Психодиагностикалық кезеңде тест әдістерін пайдалану. Жеке тұлғаның дара-типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған сауалнама. (Л.Н.Собчик бойынша)

Зерттелінушінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Орындау ережесі: Төменде берілген сұрақтарға көп ойланбастан”ия” немесе “ жоқ”

деп жауап беріңіздер.

Зерттеу орта және үлкен топтарда жүргізіледі. Сауалнамаға берілген жауаптар өңдеу кілті бойынша баллға айналдырылады. Әр тип бойынша жиналған баллдарды циклограммаға түсіріп, шеңбердің ортасынан көрсеткіштің түскен жеріне дейін штрихтап анық байқалатындай ету керек. Барлық типтер бойынша көрсеткіштерді циклограммаға түсіргенде олардың қайсысы радиусқа жоғары түссе, сол типтің көрсеткіші анық байқалады деген сөз.

Сауалнама.

  1. Мен барлық сұрақтарға өте ашық және дұрыс жауап беруге тырысамын.
  2. Менің мінезім өте нашар.
  3. Мен сабақты сыныптан гөрі үйде жақсы орындаймын.
  4. Мен барлық тапсырманы өзге адамның көмегінсіз орындаймын.
  5. Мен өзіме таныс емес балалармен жиі сөйлесемін
  6. Менің өмірдегі барлық әрекеттерімде жолдым болмай жүр
  7. Егер мен қалаған нәрсеге айналамдағылар қарсы болсада мен оны өзімше жасаймын.
  8. Мен барлық қажетті нәрселерді уақытында орындап, үлгеріп жүрсем де, болмашы нәрселерге жиі алаңдап, мазасызданамын.
  9. Менің сәтсіздігіме себепкер болатындар нақты адамдар( балалар, ата аналар, мұғалімдер)
  10. Сыныптағы жалпы балалардың пікірі мен үшін маңызды болып есептеледі
  11. Басқа адамдардың жағдайлары мені аз мазалайды.
  12. Маған өлеңді жақсы орындайтын адамдар ұнайды.
  13. Басқа адамдардың қыңырлығында шаруам жоқ, өзімдікі жетеді
  14. У-шу болып жататын ортада мен тек басқа адамдардың қалай көңіл көтеретініне қарап отырамын
  15. Әлдекімдердің уайымдап және азаптанып жүргенін көру мен үшін ауыр нәрсе
  16. Менің пікірім барлық уақытта дұрыс деп есептеймін
  17. Менің барлық бақытсыздығым – мінезімнің нашарлығынан
  18. мен- өмірдегі ең бақытсыз адаммын
  19. Мен не істерімді жиі білмей қаламын
  20. Маған жаңа адамдармен танысу барлық уақытта ұнайды
  21. Мен ұзақ ойланбастан әрекетке көшемін
  22. Мен өз ойыма сенімді болмасамда менің пікірімді өзгертуге тырысқан адамдар мені ызаландырады
  23. Мен ешбір себепсіз өзіме жақын адамдар үшін жиі қамығып толқимын
  24. Біреулердің менің бөлмемдегі және үстелімнің үстіндегі өзімше ретке келтіріп қойған заттарымның орнын ауыстырғанын қаламаймын
  25. Мен балалардың тіпті үлкендердің назарын өзіме аудара аламын
  26. Мен өмірде анықталған ережелер мен қағидаларды қатаң ұстаймын
