“М” және “Д” әдістемесі (мазасыздану және агрессия)

“М және Д” әдістемесі. (мазасыздану және депрессия).

Мақсаты: жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессия жағдайларының орын алуын анықтау.

Орындау ережесі: Тапсырманы топпн немесе жеке дара орындауға болады.Зерттелінушіге келесі нұсқау беріледі.: “” Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және дұрыс жауап беруге тырысыңыздар . Жауаптарыңыз бес нұсқада болуы мүмкін: “ еш уақытта, өте сирек, сирек, жиі, өте жиі” кездеседі. Жауап парақта сұрақ номерінің тұсында берілген осы нұсқалардың біреуін”+” деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны сұрап алуға болады.”

Зерттелінушіге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.

Тапсырмалар:

  1. Сіз өзіңіздің бұрынғыдай жылдам қимылдамай асықпай аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?
  2. Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?
  3. Сіз өзіңіз жабырқаңқы сезімде, тұнжыраңқы болып жүресіз бе?
  4. Ешқандай себепсіз мазасызданып, бір нәрсе болатындай сезімге бөленіп,жүретін кезіңіз болды ма?
  5. Достыққа және мейірмандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?
  6. сіздің өміріңізде қуаныш пен бақыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?
  7. Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтінін, көптеген нәрселерге немқұрайды қарайтындай сезінесіз бе?
  8. Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?
  9. Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді толтырады ма?
  10. Жаман түс көресіз бе?
  11. Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданғанкездеріңіз болды ма?
  12. Сізге ешкім көңіл аудармай ешкімнің сізге түсінгісі келмей жүргендей сежімге бөленп, өзіңіздің жалғызсыраған кездеріңіз болдыма?
  13. Қолдарыңызбен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездеріңізді байқадыңыз ба?
  14. Сіз өзіңіздің шыдамсыз тұрақсыз әбігерленгіш екніңізді байқадыңыз ба?
  15. Өзіңіздің жалғыз жиі қалғыңыз келеді ме?
  16. Жақын адамдарыңыз сізді жақтырмайтын немесе немқұрайды қарайтын кездерін байқадыңыз ба?
  17. Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кезжеріңіз болды ма?.
  18. Сізге өзіңіңздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келеді ме?
  19. Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?
  20. Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?

Жауап парақ.

Тапсырмалар номері Жауап варианттары. Жауап белгісі Тапсырмалар белгісі Жауап варианттары. Жауап белгісі Тапсырмалар номері Жауап варианттары.
1 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   8 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   15 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
2 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   9 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   16 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
3 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   10 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   17 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
4 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   11 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   18 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
5 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   12 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   19 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
6 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   13 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   20 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі
7 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі   14 Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі      

Бағалау шкаласы:

  1. еш уақытта – 5 балл
  2. өте сирек – 4 балл
  3. сирек – 3 балл
  4. жиі – 2 балл
  5. өте жиі – 1 балл

Нәтижесін талдау ережесі.

Зерттелінушінің берген жауабы бойынша оның алған баллдары кесте бойынша коэфициенттік мағынасына ауыстыралады.. Сонан соң барлық коэфициенттердің арифиетикалық суммасы шығарылады.

Мазасызданудың диагностикалық коэфициенті.

Мазасыздануды анықтайтын сұрақтар номері.  

1

 

2

 

3

 

4

 

5

2 -1,38 -0,44 1,18 1,31 0,87
4 -1,08 -1,3 -0,6 0,37 1,44
8 -1,6 -1,34 -0,4 0,6 0,88
9 -1,11 0 0,54 1,22 0,47
10 -0,9 -1,32 -0,41 -0,41 1,2
11 -1,19 -0,2 1,04 1,03 0,4
13 -0,78 -1,48 -1,38 0,11 0,48
14 -1,26 -0,93 -0,4 0,34 1,24
17 -1,23 -0,74 0 0,37 0,63
19 1,92 -0,36 0,28 0,56 0,1

Егер коэфициенттер суммасы – 1,28 және одан көп болса, зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі. Суммасы – 1,28 және одан төмен болса — зерттелінушінің мазасыздануы, депрессиясы және эмоционалдық зорлануыжоғары екенін көрсетеді. Аралық көрсеткіш ( -1,29- дан +1,28- ге дейін) мазасызданудың орта мағынада екенін көрсетеді.

Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алуымен, өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады. Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі тітіркендіргіштерге әсерленуі төмен болады.