Контент талдау

Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл, Осгуд, Бельсон.

Контент талдау дегеніміз бірн кісінің жазған шығармасын, хатын, түсініктемесін т.б. те,ксттерін психологиялық талдау жасау.

Мақсаты:

  1. Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнелеуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу;
  2. Тарихи жағдайларды талдау ( тарихи кейіпкерлерді немесетарихи шығармалар авторларының портретін жасау);
  3. Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге, олардың психологиялық портретін жасау.
  4. Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.
  5. Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.

Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиетттерін сипаттауға негізделген.Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшеліктері ретінде көрсетілетіні анықталған.Адамның іс әрекетінің нәтижесін талдау әдістеріне жатады.

Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп көрсетіледі. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады. Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкердің бір бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда авторлардың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір бірімен ұштасуы талданады. Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен контент талдауды зерттелушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.

Орындау ережесі:

Контент талдау әдісін пайдалану үшін жинаған текстік материалдарды келесі ретте талдау керек:

  1. Әр бір элементтің текстте қайталануынжәне ол элементті өзгертіп қолдануын кестеге түсіреді. Элемент ретінде сөз ұғымдар, анықтамалар саналады және әр бір сөзді қолдану жиілігі есептелінеді.
  2. Талдау нәтижесі матрица кестесіне түсіріледі. Бір біріне тәуелсіз қолданылған элементтер әр түрлі текстен кездесуінің жиілігі А,В деп белгіленіп, арақатынасы табылады.

Филипстің “Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау” тесті.

Мақсаты:Оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.

Орындау ережесі:зерттелінушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі. Әр сұрақты мұқият оқып, оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауап парақтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты жөні және оқитынсыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.

Тест жүргізу барысында балаларға жауап парағы таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондыцқтан алдын ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтары даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керек.тігі түсіндіріледі. Жауптарды “ия” немесе “жоқ” деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса “+” келіспейтін болса “-“ белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп, балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Сауалнама.

  1. Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым қатынас жасау сізге қиын ба?
  2. Мұғалімнің сіздің материалды қаншалықты меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?
  3. Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?
  4. Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?
  5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрып соққан кезі болды ма?
  6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болды ма?
  7. Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?
  8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорқатын кезіңіз болған ба?
  9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?
  10. Әр түрлі ойын ойнағанда біргеи оқитын балалар сізді мазақтайды ма?
  11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болдыма?
  12. Екінші жылы мыныбымда қаламын дегеной сізді қобалжытады ма?
  13. Өөзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?
  14. Тақтаға шығарған да әзілдесетін кезіңіз болды ма?
  15. Сіздің істегіңіз келген нәрсенібірге оқитын жолдастарыңыздың біреуінің де істегісі келмейтінін сездіңіз бе?
  16. Тапсырмаын орындау алдында қатты қобалжисыз ба?
  17. Ата анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?
  18. Сыныпта есеңгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?
  19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?
  20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?
  21. Тапсырманы орындап болғаннан слң оны дұрыс орындадым деп қобалжисыз ба?
  22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдары есімде сақтаймын деген сеніміңіз күштіме?
  23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?
  24. Сыныптастарыңыздың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?
  25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсеңіз ынталанып жасайсыз ба?
  26. Жауап беріп жатқанда азырақ қобалжуды ббайқайсыз ба?
  27. Кейде айтыс тартысқа түсуге қорқасыз ба?
  28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенге жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?
  29. Сізге жақсы баға алсаңызжолдастарыңыздың ішіндегі кейбіреулері жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?
  30. Балалар ерекше көңіл аударатынжолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?
  31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кездері болады ма?
  32. оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?
  33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы распа?
  34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қымсынасыз ба?
  35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-ан,аларыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?
  36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?
  37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізджі қобалжытады ма?
  38. Бұрынғыға қарағанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызға үміттенесіз ба?
  39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба ?
  40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?
  41. Сыныпта жақсы оқитын баланң басқалардан ерекше құқығы бар ма?
  42. Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?
  43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?
  44. Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?
  45. сыныптастар сіздің қабілетіңізді тәртібіңізді күлкіге көтередіме?
  46. Басқа балаларға қарағанда қобалжығышпын деп ойлайсыз ба?
  47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?
  48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді тынышсыздандырады ма?
  49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдемсұмытқаныңызды сезесіз бе?
  50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болды ма?
  51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданып, қобаолжығаныңызды сезесіз бе?
  52. Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?
  53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорқасыз ба?
  54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?
  55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқаларсізден жақсы түсінген,інсезесіз бе?
  56. мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазавсыздандырады ма?
  57. Тапсырмангы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?
  58. тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырмангы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдейді ме?

