Психологиялық кеңес беру мен психотерапия туралы ескі және жаңа көзқарастар

Кеңес беру саласында бағдарланумен оның перспективаларын анықтау үшін қазіргі кеңес беруге дейінгі кейбір әдістерді және кітаптың кейінгі тарауларында түбегейлі сипатталатын жаңа тұжырымдамаларының қатарын қамтитын қысқаша очерк ұсыну дұрыс сияқты.Ескірген әдістерді кейінгі терапевтік техникалардың негізі ретінде қарастыра отырып, біз қазіргі көзқарастарды тереңірек түсінеміз және оларды әрі қарай жетілдіруге себеп болатын конструктивті сынауға мүмкіндік аламыз.Сондықтан. да осы тараудаоның жекепрцестерін егжей-тегжейлі қарастырмастанбұрын, кеңес берудің өткен мен бүгінін жоғарыдан бір шолып өтейік.

Бұл қысқаша шолуда біз түрлі интеллектілімектептердің теориялықғыларынталдаудымақсат етеміз. Бұл жерде, психотерапевтік ойлаудыдамытуғада, жеделдетуге әсерін тигізген әр түрлі “изм-дердің” тарихынқстыруғатырыспаймыз. Тарихқа тереңдеудегеніміз оқырманды әйтеуір бірлагерьге қосуды білдірсе, ол практикада қолданылатын әдістер мен техникаларды терең талдаудан алыстатар еді. Бізді қызықтыратыны да осы практикадақолданылуы.

Психотерапиятермині жаңадан пайда болса да, бұл өзі жаңа ұғым емес. Жүздеген жылдар бойы адамндар бейімделмеген адамның мінез-құлқы мен бағдарын неғұрлымоң бағытқа өзгерту үшін көзбе-көз қарым-қатынас жасау жағдаяттарын түрліше пайдаланды.Сондықн да неғұрлым жемісті бейімделуге көмектесетін тікелей контактінің, нақтыжағдаяттардықолданудың түрлі тәсеілдерүін талдауға мүмкіндігімізбар.

Жарамсыздығыәшкерленген әдістер. Адамға әсер етудіңердегі әдістерінің бірі – бұйыру және тыйым салу. Оған аздаған иллюстрация келтірсекте жеткілікті:Бірнеше жылдар бойына авторбір әлеуметтік қызметпен бірлесіп жұмыс жасады. Оның тарихы 1900 жылы-ақ басталған еді. Бұл агенттіктің алғашқы іс-қағаздарына зер салу өте қтік тұлғалық бейімделе алмаудың әрбір оқиғасын сипаттайтын карточкілер. Көптеген жағдайларды сипатауға “Ата-аналарға қатаң нұсқалған” деген сөздер қоса жазылды. Бұл жазулардың өзіне деген сенімділік сипатына қарап, қызметкерлер өз борыштарын орындадықдеп есептеуңлері әбден ықтимал. Олар өз күштерін индевидке қысым көрсету жолдарына жұмсаған. Олардың пікірінше, Бұл терапевтік тиімнділіктің жолы еді. Кейін көпшіліктің мойындауынша, бұл әдіс толық тиімсіз табылды және қазір де ол — бар болғаны мұражайдағы жәдігер (экспонат)ғана. Одан бас тарту — парасаттылықтың жеткіліксіздігі емес ,- әдістің қорғансыздығының салдары болып табылғанын атап айту қажет. Мұндай бұйрықтар мен қоқан- лоқылар адамныңмінез-құлқын түп.кілікті өзгертетін әдісетер қатарынажатпайды. Шындығында, Олар сыртқы әрекетке, оның үстірт деңгейіне ғана ықпал етеді.

