Клиенттің психолгиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланатын әдістемелер мен арнайы жасалған “ бос орындық техникасы” отбасылық терапия шеңберінде жасалған” келісімдер жасау” т.с.с әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің
Теориялық бағдарымен сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойнша теориялық еңбектермен таныстығын , бұл жұмыстардың ерекшелігін толық түсінгенін сондай ақ әріптермен кәсіби қарым қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің оның кәсіби жинақтылығының шарты болып ьабылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп оны эмоционалдық жағын үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін , клиентпен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктері кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
Кеңес берушінің ықпал етіп вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады.
- психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру.
- отырысы – отырғанда клиентке қарама қарсы емес кішкене бір біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады,
- бет көрінісі – психологтың бет әлпетінде тілектестік, мейірімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістердің бірі болып табылады.;
- дене қалпы – психологтың отырысы емін еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан психологтчң дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай болуы керек.
- дауыстың ырғағы, күші – психолог дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін кей кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар,
- паузаларды пайдалану – психолог кейде ундеместен отырып өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік береді. Осы талаптарға сай ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру өз функциясын толық орындайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары.
- Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері;
- Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының байланыстылығы.
- Психологиялық кеңес берудің қағиджалары.
- Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу
- Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану
- кеңес беруге тыйым салу
- Кеңес берудің анонимділігі
- Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу
- Клиентке кеңес беру процесіне кірістіру
- Психологиялықкеңестен өтіп жатқанда жауапкершілікті өз мойнына алдыру
- Кеңес берушімен клинт арасындағы қатынасты құру
- Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.