс жүргізу кезінде олардың баласына қоятын талаптарының шамадан тыс қатал екендігін және баланың дербестігіне ешқандай жол бермейтіндігін танықтап алған жөн.

Мұндай жағдайлардағы кеңес берушінің міндеті- ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымын бұзу немесе күмәнді ету, сондақ-ақ мүмкіндігінше, оны басқа қатынастармен ауыстыру керек екеніндігі дәлелдеуді талап етеді. Бірақ бәрінен бұрын тағы бір өте маңызды қадам жасау керек: ата-ана (гиперқамқоршы) әрекеті мен бала әрекеті (құпия сақтаушылық, сыйламаушылық, дөрекелік көрсету сияқты қатынастар) ерекшеліктерін бір-бірімен байланыстыру арқылы осы жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп іздеу керек. Әдетте гиперқамқоршылық жағдайынан ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың күделікті өмір тудыратын жақтары бар және олар шиеленістер мен ұрыстардың негізінде жатады. Мұндай талаптар ересек баланың алдында тұрған қандай да бір әлеуметтік орындауымен байланысты болуы мүмкін:” сен и институтқа түсуге қашан дайын боласың ”, “ сенің сыныптастарыңныңм барлығы әлдеқашан аралық аттестацияға дайындық жасап жатыр” деген секілдікүнделікті айып тағумен,немесе:” телефонмен ұзақ сөйлеспе, ол әдепсіздіктің көрсеткіші”,”Неліктен сен үнемі үйге кеш келесің”,” сен маған еркелеуді доғар,” “ өз ыдыстарыңды тез арада жу”, “ киімдеріңді күтіп ұста” деген тұрмыстық оқиғалармен де байланысты бола алады.

Ата аналармен олардың өз балаларына қоятын талаптары туралы осындай әңгімелесу кезінде түсінбестік пайда болудың негізі неде екені анықталады. Ата ан,а өз талаптарын қандай сөздермен және кімдерге айтылғанын, басқаша айтқанда сәбидің жасы нешеде екенін ескеру керектігіне ерекше көңіл аударған дұрыс. Олар көбіне әңгіме 9-11 жасар бала туралы болып жатқандай естіледі. Бірақ бұл жерде әңгіме бұл жастан әлдеқашан асып кеткен бала жайында болып отыр, сондықтан ата аналардың балаға қатынасты сөздерінің, балаға деген ұстанымының дәлелсіздігін растайды. Егер клиентпен “ Сіз мұның бәрін оған айтудағы мақсат қандай” деп сұрасаңыз,” Мен оны қажетті нәрсені үйренуге және мәжбүрлеуге тырысамын, немесе “ Мен оның күнделікті не істеу керек екенін күнделікті есіне салып отырамын, әйтпесе ол мұны жасауды ұмытып кетеді” деген жауап айтады. Мұндай жауаптардың негізінде ата ананың келесі ұстанымдары жатады:

қашан, қалай жасау керектігін білетін, түсінетін және қандай да бір басқа нұсқа бойынша орындаған нәрсені өткізбейтін мұғалімнің түсінігі туралы.

алдында тұрған міндеттерге сай тәрбие беруге, талаптарды мүлтіксіз орындауға мәжбүрлеуге, оларды орындаудың қажеттілігін түсіндіріп көзін жеткізуге қабілеттілігіне сенімділік

баланың қабілеті мен мсүмкіндігін төмен бағалау, оған сенімсіздік білдіру

Ата ананың мұндай әрекеттері баланың өздігінен ешнәрсе істей алмайтындығына сенімі қалыптасқандығын білдіреді. Мұндай жағдайдағы кеңес берушінің қызметі – ата ананың ұлына (қызына ) қатысты гиперқамқоршы ұстанымының тұтастығын бұзу немесе күдіктендіру, сонымен қатар, мүмкіндігінше, олардың бастарынан өткен жағдайларды шешудің басқа жолдарымен және көріністерімен алмастыру.