Біздің тарихи шолуымыздың шеңберіндегі екінші әдісті ақыл- кеңесайту деп айтуға болар еді. Бұған серт берумен міндеттемелерді жатқызуға болады. Жалпы түрүінде бұл индевидті ішімдік ішуді тасетауға, ұрлық жасауды тоқтатуға, өзінің әйеліне көмектесуге, жақсы оқуға,ынтамен жұмыс істеуге немесе қандайда бір лайықты нәтижеге жетуге серт беруге дайын болуға жеткізетін процедура. Осылайша, ол өзіне игілікті ниетті іске асыру міндетін алады. Бұл амал топта да, жеке де қолданылды. Психологиялық көзқарас тұрғыцсынан оны уақытша эмоциялық көтерілуді құру және содан соң индевидті оның жағымдыталпыныстарының жоғары деңгейінде “ұстап тұруға” тырысу ретінде сипаттауға болар еді. Қазір бұл әдістің мүлдем жарамсыздығынаешқандай себебін ұзақ іздеу керек емес. Енді қайталану (рецедив) болып табылатынын айқын ұғынады. Ақыл айту, ант ету немесеғуәде беру табыс әкелмейді жәнешын мәнінде ештеңені де өзгертпейді.

Үшінші қадам сенімнен айыру және қайта сендіру жоспарындағы иландыруға негізделеді. Бұған Куэ пайдаланған өзіндік иландыру сияқты процедура жатады. Бүкіл дүние жүзіндегі кеңесшілермен мамандар қолданатын қайта сендіру тәсілдерінің көпшілігі де осыған жатады. Клиентке “ Сен жақсарып келесің” , “Сенің жағдайың жақсарды” , “Сен өзіңді жақсы сезінесің “ дейді. Мұның бәрі оның осы бағыттағымотивациясын күшейтуге деген үміт. Шеффер мұндай иландыру, түбіндерепрссивті екенін аса сәтті атап көрсетті. Ол бар проблеманы және индевидтің осы проблемаға байланысты сезімдерін жоққа шығарады.

Кеңесші немесе клиницист қолпаштау немесе жарқын көзқарастағы көптеген сенімділіктерді келтіреді, клиникалық жағдаятта осындай бағдарға сәйкес келе бермейтін ниеттерін клиенташық айта алмайды.Бұл тәсілді көптеген мамандар әлі де пайдаланып жүргенімен, осы әдіске деген сенімнің азаюындакүмән жоқ.

Катарсис – ежелгі психотерапевтік тағы бір әдіс – бұл іштей тазалану. Бірнеше ғасырлар бойына шіркеу іштей тазалану әдісін пайдаланып келеді. Іштей тазалануадамға өзінің проблемаларын тыңдаушыға ашуға мүмкіндік береді. Тазаланушы адам белгілі бір нақтытүсінуді және қабылдауды күтеді. Адамдардың өзі де, шіркеу де бұл әдісті аса ықпалды және игілікті деп есептейді.

Психоанализ катарсис туралы ілімді өзіне қабылдады да және оны неғұрлым ұтымды пайдаланудың жолын жасады. Біз катарсистің индевидті саналы қорқыныштар мен кінәлі сезімнен босатып қана қоймай, оның әрі қарай дамуыда адамп мінез-құлқына дәл осылай әсер ететін терең де жасырын жатқан бағдарларына жарық түсіре алуы мүмкін екнін білдік. Соңғыжылдары бұл ертеден келе жатқан әдісті қолданудың жаңа тәсілдермен таныстық . Ойын терапиясының барлық техникасы катарсистің іргелі принциптеріненегізделген; саусақтармен сурет салу; психодрама, сахнада ойнау — осының бәрі жаңалық емес, терең тамырын жайған психотерапияның әдісіне жоғалып кеткен жоқ, ол дамып отырды.

Кеңестер мен ұсыныстар. Психотерапияның неғұрлым кең тараған амалдарының бірі – бұл сендірулер мен кеңестер. Оны тағы да интервенция деп атауға болар еді.Осы амал шеңберінде кеңесші қажетті мақсатты таңдап, клиенттің берілген бағыттадамып келе жатқанына көз жеткізу үшін оның өміріне енеді. Бұл әдістің соңғы көрінуінің мысалы ретінде бізге таныс “сарапшыларды”атауға болады, бұл радиодан сөйлейтіндер адамның қандай дабір күрделі проблема жөнінде айтқандарын тыңдап, 3 – 4 минут ішінде оның алдағы әрекетіне қатысты нақты кеңестер береді.