  27. Дабыр шумен көңіл көтеріп отыратын қонаққа баруды ұнатпаймын
  28. Үйде және мектепте мені қоршаған адамдардың көңіл күйлерінің өзгергенін өте тез сезіп қоямын
  29. Мен ауладағы не сыныптағы балаларды өзіме қызықтырып соңымнан ерте аламын
  30. Біреудің жылап, ренжігеніне жайбарақат қараймын
  31. Мен тек басқа адамдарға ұнайтын нәрселерді жасаймын
  32. Қоршаған орта менің көңіл күйімді тез өзгертеді
  33. Тақтаның алдында сабақ айту керек болғанда өзімнің ұялшақтығымды жеңу маған қиын
  34. Үлкендердің айтқан пікірі мен үшін өте маңызды
  35. Басқа адамдардың қажетті деп есептеген әрекеттерін жасатуға мені еріксіз мәжбүр ету қиынға соғады.
  36. Мен өз сезімімнің төмендегенін және сәтсіздікке ұшырағанын қатты уайымдаймын
  37. Егер істеген ісімнің дұрыстығына сенімді болсам, мен барлық уақытта табандылық жасаймын
  38. Егер қоршаған ортадағылар маған көңіл аудармаса, онда маған өмір сүру қызықсыз болар еді
  39. Менің пікірімді ешкім өзгерте алмайды
  40. маған әр кезде жаңа танысқан адамдармен әр түрлі ойындар ойнаған ұнайды
  41. Егер ата анам немесе мұғалімім істеген ісімді дұрыс емес деп есептесе, мен пікірімді өзгерте аламын
  42. Автобуста немесе тролейбуста таныс емес балалармен рахаттанып мылжыңдап сөйлесе аламын
  43. Мен ешқашан өтірік айтпаймын
  44. Мен бүгін істейтін жұмысты ешқашан ертеңге қалдырмаймын
  45. Мен өмір бойы ештеңеге риза емеспін
  46. Мен алаңсыз ойланып, армандарға бөленген кезде жалғыз болғанды ұнатамын
  47. Мен көңілді ортада әсерленуге қысылмаймын
  48. Егер маған басқалар бұйрық берсе, одан ештеңе шықпайды
  49. Менің ісіме кім кедергі келтірсе, мен оған қарсы соққы бере аламын
  50. Өзімнің ыңғайсыз сөздеріме немесе ебедейсіз қылықтарыма ұялу деген менде болмайды
  51. Өзімнің құқығымды қорғау үшін жиі төбелеске барамын
  52. Егер мен екілік баға алсам немесе өтірік айтқанымды ұстап алса, мен оған ренжімеймін
  53. Менің көңіл күйім ата анамның істерінің оңға басқанына тәуелді
  54. Табандылық пен қайсарлық жетіспесе жетістікке қол жеткізу қиын
  55. Мен үйде және мектепте үлкендердің айтқанын барлық уақытта тыңдаймын
  56. Егер мен теледидирдан қызық кино немесе комедиалық ойын сауық көрсем, онда менің жабырқаңқы көңіл күйім тез көтеріледі
  57. Мектептегі жағымсыз нәрселер мені тіпті толғандырмайды
  58. Айналамдағылар көңілді жүрсе де менің ішім жиі пысады
  59. Мен барлық уақытта көшенің тиісті жерлерінен ғана өтемін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өңдеу ережесі.