Бірақ алдымен тағы бір маңызды қадам басу керек: гиперқамқоршы ата ана мінез құлқы мен бала әрекетінің ерекшеліктерін бір бірімен байланыстыру. Әңгіме барысында кеңес беруші ата ана шағымымен бала реакциясы арасындағы байланысты клиентке көрсете алады. Мұны клиенттің әңгімесіндегі орын алған түрлі формадағы ат ана талабына ұлы немесе қызы тарапынан агрессия байқалғанын немесе әке шешесін бағаламайтындай реакция анық көрініс берген жағдайларды талдау арқылы жүргізуге болады.

Ақпараттың тағы бір маңызды көзі – ата ананың өздерінің айтуы бойынша балаларының ата анасын бағалауы. Мұндай ақпарат алу үшін әңгімелесуді келесі бағытта жүргізуге болады: “ сіздің ұлыңыз (қызыңыз) сіздің әрекетіңізге қалай қарайды, олар сіз туралы не айтады. ” деген сұрақты қою жеткілікті. Егер клиент “ ештеңе” немесе “білмеймін” деген сияқты жауап берсе оған қанағаттанбаған дұрыс. Психолог бұл жағдайда біршама табандылық көрсетіп сұрақтарын жалғастырып: “ Сіздер ұрсып қалған жағдайда ол сізге не айтады” деген сұраққа жауап бергенде, жұмысты тапсырғанда баланың берген жауаптарын келесі варианттарда көрсетуі мүмкін: “ Ол: сен маған инеге тиісе бересің деп айқайлай бастайды, жалықтырдың, езме, сен ешнәрсеге түсінбейсің”. Бұл сияқты мәліметтер ата анасының балаға берген тапсырмасының қайсысы және қашан айтқаны ұнамағанымен қоймай, ата анасының әңгімесі бірден қайтарылып, селқос қабылданатындығын көрсетеді.

Қолданылуы гиперқамқоршылықтың негізінде жатқан механизмдерді ашуға көмектесетін ақпараттың тағы бір көзі – ата анаынң психологиялық көмекке неліктен дәл қазір қажеттенгенін қатынастар проблемасы неліктен ушыққанын, соңғы уақытта баланың мінезінде қатынас жағдайында не өзгергенін сараптау. Қарым қатынасының ушығуының арқасында баланың қарапайым есею процесі және оның ата ана бақылауынан кету қажеттілігі жатуы мүмкін. Бірақ, көбіне бала өмірінің өзгеруімен байланысты ата ана тарапынан оны бақылау мүмкіндігі азаяды, не ата ана өмірінің өзгеруі нәтижесінде гиперқамқоршылыққа қажеттілік өсуіне ықпал етеді. Сондай ақ баланың өзі де өзгеруі де мүмкі: бұрынғыға қарағанда нашар оқи бастады, ата анаға ұнамайтын нәрселерге қызыға бастады, онда құпия пайда болды және осылайша ол ата аналық қамқорлықпен бақылаудан шығып кетеді. Қарым қатынастың бұзылу кезін іздеу клиент көзқарасы тарапынан мұның неліктен және қалай болғанын саралау арқылы жүреді. Бұл ата анаға өзінің гиперқамқорлық ұстанымының теріс әсерін ұғынуына тамаша материал бола алады. Мысал ретінде нақты оқиғаны келтіреміз:

Кеңес алуға келген ана шағымы: қызым менімен сөйлесуден қашқақтайды, дөрекі мінез көрсетеді, кеш оралады, одан өтінген нәрсені істеуден бас таратды. Анасының көзқарасынан бұрын қызы өте тілалғыш және жан жақты дамыған болған,бірақ соғңғы уақытта ол бірнәрсеге ұшыраған сияқты. Клиент қызының осы жазда мектепті үздік бітіргенімен институтқа түспегенін айтты. Ата анасы оны таныс арқылы ғылыми зерттеу институтына лабарант етіп орналастырды, жұмыста оның үстінен шағым түспегенімен, оның үйдегілермен қарым қатынасы бірден нашарлады.