Бұл әдістің қате екенін әрбір жақсы дайындалған кеңесші біле тұрса да, бүгінгі кеңес беру тәжірибесінде кеңес пен ұсыныстар беру жиі қолданылатыны таң қалдырады. Өкінішке орай, кеңесші өзіне қандай жауапкершілікті алып отырғанынаесеп бермейді және клиент өміріне өзінің араласуының дәрежесін де ұғынбайды. Фонограммаға тұтастай жазылып алынған кез келген әңгімеде: “Егер мен сіздің орныңызда болсам …”, “Мен ұсынар едім…”, “Менің ойымша, сіз былай етсеңіз …” деген сияқты фрозаларн жиі кездеседі. Шамасы, әдісті осылайша пайдалану оқиғаларын мысал келтіру орынды болар. Келтірілген үзінді бір әңгіменіңфонограммасынан алынған. Кеңесші сеанс процесінде пайдалы кеңес беру қажет деп есептейтін әдеттегі жағдай.

Психологияның “4” курсын ( оқыту дағдыларынкурсы)тапсыру талап етілгенстудент әңгіме барысында кеңесшіге өзініңуақытша жұмысы туралы айтады. Ал кеңесші оған осы тақырыпқа қатысты бірқатар сұрақтар қояды. Біздің алдымызда әңгіменің жалғасы.

Кеңесші. Сонымен, мен шын мәнінде уақытыңыздың барлығын кітаппен өткізуіңіз керек деп ойлаймын. Егер сіз, әрине, аштан өлуге тәуекел етпесеңіз, мен сізге жұмыс істеуді ұсыцнбас едім. Айтыңызшы, колледжде қалу үшін бұл тоқсанда баға алуыңыз керек еді?

Субъект. Мен нақты білмеймін, орташа есеппен 2 немесе 2,1 шамасында.

Кеңесші. Егерсіз шынындаколледжде қалғыңыз келсе, белбеуіңізді бекем буып, оқу барысында қарқынды еңбек етуіңіз керек . Егер сіз осынша уақытыңызды тек жұмысқа беретін болсаңыз, онда қалай болатынын мен елестете алмаймын . Маған бұл уақытты сабаққа жұмсау қажет сияқты. Бірақ бұл менің пікірім . Сіз өз жағдайыңызды өзгелерден, артық түсінуіңіз керек. Мен – бар болғаны сырттайбақылаушымын және де өзімнің жеке тәжірибеммен сіздердің курстарыңыздағы “4”- курсты өтуге көмектесетін, өзге студенттердің білімдеріне негізделе отырып, салыстырулар жүргізетін адммын. Менің – олардың кейбіреуін бұл курсқа кіріскен сәттен бітіріп шығуға дейін бақылауға мүмкіндігім болды. Олардың кейбіреуі оқуды аяқтады, ал кейбіреуі аяқтаған жоқ және коледждің әрбір сыныбында да осылай. Бірақ бітіруші болу үшін, егер адамда- туа біткен интеллект – ерекше ақыл –ой қабілеті болып, сондықтан да оған оқу қажет болмаса, ал сіз осындай адамдар қатарына жатпасаңыз, онда сіз кітапқа өте көп көңіл бөлуіңіз керек . (Үзіліс). Сіз жатақханада тұрасыз ба?

Осы өзіндіні оқығанда бірқатар сәттерді атап өту қажет .Бұл мысал қандай қатаң формада ақыл айтылатынын, сондай-ақ осы әңгімеде оқуды жалғастыру мүмкіндігіне қатысты көлегейленген қоқан-лоқы көрсетіліп отырғанын бағалауға мүмкіндікбереді. Кеңесшінің қорытындысында мұндай қатаң және шешімді нұсқау беріп жатқанынакешірім сұрауыда маңызды. Осы жерде “бұл тек менің пікірім “ деген сияқты фразалар кездеседі. Кеңесшіде әрдайым барлық мәселеге қатысты шешімін өзгеге таңудұрыс емес деген сезім болады. Сондай-ақ бұл үзіндінің соңында кеңесшінің клиентте пайда болатын қарсылықтан қашу үшін тақырыпты өзгертетінін де атап айтуға болады.