Кілтке сай келген жауаптар бір балл деп бағаланады.

  1. Экстраверсиалды: иә — 12, 42, 44, 49; жоқ – 14.
  2. Спонтанды: иә — 4, 21, 29, 34; жоқ – 19, 50.
  3. Агрессивті: иә — 7, 22, 51, 53; жоқ – 36, 37.
  4. Ригидті:иә — 24, 26, 39; жоқ – 41, 56.
  5. Интроверсиялық. Иә — 3, 33, 35, 48, жоқ – 5, 20.
  6. Сензитивті: иә — 15, 28,43; жоқ – 11, 13, 30.
  7. Мазасызданғыш:иә — 8, 23, 43, жоқ – 52, 547, 59.
  8. Лабильді: иә — 10, 25, 40, 55, 58, жоқ – 27.
  9. Жалғандық шкаласы: иә — 16, 31, 45, 46, 57.
  10. Аггравация: иә — 2, 6, 17, 18, 32, 47 (ятрогендік ауруға жақындық).

Жеке тұлғаның типологиялық мінездемесі.

Экстроверсиалы(1) Бұл шкала бройынша көрсеткіші жоғары болған адам көпшіл, адамдармен қарым қатынас жасауға үйір, ашық жарқын, мақсатқа бағытталған әрекеті жүйесіз, басқалардың айтқанына көп алаңдайды, сөзшең мылжың. Достарының саны шектен тыс көп және таныс балалармен байланыстары үстіртін, маңызсыз болып қалады. (Танысы көп нағыз досы жоқтың қасы). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтардан меңгергеннен гөрі ойындарда, диалогтік режимде жақсы меңгереді. Олар тентек, күлегеш.,сзшең болып келеді. Дегенмен олар шыншыл, ақкөңіл, көп жерде тапқырлық танытады.Қиын жағдайдан шығу үшін өтірік айта алады, қоршаған ортада өздерін көрсету үшін жоғары ұстайды, мақтаншақтық білдіреді.

Спонтанды(2) Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіш иелері қалай болғандада еркіндікке бастамшылдыққа, басшылыққа ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады. Кез келген еркіндікті қысқан жерден шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар ашушаң көпшілік мақұлдаған мінез құлық ережесіне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тыиым салғандарға бағынғысы келмейді. Осы себептен наркотикке, ішімдікке шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасында немесе мектепте болған конфликт жағдайлары себебінен мектеп ережесін бұзуға , сабаққа себепсіз кешігуге үйінен қашып кетуге не көше кезіп кетуге әуес болады. Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды да себебін тауып пайдалана алады, яғни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп беруге шамасы жетеді. Мектепте мұндай балалартабысты болып келеді, өздерінің болашақ өмірінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтарды аша алады.

Агрессивті (3) Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала өзіне өзі сенімі жоғары, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. Баллдары өте жоғары болса баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті қылықтары мен дромомания элементтері орын алатын, өзіне бағыныштылар алдында қөызьа мінез құлықты , тапсырмаларды орындауда ұқыпсыздықпен , олардан бас тарту үшін бұзақылық әрекеттерге дейін баратын көріністермен сипатталады. Бұл типтегі балалар әсіресе толық емес отбасыларда жиірек кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата ананың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан шыққан, кішкентайынан өздерін қоршаған ортаға қарсы қойып, және күресіп өміпр сүруге үйренген. Бұл балалар педагогтарды ең үлкен қиындықтарға апарады. Оларға тәлім тәрбие жұмыстары барысында мінез құлқына байланысты қатаң жазалау әдістері пайдаланса( мектептен шығару, арнайы сыныптарға немесе арнайы мектептерге жіберу т.б.) бала өшігіп, тұлғалық деформация орын алады, яғни ашу ыза орын алады да, ол тшамадан тыс эмоционалды зорлану жағдайында болады. Барлық үлкендерге көңілі қалып, болашақта оларға қарсы агрессияның түрлерін көрсету кегі қалыптасады.

Ригидті(4) Бұл шкала жоғары көрсеткіште болған балада табандылық ( егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) көрініс береді. Олар үшін жеке басының статусы ерекше маңызды мәселе болып табылады. – басымдылық билік позицчиясы және материалдық жетістікке жету жетекші мотивтер болып саналады. Сондықтан өзгелердің әдеттен тыс билікке ие болғанын және байлвығын қызғанады, өздерін ерекше агрессивтілігімен қорғайды. Оқуда материалды біртіндеп не тіпті жай ұғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақтаған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, ойлауы шектеулі болғандықтан мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық пен қайсарлық арасында үлкен табысқа жетуі мүмкін, ал қажырлық көрсетіп, соңына дейін күрессе ол өз мінезінің кемістіктерін де жеңуі мүмкін.