Клиентті жан жақты әңгімеге тарту нәтижесіндеқызының өзі үшін өмірінде бірінші рет өз бетімен қадам жасағаны анықталды. Шешесі қызының осыны кешіре алмай, оған күнделікті эмтиханды қиын екенін есіне салып,”анасын тыңдау” керектігін түсіндіреді. Оны ата анасы оқуға түсуге мәжбүрленген оқу орнына жұмысқа орналастырылды, оның үстіне күнделікті қызын және өзін, бүкіл отбасының атына кір келтіргенін , өзі ешқашан ешнәрсені тындыра алмайтыныны үшін кінәлап, өздері таңдаған институтқа болашақта түсуге мәжбурлейді. Кейде баланың ашық айтқан ойлары мен өздерінің өмірге деген көзқарастары туралы әңгімелері ата анасының ұстанымдарына тура келмей ұрыс қағыстар мен шиеленістер тууына негіз болатынын өзін келесі сөздермен қорғағысы келеді:” Саған енді өз проблемаларым туралы тіс жармаймын, сен бүкіл фактілерді өзіме қарсы қолданасың” немесе тағы бір ұрыс кезінде айтылған әңгіме:” енді маған осыны тағы қайталасаң – мен асылып өлемін. Мен сенің бір сөзіңді естуден жалықтым”. Клиенттің мінез құлқын сипаттайтын бұл әңгімелердің негізінде анықтау үшін одан:” шынында сіз оған күнде не айтасыз” немесе “ ол сізге мұны өзіне қарсы пайдаланғаныңызды айтқанда нені айтып отыр” деген сұрақтарға жауап талдау керек. Мұндай таладу барысында көбінесе ата ана өзінің әрекетінің сын көтере алмайтындығын түсінуі керек. Әрине бұл жерде түрлі ақтаулар тууы мүмкін: “ Мен не істеуім керек “ деген сұрақтар туса, ол өзінің жеке ұстанымын гиперқамқорлықтың көрінісі ретінде бағаланғаны – осындай оқиғалар кеңес берудің бұрылыты сәттерінің бірі болып табылады. Бірақ бірнәрсені өзгерту проблеманы шешуде жеткіліксіз. Клиент мәселені толық түсіну үшін онымен бірге жоғарыда айтылған және бұл жерде орын таппаған нәрселердің барлығын толық қарастыру қажет. Оның балаға сәикес ұстанымын , күнделікті әрекет ету нәтижелерін , сондай ақ өзінің баласы туралы түсінігін ортаға салып, олардың оң теріс жағын анықтау арқылы ата анлық борыштың ерекшелігімен баланың жас ерекшелігіне байланысмты құрып, олардың жеке тұлғалық шешімдерін талдау қажет екеніне көзін жеткізу керек.

Кеңес беру барысында бәрінен бұрын шешуді қажет ететін мәселе — өте білгіш жол көрсеткіш, ата ана ұстанымының дәлелдігімен нақтылығына, сол ұстанымды ұстанудың қажеттілігіне күдік тудыру. Сонымен қатар 20-30 және 40 жасар балаға күнделікті барлық нәрселерді түсіндіре тырып қандай да бір позитивті нәрсеге жетуге болады. Ол баланың жеке тұлғалықерекшеліктеріне байланыстылығын клиент толық түсінуі керек. Сонымен қатар дербестік, өз өмірін өзі құруға ұмтылушылық оң қасиеттер екенін түсінуінің мәні терең. Кейде клиентке “ сіз балаңызға дәл осының қажет екеніне сенесіз бе” немесе” қалай ойлайсыз егер сіз барлығын дұрыс айтқан болсаңыз неліктен ол сізді тыңдамайды.” Мұндай проблемалар көбінесе ата анамен баланың өмірі, оның прорблемалары мен құндылықтары туралы түсініктерінің айырмашылығымен ерекше орын алады. Гиперқамқоршы ата аналарға кеңес беру кезінде олардың балаға деген көзқарастарын талқылау керек емес, тіпті мүмкін емес. Бұл клиенттердің жеке өмір принциптерін түсінуге бағытталған мәселе болғандықтан оны талдау барысында ата ана мен бала қатынасынан тым алыстатып кетуі мүмкін. Сондықтан ата аналардың бала тәрбиелеудегі ұмтылыстарының ерекшеліктерімен шектеле отырып, оның күшіне күдік тудыру, олардың арақатынасындағы бір біріне мінез көрсетуін сараптауға көшу тиімдірек болады. Ата анасының баласын тәрбиелеуге бағытталған күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай түрлі бағытпен жүруі мүмкін:

