Жас өспірімдерге тән мінез ауытқулары.
Жасөспірімдерге психологиялқ қызмет көрсету барысында оларды терең толғандырып және алаңдатып отырған кез келген мәселені анықтауға келесі екі факторды ескеру қажет. Біріншіден, жас кезеңіндегі тұлғалық даму ерекшеліктерін толық суреттеу, екіншіден, тұлғааралық қарым қатынас процесін оңтайландыруға әсер ету. Бұл екі фактордың бір біріне сай келуі кеңес беру және коррекция жүргізу стратегиясын адекватты құруға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдер үлкендікөмірге жақындағандықтан олар өздерінің келбетін сәнді үлгілерге ұқсас етіп шығаруға тырысу әсіресе қыз балаларда өте көп уақыт алуы мүмкін. Балалар үшін сыртқы көріністері “ балалық ” түрде болмай , ересектерге ұқсас болғаны, кездесулер дәстүрлі би, шарап болатын кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда балалар алғашқы кезде өздерін көбінесе ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді. Дегенмен мінез құлықтың, қарым қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтауға тырысады. Көптеген балалар студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, теледидардан көшеден көргендеріне еліктейді.Жасөспірімдер әкесінің, ағасының, жақын танысының үлкендік қасиеттерін мақтан етеді, оларға ұқсауға тырысады, олардың қасиеттері туралы сүйсіне әңгімелейді. Сонымен қатар балалардың өздерінің арасында күштілігімен, бағыттылығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдастары да жасөспірімдерге үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері ұзілді кесілді айыпталады. Өзінің батылдығын көрсету үшін жастар шектен асқан істерге,ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы мүмкін. Осы кезде дене күші ерекше жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ балалар ішінде кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі және ол күштілерге басқалары тәуелді болып жүреді. әсіресае ұл балалар өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне басқалардан күшті екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты орын алады. Балалар өзінің күшін еркін, батылдығын дамыту үшін әр түрлі жаттығаулар жасап, спорт түрлерімен шұғылданады. Егер осы жолда балалар сәтсіздікке ұшыраса олардың көңілдері суып өзінің бұл сәтсіәздікті жоюға мүмкіндігі бар екендігіне сенімсіздік туғызуы мүмкін.Бұл уақытта балаларға үлкендердің , әсіресе ата ананың көмегі өте қажет боладыҮлкендер оларға жаттығу орындаудың дұрыс амалдарын, тұрақты жаалған жаттығудыңдене күшін жетілдірпуге тигізетін пайдасын түсіндіріп, тиімді әдістерді табуға көмектесуі керек.
Көптеген балауса қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері деп саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т.б. қасиеттерге жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да өздерінде осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі қыздар мен бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды. Мұның өзі әйелдің қоғам өмірі мен отбасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық мұратты бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал бұлар өз кезегінде қыз балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініктің қалыптасуына ықпал жасайды. Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің мазмұны оның алған тәрбиесі мен ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір байланыста болады.
Жасөспірімдік жас кезеңдегілердің іс әрекеттерінің мазмұны жағынан ересектердің еңбектерімен теңеседі. ( міндеттерді орындау сапасы бойынша және іскерлікті меңгеру жағынан ). Жоғары сынып оқушыларына әкесі, шешесі, мұғалімі, кез келген үлкен адам әр түрлі қиын тапсырмаларды сеніп береді. Отбасы өмірінде жасөспірімдерге шаруашылық жұмыстардың бірсыпырасы, кішкентай балаларды бағып қағу жүктеледі.балаларға қатысты ол іс жүзінде ересек адамның орнында болады. Ата анасының арасындағы ұрыс керіс, материалдық тапшылық кездесуі мүмкін., мұндай жағдайларда балалар отбасының қамқоршысы , асыраушысы нормалары бойынша өмір сүретін кездері де кездеседі. Ересектермен қатар және теңдей еңбекпен қатар, олардың тарапынан жауапкершілік, дербестік, оңтайлылық сезімін, әр түрлі істер мен міндеттерді орындау барысында олар басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасап, сезімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін қалыптастырады.Жақын адамдардың игілігі оллардың қамын ойлау жас бала үшін ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады.
Бұлардың барлығы балада адамгершілік сенімдерін болашаққа жоспар құруының ерте бастан қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Болашаққа арналған жоспарлар құрғанда жақындарының қамын ойлау көп орын алады.
Көптеген ер балалар ересектердің әр түрлі іскерліктерін — ағаш және темір ұсталығын меңгеруге станокта жұмыс атқаруға, автомашина мотоцикл жүргізуге, фотосурет түсіруге, мылтық атып аң аулауға, компаспен бағдарлануға, компютерлік техника ны меңгеруге т.б. ұмтылатынын атап айту керек. Қыз балаларда олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана меңгерумен шектелмейді. Жастық шақтың басы – осындай іскерліктерді меңгеруге ең қолайлы уақыт. Бұл үшін балаларды ерте қолқанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінепайдалану қажет. Балалардың өздері де ұмтылады,ересектердің тиісті кәсіптерінде пайдалану қажет. Балалардың өздері де соған ұмтылады, ересектердің оларға сенім көрсеткенін қалайды, оны ақтауға тырысады. Үйірмелер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін неғұрлым көп жаңалық ұсынса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің нәтижесін оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе соғұрлым тартымды болады.
