Қақтығыс жағдайынан шығып кете аласыз ба? (К.Томас сауалнамасы)

Қақтығыс жағдайдан шығып кете аласыз ба?

К. Томас сауалнамасы.

Мақсаты: мінез құлық ерекшеліктерін, дау дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.

Әдістемеге түсініктеме.

Орын алған дау дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез құлық көрсететінін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойнша келіспеушілікке алып келетін шатаұқ мінезді екі типке топтастыруға болады:

  1. басқа адамдардың қызығушылықтарына тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы.
  2. өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.

Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:

  1. бәсекелесу жарысу барысында басқаны жеңу барысында өзінің мәртебесін көтеріп, өзгенің намысына тию, ең жиі пайдаланатын және ең тиімсіз жолы.
  2. икемделу бәсекелесуге қарама қарсы әрекет өзгенің пайдасын ойлап өз қзығушылығын құрбандыққа келтіру.
  3. ымыраға компромисске келу, дау дамайдыңсебепкерлері бір бірімен келісімге келуі.
  4. жалтару басқаның тіршілігіне де өзінің мақсатына да ынталануының төмендігі.
  5. ынтымақтастық екі жақты да қанағаттандыратын альтернативағакелуі.

К.Томастың айтуынша “ а” және “б” нұсқалары бойынша , бәсекелестік пен икемделу арқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреуі ұтса, екіншісі ұтылады, немесе компромиске келу арқылы екуі де ұтылады. Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Саулнамада 60 тұжырымдама бар. Олардың тізімі зерттелінушіге орындау ережесі түсіндіріліп беріледі.

Орындау ережесі: Сауалнаманың әр бабы “А” және “Б” әріптерімен белгіленген екі нұсқадағы тұжырымдамадан тұрады. Оның қайсысы сіздің мінезіңізге жақын болса, сол нұсқаны белгілеңіз.

Сауалнама.

  1. А. Кейде талас тартыс мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына алуға мүмкіншілік беремін.

Б. Біздің көзқарасымыздағы қарама қайшылықтары талқылаудың орнынаекеуіміздекелісетін нәрселерге көңіл аударғым келеді.

  1. А. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді.

  1. А. Әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б. Өзгелердің қызығушылығын қорғау үшін кейде өз қызығушылығымды жанпида етемін.

  1. А. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын

  1. А.Талас тартыс сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін

Б. Бостан босқа шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенін істеймін.

  1. А. Өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын

Б. Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын

  1. А.Талас тартыс тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін.

Б. Мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларға кішіпейілділік танытуға болады деп есептеймін.

8 А. Өз дегеніме жетуге әбден тырысамын.

Б. Бірінші кезеңде берілген мәселелер мен талас тартыс тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын.

  1. А. Қарама қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлайды.

Б. Өз дегеніме жету үшін бар күш жігерімді жұмсаймын.

  1. А. Өз дегенімізге жетуге тырысамын.

Б. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

  1. А. Ең бірінші қандай өзекті мәселе талас тартыс тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.

Б.Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа шақырамын.

  1. А. Ұрыс қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын

Б. Егер маған қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

13 А. Мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын

Б. Өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін

  1. А. Өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын

Б.Өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.

  1. А. Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын

Б. Ауыртпалық болмауы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын

  1. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б.Өз ұстанымымның артық екеніне басқаның көзін жеткізуге тырысамын.

  1. А. Өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б. Қолайсыз жағдайдан аулақ болуым үшін бар күшімді жұмсаймын.

18.А. Егер біреудің бақытты болатындай жағдайы болса, мен оған мүмкіндік беремін.

Б. Егер ол маған қарсы болмаса мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік береді.

19.А. Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен талас тартыс сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын

Б. Талас тартыс сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана шешуге болады.

20.А. Қарама қайшы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын

Б.Екеумізге де тиімді болатын үйлесімділікті табуға тырысамын.

21.А.Әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын

Б. Мен әрқашанда әңгімені тікелей талқылауға бет бұрамын

22.А. Менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын.

Б. Өз ұстанымымды қорғаймын.

23.А. Әр адамның тілегін қанағаттандыруға тырысамын

Б. Кейде талас тартыс сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуға мумкіндік береді.

24.А. Өзгенің ұстанымы ол үшін маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.

Б. Оны компромиске бару керек екніне көзін жеткізуге тырысамын.

25.А. Менікі дұрыс екеніне нандырамын

Б. Әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын

26.А. Мен әдетте орта позицияны ұстанамын

Б. Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан тырысамын.

27.А. Талас тартыс жағдайларды болдырмауға тырысамын

Б. Егер осы жағдай біреуді бақытты ететін болса мен оған өзінің ұстанымын сақтауға мүмкіндік беремін

28.А. өз айтқанымнан қайтпауға тырысамын

Б. Шиеленіс мәселелерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын

29.А. Мен ортақ ұстанымды ұстануға тырысамын

Б. Дау дамайға бола толғанудыңқажеті жоқ деп ойлаймын

30.А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б. Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірдей жетістікке жететін ұстанымда боламын.

Бағалау шкаласы:

Келіспеушілік жағдайдағы мінез құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады.”бәсекелес, жалтарғыш, ынтымақтас, ымырашыл, бейімделгіш”. Осылардың қайсысысізге тән екенін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.

“Бәсекелес”: 3А, 6Б,8А,9Б,10А,13Б,14-16Б,17А,22Б,25-28А.

“Ынтымақтас”: 2Б,5А,8Б,11А,14А,19А,20А,21Б,23А26Б,28Б,30Б.

“Ымырашыл”: 2А,4А,7Б,10Б,12Б,13А,18Б,20Б,22А,26А,29А.

“Жалтарғыш”: 1А,5Б,6А,7А,9А,12А,15Б,17Б,19Б,23Б,27А,29Б.

”Бейімделу”: 1Б,3Б,4Б,11Б,15А,16А,18А,21А,24А,25Б,27Б,30А.

Нәтижесін талдау:

Дау дамайдағы мінез құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады. Дау дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін бір бірімен ұштастырып, пайдаланған стратегия тиімді болады.олардың әр қайсысы 5 тен 7 баллға дейін аралықта болғаны қарым қатынасты сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады.

Егер мінез құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5 тен төмен, ал басқалары 7 баллдан жоғары болса- сіздің көрсететін мінез құлқыңыз тиімділіктен алыс.

Өз мінез құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканыңкөрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни жоғары ұпайдағы мінез құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады.

Дау дамай мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы бәсекелестік, тілтабысушылық, ынтымақтастық, жалтарушылық жәнежол берушілікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.