бала үшін түсініксіз және мысалдар мен әңгімелер арқылы тікелей жасалған ықпалдың тиімсіздігін дәлелдеу

қысым ретінде жүргізілген ата ана әрекеті көбіне бағынуды емес, қарсыласуды тудыратындығын көрсету

қысым мен қатал бақылау бір ғана нәрсеге әкелетіндігін – баланың қатынастың бұзылу сипатына ие болатындығын ұғындыру.

Ата ананың баламен күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау әрі қарай осы аталған үш бағыттың біреуімен жүреді. Отбасындағы қиын жағдайлар қатарындағы нақты түрлері ретінде бір нәрсені түсіндіруге, сенуге мәжбүрлеу де орын алады. Ата аналық бақылаудың мұндай формаларының тиімсіздігі жайлы сөз қозғай отырып олардың өз баласына жауапты екенін де ұмытуға болмайды. Мұнсыз клиенттің басты сұранысы қанағаттандырылмайды,қарым қарым қатынасы орнына келмейді. Балалармен қатынас нашар жағдайлар қатарына қойылғанына не себеп болғанын нақтылау арқылы бір нәрсені істеуге мәжбүрлеу тәрбиелеуде пайдалануға болатын және кеңінен пайдаланатын. Тәсілдер екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын айта отырып, ата аналар бақылаудың мұндай формалардың қай кезде тиімді, ал қай кезде тиімсіздігі жайлы сөз қозғап, оны дұрыс бағалауы керек.. Оны барлық уақытта негізгі тәсілдер ретінде қолдануға болмайтындығын түсіну арқылы шағым жасаған ата ананың басты сұранысы қанағаттандырылады.

Әдетте әңгімелесу кезінде “менсіз ешнәрсе істей алмайды” немесе “ол мұны түсінбейді” деген сияқты өте көп шағымдар орын алатындықтан бұл сұрақты талдау қиын емес. Осы және осыған ұқсас ілікпе сөздер ата ананың балаға сенімсіздігінен, оның ересек болу, тәуелсіздігін көрсету ниеті мен мүмкіндігін терең бағалауының көрнекі куәлігі. әрине ата ана үшін кез келгенжастағы бала бәрібір сәби екенін растауға дайын клиенттер кездеседі. Бірақ бұл жерде ең бастысы сәби болу не екенін түсіну- сүйікті болу, қамқорға бөлену немесе қамқорсыз болу.Біжағынан гиперқамқорлық туған адамның тағдыры туралы ойлану, оны күту, баптау және мулдем басқа жағынан – оған өз бетімен өмір сүруге мүмкіндік бермей, әр бір қадамын қатаң қадағалау. Бұл кеңес беруге қиын, шешімі шиеленіс және күрделі тақырыпты талдау нұсқаларының бірі – гуманисттік психологияны пайдалану, атап айтқанда, Н.Роджерс қалыптастырған ұғымдар тұрғысынан әңгімелесуді талап етеді. Адам өзіне сенім артқанда ғана ересек және дербес бола алады және осы жағдайда ғана ол өз күшіне сенеді. Адамдардың мүмкіндіктеріне басқалардың күдіктенуі оның өз күшіне сенімін селдіретіп, оны беғам және дәрменсіз жас баладай етеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт дәстүрлер бойынша біздің халықтық мәдениетіміз бойынша ата аналар балаға сенім білдіргенімен олар есейгенде де қатаң қадағалау секілді дәстүр сақталған Сондықтан баланың пікірімен санасу тұрғысында ата ана онша ойлана бермейді және бұл туралы әңгіме оларға жаңалық секілді естіледі. Оның үстіне баласына қатынаста белгілі скептицизмнің үлгісі болады. “Ол өз басын алып жүре алмайды”, “оның жаны нәзік басқалардан қысым көреді” деген уәж айтады. Әрине гиперқамқоршылық тенденциясы барлық адамдарға бірдей емес, біреулер оны қажет етеді, өзгелердің басшылығымен өмір сүрген оларға қолайлы, ал екіншілері өз өмірін өздері дербестікпен басқарғанды қалайды. Сондықтан мұндай клиенттерге балаларының бостандық алғысы келетінін , ерекше қамқорлықты жасырмайтынын, осы себепке байланысты ата ансының көзқарасын нашар бағалайтынын мойындау қиын. Мұның бәрі ата анға өзін қайта тәрбиелеу қажет екенін көрсетеді.