Интроверсиялық (5) Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткішке ие болған балалар үндемейтіндігімен, тұйықтығымен, оқшау жүретіндігімен айырмашылығы көрініп тұрады.Олар қайырымды достарды қатты таңдайды, оның есесіне үнемі өздері соған үйірсек болып жүреді. Пәндерді оқу адында өздерін бағалайтыны жөнінде қатты ойланады. Олар жалғыз қалғанда материалды жақсы меңгереді. Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жақсы меңгереді.Бәрінен бұрын вербальды(жазбаша) интелектілері жақсы дамиды. Олар сынып алдында тақтаға шығып жауап бергендщі көпшілік алдында жауап бергенді ұнатпайды. Қоршаған орта оларды ынтымақсыз және қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін., дегенмен олар басқа балалардың қаттылығынан және тұрпайылығынан жиі қорлық көреді., ал тұйқтығы олардың өздеріне әлеуметтік ортаның агрессиясынан қорғаныс реакциясы сияқты көреді. Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман жақсы дамыған, Сондықтан олар өмір тәжірибесінен гөрі идеялданған қиялға бейім болады.Жоғары интелектіні сирек кездесетін қабілет ретінде қабылдайды., интелектуалдар ғана өмір ағымын терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.

Сензитивті(6) Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болғандар өз сәтсіздщіктеріне тым терең әсерленіп, тез ренжиді, кінәні өз мойнына алып, оған депрессивті реакция берулері жиі болады.Сыныптастарымен қарым қатынаста олар келісім позициясын ұстанады, жетекшілікке ұмтылмайды, сыныпта өзін күшті жеке тұлға ретінде сезінеді., мұғалім, ата аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады. Оқуда ұқыпты жауапкершілікпен қарайды. Эмтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен баға алса қатты күйзеледі. Олар дөрекілікке әділетсіздікке қатты ренжіп, ондай жағдайлар орын алғанда қатты қиналып, күйзеліске түседі. Шытырман және даулы жағдайларда олар суицидті тенденциядан және ұзаққа созылған депрессивті жағдайлардан қорқады. Оқу процесінде олар көбінесе гуманитарлық пәндерге қызығады. Оларға тіл мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс, өиткені оларды лирика поэзия тартады, ал математикамен физикаға сирегірек икемдік танытады.. Мұндай типтегілер достықта, махаббатта тұраөқты және балаларға аяушылық білдіріп, қорғап жүреді., оларға басқалар сенім артады.

Мазасызданғыш(7) Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған балада мынадай мінез ерекшеліктері басым болады: жасқаншақ, күманданғыш, қорқақ, негізсіз үйренуге әуес,, жауапкершілік сезімі жоғары дамыған,ішкі қажеттілігі орта.Мұндай типтегі оқушылар әдетте сабақты орындайды, дегенмен ата аналар мен мұғалімдар арасында жөнсіз үрейленіп, төмен баға алады, жазалану қорқынышы жоғары себепсіз уайымға бөленеді,ғ бақылау жұмысиары мен эмтихан алдында қатты күйзеледі. Достарына өте адал, олар үшін жанын береді. Олар дербестікке қмар емес, үлкендерге, ата аналарға мұғалімдерге жетекшілеріне арқа сүйейді, яғни өздеріңнің ренжігенін басқалардың жамандағанын шағымданып, оларға айтиып беруді ұнатады. Мұндай типтегілер қыздардың арасында сирегірек кездеседі. Бұл типтегі ұл балалар “сыпайы” “тәрбиелі” “сабырлы” көріністе болып жүреді.

Лабильді (8) Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары балаларда ( лабильді, қозғалғыш, икемделгіш) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрініс береді. Бұл балалардың көңіл күйі айнымалы, жеңіл өзгереді – қуанышты күйден көңілсіздікке тез алмасады. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауруы пайда болады, тамыры жиі соғып, дене қызуы көтеріледі, кейде қалшылдап дірілдеп, есінен танып қалады, тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетімен ән салумен , өлеңдер оқумен би билеумен қуана қуана шұғылданады. Олардың мінез құлқы көп жағдайда сілтеушілікке басым, кез келген әлеуметтік рольді тез меңгереді. Мұндай типтегі жеке тұлғалар атақ даңққа құмар болғандықтан олардан жақсы артисттер, әсіресе спорттың әр түріне икем балаларжиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі.Сонымен қатар позицияға жақын, аяныш жанды болып келетіндері, нақты ғылымдар бойынша білімді жақсы меңгеруге икемдері жиі кездеседі. Ал дау дамайда қатыгездік элементтері пайда болады.