Психокоррекциялык жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағнада болуъі мүмкін:
- баланың дамуындағы психологиялык, ауытқуларды әлеуметтік
ортада калыптасқан талаптарға сай келтіру; - калыптасқан жағымсыз мінез құбылыстарын бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;
— мінез-құлық стереотиптерін және оның, эмоционалдык көрініс беру формаларын өзгерту;
- жалпы даму барысын кайта құру (құрылымын өңдеу);
- ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Психокоррекцияны жүргізудің түрлері көп болғанымен олардың барлығының ортақ
қасиеттері өте мол. Ол клиенттерді психодиагностикадан өткізу, проблемаларына байланысты коррекция тобына жинақтау, балалар жас ерекшеліктеріне байланысты және үлкендердің қажеттілігін ескере отырып психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерін анықтау ұқсас нұсқамен жүргізіледі. Сондықтан психокоррекция өте күрделі жүйе болса да, клиенттің проблемаларына байланысты олардың максаты мен міндеттері әрқилы анықталғанына карамастан барлық коррекциялык, топтар жүмысының ретін бірнеше блокқа бөліп көрсетуге болады.
Бірінші блок — психодиагностикалық. Бұл кезеңде шытырман жағдайға алып келген факторлар талданылып, олардың орын алған себептері мен аймағы анықталады. Шиеленісті жағдай орын алған аймақтар отбасы, құрбылар ортасы, жүмыс орны, оқитын мектебі, т.с.с. орталар болуы мүмкін (сол адамның өмір сүру ортасы). Осы мәселелерді толық диагностикалау мен жинакталған материалдарды талдау көптеген психодиагностикалык әдіс-тәсілдер көмегімен жүргізіледі және психологиялық кеңес беру процесімен ұштасады.
Бүл кезеңде клиеитті коррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері мен пайдаланылатып әдіс-тәсілдері түсіндіріледі. Коррекдия жүмысы — көптеген кұбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әрекеттер жинағы. Олардың ішінде психокоррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері үлкен:
а} психолог пен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (коррекциялық әрекеттер тиімді болу үшін қатысушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс — күбылмалы. Өйткені катысушылардың психологқа сенімінің біртіндеп өзгеруімен бірге бұл байланыс та өзгеріп тұрады;
б) катысып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенімдерінің болуы, біртіндеп осы сенімнің күшеюі және оны бір- біріне анық білдіруі. Бұл құбылыска байланысты қатысушылардың әрқайсысьі өз басынан кешкен проблемалардың орын алуына не себеп болғаны туралы сырын басқаларға ашып айтады немесе түйсініп, тұйықталып қалады;
в) өз проблемасын шешу жолдарын таба алатындығына сенімінің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жете алатындығын түсінуінің белгісі болып табылады.
Екінші блок — багыт беру деп атауга болады. Бірінші кездесу басқаларына ұқсамайды, кұрылымы алдын-ала нақты анықталған және сол алгаритмнен онша алшақтамай, барлық орындау тәртібін сақтап жүргізуді талап етеді. Бірінші кездесу барысында қатысушылар дөңгелене отырып, бір-бірімен және психологпен танысып, алдағы кездесулердегі шешілетін мәселелер, қатынасушылар тәртібіне қойылатын талаптар, ритуалдык шаралар, топтың ән-ұраны аныкталып, талданып, қабылданады. Бүл кезеңде баланың өз атын қабылдауы диагностикаланады. Балаларға басқалармен танысу барысында өз атын немесе басқа өзіне ұнайтын атпен өзін атауына болатыны түсіндіріледі. Тренингтің соңына дейін немесе бала өзінің атын өзгертуді өтініш еткеніне дейін оны топтағылар өзі таңдап алған есіммен атайды. Егер катысушы өз атынап бас тартса, ол өзін-өзі кабылдамауының белгісі, ал өзі таңдап алған аты оның кімге ұқсағысы келгенін көрсетеді. Бұл тәсілдің коррекциялык мәні — баланы өзіне ұнамайтын «Мен» көрінісінен шығып, өзіне ұнайтын кейіпкер бейнесінде болуына мүмкіндік беру. Бастапқы кезде баладан неге баска атты таңдағанын сұраудың ешкандай қажеті жок- Оның сәті ойын барысында өзінен-өзі келеді.