Байбаламшы ата ананың баласымен қарым қатынасында жіберілген қателіктің бастысы – гиперқамқоршылық екенін түсініп, оның ерекше “ мейірімділікпен” жасаған қамқорлығы тіл табысуының көмектесуші емес, төмендетуші күш болатындығы жайында ойлануы керек. Кеңес берудің бұл кезеңінде психолог клиентпен жүргізген әңгімесін бастапқы сұрақтармен ғана шектеп қоймай, мінез құлықтың көне тәсілдерінен басқа өте жұмсақ және дәл сөйлемдер құрастырып, балаларына сенім арту керектігін олармен байланысты жаңа пікірмен санасу сатысында жүргізу жаңа қатынас арқылы проблемаларды шешу жолдарын іздеуге тарту керек. Бақылаушы, өқамқоршы ата ананың пікірінше өзінің ескертулері, күнделікті қатаң қадағалауы болмаса онда бала “ оқи алмайды”, әрқашан барлық баратын жерлеріне кешігіп жүреді, “уақытында тамағында ішпейді” , “үй тапсырмаларын орындамайды” “ ойларына өзі сенетіндіктен баласына бостандық беру оған да оңай емес. Сонықтан ата ананың мақсаты мен талабының бір біріне сәйкестігі де талқылануы керек.

Осы мәселені талдау барысында бала өмірінде ата ананың сөзі өте күшті әсер ететінін тәрбие көзі екенін кішкентайлар үшін бақылау бала өмірінің қажетті элементі болатынын түсінуі керек. Баланывң өсуі мен бірге оның әрекеттері де өзгеріп біртіндеп оның санасының жетілуімен бірге дербестігі қалыптасады. Осыған ата аналар даяр болып дер кезінде балаларына өз бетімен өмір сүруге үйретпесе олар болашақта өзінің өмірлік парызын атқаруға даяр болуы екі талай екендігін түсіну қажет. Бала көп жылдар бойы, ата анасынан бөлек шыққанда бақывлау мен ескертудің болмауына байланысты жеңілдеу емес,құлдырау сезінуі мүмкін. Егер ата ана баласының шынында ересек адам болғанын қаласа, онда осы ересектік белгілері қалыптасып келе жатқан кезеңге осы жолда олардың көптеген қателіктеріне шыдауы керек. Балаға дербестік берудегі ата ананың көмегі тиым салудан емес, осы қиын жолда ізденіс үстіндегілерге қолдау көрсетуден тұруы мүмкін . сонда ата ананың қамқорлығын бала қуана қабылдайды.

Кеңес беру табысты өткен жағдайдың өзінде ата аналардың баласымен қарым қатынасының олардың өмірін басқаруға бағытталған көптеген әрекеттердің мазмұны өзгеруі екіталай. Егерде өзгеріс болып, олт өзгеріс тез арада бала тарапынан байқалып, жаңалық оң көзбен бағаланбаса, онда жақын адамдардың қарым қатынасына бұрын қалыптасқан әдеттер мен стеоротиптер қайта орын алады. Психологқа қаралу барысында талқвыланған ата ананың негізгі сұранысы- баласымен қарым қатынасын жақсарту. Сондықтан клиенттің ұлы( қызы) өзгерістерді тез сезіп, осы өзгерістерді бағаласа осы үлгіні болашақта жүзеге асыру жолдарын игеру оларға онша қиын болмайды. Кеңес беру әсерлі болу үшін қарым қатынас барысындағы жаңалықтарды меңгерту де осы тәжірибені нығайтуда өте жылдам жүруі тиіс.