Балалар үшін ересектердің көмекшісі ретінде әбден риза, ал олар уақытша болса да, ересектің орнын толық ауыстырып, мүлдем дербес әрекет жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жағдай жасөспірімдерді жаңа жетістікке ұмтылдырады.
Үлкендік позицияның дамуындағы мазмұндағы бағыттардың бірі – болашақты жоспарлаумен байланысты. Ол жоғары сынып оқушысының бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұндай іс әрекеттің ғылымға техникаға өнерге, білімнің бір немесе бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталыбала өте белсенді болады: қажетті кітаптарды, материалдарды аспаптарды іздестіріп, оларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін игереді. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарды ақыл кеңеспен жәнеіспен бір біріне жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін олар кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның өзі ынта ықылас пен нәтижелі іс әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам. Жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Бұл дербес әрекеттерде кейде шығармашылық әрекеттері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық әрекеттің өзі әуестендіреді.Бұл баланың интеллектуалдық дамуына ықпал жасап, білімін тереңдетеді, ол білімді пайдалану жолдарын үйретеді.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы жеткіншектік шақта қалыптасады. Кейде н,ақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншек жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады, болашаққа даярлану жөніндегі іс әрекет басталады. Кейбір жағдайда балалық ойындар, өздігінен білім алу және өзін өзі тәрбиелеу элементтері мен өзінше ұштасады: белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі рөлдер болатын ойындардың мазмұнында және таңдап алынатын рөлдерде бейнеленеді, ал екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке, қасиеттерге жетуге ынталандырады. Жоғары сыныпта осы қызығушылығын ынталандырып, білімнің әр түрлі салаларын сабақ беретін мамандар ақыл кеңес беріп, балаларды едәуір көп білім алуға дербес жұмыс істеуге үйрету керек. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті деп санайды. Бұл жағдайлар көбіне ата аналардың балалардың таным процестеріне үлкен көңіл аударғанда орын алады.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарамақайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.
- Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;
- өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспун деп сезінуі;
- эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
- жүйке жүйесі функцияларының әлі қалыптасу үстінде болуы;
- ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі;
- Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке дәрежесінде олардың қалыптасуында кедергі келтіретін саналы және санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең.
- теориялық ойлау дамуының кедергіге ұшырауы;
- мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі,
- оперативті ес көлемінің тапшылығы,
- зейіннің негізгі компоненттерінің дамымығандығы,
- қиялдың шындыққа сай келмеуі;
- жекелік мазасызданудың жоғарылығы;
- бірінші немесе екінші сигналды жүйенің шектен тыс дамуы;
- ерік сферасының қалыптаспағандығы, т.с.с себептерді айтуға болады.
- Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттердің обьективті және субьективті дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді:
- өзін һзі басқара алмайтындығы;
- өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекваттылығы;
- дүниетанымының жағымды эталондары мен идеяларының қалыптаспағандығы.
- жасөспірімдердің микроптық деңгейдегі бір бірімен қарым қатынасынан туатын қиындықтары:
- отбасы мүшелерімен қарым қатынасының қалыптаспағандығы;
- мұғалімдермен қарым қатынасына көңілі толмауы;
- қарым қатын,ас дағдысының қалыптаспағандығы ( үндеместік, ұялшақтық, мылжыңдық );
- жоғары адами сезімдердің , достық және махабаттық қатынастың нақтылығын бейадекватты түсінуі;
- эгоисттік тенденцияларының анық байқалуы;
- ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі;
- ашық сыншылдық скептицизмның орын алуы;
- ересектердің талаптары мен позицияларын қабылдамауы;
- өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы;
- айнадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің орын алуы.
- Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп, барлық жағдайға тез бейімделуге қиналатындығына алып келетін себептер:
- өмірдің мағынасын түсінуінің төмендегі және өмірлік жоспарының болмағандығы;
- мемлекеттік және қоғамдық ортаға қатынасуының төмендігі мен саяси белсенділігінің болмауы;
- түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктері;
- кәсіби қызығушылығы және мамандық таңдау мотивінің қалыптаспағандығы;
- оқу мен кәсіби қызығушылығының сай келмеуі;
- міндеттілікті сезінбеуі және әлеуметтенуге тырысуының төмендігі;
Бұл жағдайларды анықтауға бақылау, әңгімелесу, социометрия, референтометрия, “ аяқталмаған сөйлем”, топтық дискуссия сияқты таным процестерінің ерекшеліктерін бағалау және дамыту әдістемелері, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін, қарым қатынас мәдениетін бағалау әдістемелері пайдаланылады. Сонымен қатар факторлық талдау, интеллектуалдық қабілетті дамыту, мамандық таңдау мотивациясын Е.Климов, М.Краун шкалалары бойынша таңдау, т.с.с сияқты әдістемелер қолданылады.