Психолог жұмысындағы психологиялық кеңе беру

Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.

Психологияда жеке адамның психологгиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп атайды. Олардың баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырпып, жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғарғы сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.

Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерінадамдардың алдында тұрған қиынмәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмеіндік берді. Қазігі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретіндебелгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағынбіржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялықбілім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнешебағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, т.с.с Білім беғру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалармен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некегк дейінгі кезеңде үйленейін деп жүген жастарға кеңес беру, жанұйя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Психологиялық көмек берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларынт шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында брлған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе,онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламағанжағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол ьадам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпенкездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамаған және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.

Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқаэмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдықжағдайдыжеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең , ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін,жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігінсезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің Фклиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқтғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының “азығы” болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.

Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселенің шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы- клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алу.