Студентке неғұрлым күштірек қысым көрсетілетін тағы бір әңгімеде мысал келтірейік. Бұл үзінді кеңесшінің өзінің сөздерінен жазылып алынған.

Эмоциялық проблема. Емдеу, бір жағынан, катарсис айналасындашоғырланды. Френк өзіне ұнаған және оны қызыға тыңдаған адамға мәселені айта отырып, біраз жеңілдегендей болды. Ол мағанадамдармен тіл табысуға үйрене алмағандықтан, өзін бақытсызсезінген көптеген жағдайлары туралы айтты (мұндай жағдайлардың көбі клиникалық мәліметтерде бейнеленген). Менің алғашқы қадамым мұндай тұлғалық бітіс өмірлік бейімделу тұрғысынан қажетсіз екенін түсіндіру, оны түзетуге қадам жасау кректігін айту болды. Мен”Сіз оны түзетуге өз тұлғаңыздағы, басқа тұрғыдан дұрыс саналатын, осы кемшілікті түзеткіңіз келе ме?”- деп сұрақ бердім. Олсенімді жауап берді. Мен оның әлеуметтік түзетілуіне (реабилитация) мынадай шаралар белгіледім:1) АӘБУ (Адамаралық әлеуметтік бейімделу университеті )жанындағы әлеуметтік қабілеттер курсына жазылу; 2) әлемде болып жатқан оқиғалар туралы өз білімдерін қолднуға мүмкіндік беретін “ Космополитен” клубының жиналысына барып тұру ; 3) АӘБУ жанындағы аралас топтардың жұмысына қатысу (жеке тұлғалық тұрғыны қамтамасыз ету үшін әрбір топ мүшесіне бөлек хат тапсырылған.

Білім беру проблемасы. Менің жұмысым оны таза коммерциялық бизнес сферасында оқуды жалғастырудыайныту және жалпы білім беретін бағдарламаға көшуге үгіттеу болды. Алдымен мен оның назарын кәсібі бизнес мектебіне түсушілердің конкурс шартына аудардым. Ол өзінің “Д” орташа бағасы бұлжылы “С” бағасынакелтірілгенін бұрынғысынша нықтады. Оның математикасы бар пәндерге жағымсыз қатынасын біле отырып (осы пәндерді оқытатын менің достарымның алдында ойша кешірім сұрай отырып), мен оқу жоспарына кіретін бірқатар пәндерді тізіп бердім: статистика, финанс, банкі ісі, теориялық экономика , бухгалтерлік есеп және т.б. Мен студентке бұл пәндер “жоғары дәрежеде теорияланған және абстрактілі” және “аса құрғақ” саналатынын айттым. Екінші жағынан, жалпы білім беру сипатындағы пәндер неғұрлым ыңғайлы және қызықты, ешқандай эканомикалық жәнематематикалық дайындықты талап етпейді. Мен жалпы бағыттылау курсының бірнеше қызықты ерекшеліктерін атадым. Ақырында ол бұл туралыойлануға келісті. Менәректтің келесі жоспарын құрдым : 1) неғұрлым толық мәлімет алу үшін жалпы білім беру дайындығы бойынша кеңесшімен кездесу (мен кездесуді ұйымдастырдым) ;2) мәселені оның ата-анасымен талқылау ; 3) тіркеу бөлімінен ауысу үшін бланкі алу.

Кеңесшінің студент ойының барысын қаншалықты толық басқаратынын аңғарыңыз. Кеңесшінің клиентті қандай мақсатқа бағыттауды анық білетіні әбден түсінікті. Мақсатқа жетуге оны сендіре отырып, ол көңілге қонымды және тікелей дәлелдермен қатар, студентті мақсатқа жетелейтін бір жалған ұсынысты да береді, яғни кез келгенмақсатқа жеткізетін жол пайдалы деп саналады. Мұндай әдіс оқу консультациясында да, клиникалық жұмыста да кеңінен тараған.