Жауап парақ үлгісі.

1   13   25   37   49  
2   14   26   38   50  
3   15   27   39   51  
4   16   28   40   52  
5   17   29   41   53  
6   18   30   42   54  
7   19   31   43   55  
8   20   32   44   56  
9   21   33   45   57  
10   22   34   46   58  
11   23   35   47      
12   24   36   48      

Нәтижесін бағалау.

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау ережесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап, шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көретілген.

Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.

Жауаптарды факторлар бойынша жинақтау кестесі.

Факторлар

Сұрақтар номері.
1. Мектепішілік жалпы мазасыздануы 2,4,7,12,15,21,23,26,28,46,49,50,51,52,53,54,55,56, 57,58.
2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы. 5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44.
3. Табысты болу қажеттілік фрустрациясы 1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38,41,43.
4. Баланың білімін тексерумен бағалау жағдайынан қорқуы. 2,7,12,16,21,26.
5. Баланың өзін өзі байқауы және бағалауы. 27,31,34,37,40,45.
6. Айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы. 3,8,13,17,22.
7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы. 9,14,18,23,28.
8. Мұғаліммен қарым қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары. 2,6,11,32,35,41,44,47.

Жауаптар кілті.

1 Жоқ 13 Жоқ 25 Ия 37 Жоқ 49 Жоқ
2 Жоқ 14 Жоқ 26 Жоқ 38 Ия 50 Жоқ
3 Жоқ 15 Жоқ 27 Жоқ 39 Ия 51 Жоқ
4 Жоқ 16 Жоқ 28 Жоқ 40 Жоқ 52 Жоқ
5 Жоқ 17 Жоқ 29 Жоқ 41 Ия 53 Жоқ
6 Жоқ 18 Жоқ 30 Ия 42 Жоқ 54 Жоқ
7 Жоқ 19 Жоқ 31 Жоқ 43 Ия 55 Жоқ
8 Жоқ 20 Жоқ 32 Жоқ 44 Ия 56 Жоқ
9 Жоқ 21 Жоқ 33 Жоқ 45 Жоқ 57 Жоқ
10 Жоқ 22 Ия 34 Жоқ 46 Жоқ 58 Жоқ
11 Ия 23 Жоқ 35 Ия 47 Жоқ    
12 Жоқ 24 Ия 36 Ия 48 Жоқ    

Факторларға мазмұндық сипаттама.

  1. мектепішілік жалпы мазасыздануы- баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады. Мұғалімдермен тіл табысуы, сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болғандардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй жағдайы.
  2. әлеуметтік стресс жағдайында болуы — баланың әлеуметтік қатынасының қалыптасқандығы: құрдастарымен қатынасуы, оқушылар арасындағы статусы, баланың бір салада өте табысты болуы, оған тәуелділердің барлығы жолдастарының оның пікірімен санасатындығы, басқалар арасында белсенділігі.
  3. Табысты болуға қажеттілік фрустрациясы – балаға табысты болуға мүмкіндік бермей отырған неше түрлі жағымсыз жағдайлар және олардың түрі көптігі баланың осы проблеманы шешуге мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы, қажеттіліктерінің түрлерің, спорттағы табыстылығы, оқу барысындағы жетістіктері.
  4. Баланың білімді тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы – оқып біліп алған нәрселерін тақтаның алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, мазасыздануы. Білген оқып үйренген нәрсесін көрсетуге шамасы келмей қалатындығы.
  5. Баланың өзін өзі байқауы мен бағалауы — басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен бйланысты оң эмоциялары немесе одақтығымен байланыстыжағымсыз эмоционалдық күй жағдайлары осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі.
  6. Айналасындағы адамдардң баладан үміт күтуін ақтай алмаудан қорқуы – ата анасының алдында жауапкершіліктімін оларды енжітпеу керекпін деген ойы , төмен баға аламын деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі. Осы сезімге байланысты қажет іскерлігі бола тұра оны көрсете алмауы .
  7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруы – төмен болуы, өзінің іс әрекеттерін ұйымдастыра алмауы мектепішілік элементтерге салақтықэлементтерін көрсетуі, жаңалықты үйрену ерекшеліктері, көпшілік алдында ептілік білдіре алмауы нәтижесінде қоршаған орта тітіркендіргіштері әсіресе реакцияның жоғары болуы.
  8. Мұғаліммен қарым қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары, мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым қатынас жасауының қалыптаспауына байланысты мектептің балада теріс эмоция туғызуы.