Танысу барысыңда психологтар да өздерін таныстырады. Бүл жерде екі вариант болуы мумкін. Психолог өзінің тек атын атап, барлык топтағылар бір-біріне тек «сен» деп сөйлеу керек екекін айта отырып, өзімен де солай сөйлесу керек пе, жоқ болмаса «апай», «ағай» деген тіркесті пайдалана отырып, «сіз» деп сыпайы сөйлесу талабы қойылатын-қойылмайтыны аныкталады.
Танысуды жалғастыру үшін кимылды ойындарды ұйымдастырған орынды болады. Мысалы, «ушіншісі артық», «жасырынбак» ойындары өте көңілді, қатысушы балалар құмарта ойнау барысында топтағылар бір-бірінеп бастапқы жатырқаушылықтан тез айырылып, бір-бірімен араласып кетеді. Сонымен қатар ойын барысында топтың дербестігі мен белсенділігі диагностикаланып, кейбір қатынасушылардың топтағы ролі анықтала бастайды. Егер ойынның шешуші кезеңдерінде балалар белсенділік білдіріп, жетекшінің кезегі келгенде оның көзін байлап, ол балалардың біреуін ұстап алғанда ұсталған бала ойын ережесіне сай кылык көрсетсе, сыбырлап сілтеу орын алғанда «сілтеушіге» балалардың өздері ескерту жасаса, кабырға жағалап тұрғандарды өздері ойынға тартса, мұндай коррекциялық тобынын,жүмысында жетекшілік функцияны психолог астыртын, білдірмей жүргізуі қажет.
Бірінші кездесуді аяқтауға жақындағанда барлық қатысушыларды дөңгеленіп тұруға немесе отыруға шақырып, әр кездесуді аяқтайтын рәсім жайында келісіп алудың маңызы үлкен. Оның бірнеше нұсқалары бар. Барлығы бір-бірін иығынан құшақтап шеңбер жасап тұрып, жай ырғакпен шайқалып, өздері таңдап алған әнұранды орындау немесебарлығы етпетінен, екі қолын жайып тастап жатқанда оң жақтағы көршісінің бетін қолына қойып жылауы, т.с.с. жақындастыру тәсілдерінің біреуін немесе тіркестіріп пайдаланылатын екеуін таңдап алу керек. Мұнан соң жүргізілетін кездесулердің барлығы осы рәсіммеи аякталады.
Үшінші блок — қайта қуру. Бірінші кездесуде топ мүшелері үлкен белсенділік және дербестік элементтерін байқатып, үлкендер жағынан қатысушылардың барлық әрекеттерін қатаң қадағалауды талап етпесе, келесі 5-6 кездесуде спонтандык, ойындар кеңінен пайдалануы қажет. Бұл ойындар барысында балалар қатынасында иерархия қалыптасып, әр баланың күшті және осал жақтары айқындалады да, балалардың дезадаптациялык касиеттері анықталады. Бұл психодиагностиканы дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен катар келесі кезендерде топтық қатынас барысында калыптасқан тәжірибенің оң-теріс жақтарын балалардың өздеріне талдап көрсетуге негіз болады. Спонтандык ойындар барысында психологгар балалардың өзара қатынасып бакылаумен катар олардың, бір-біріне ешкандай денесіне зақым келтірмеуін және жанын жараламауын камтамасыз етеді.
Спонтандық ойын барысында біртіндеп калыптасқан иерархиядағы катынасушылар рольдері аныкталады: әмірешіл, әмірешілдің уәзірі («қошеметкер»}- шеттетілінген оппозиционер, көнгіш конформист («жуас қозы»), «күнәһарлар» (козел отпущения).
Бұл кезеннің аякталғанының көрсеткіштері: қатысушылар рольдерінің анықталғандығы, интеракциялар стереотиптерінің көрініс беруі, жетекшілердің, қатысуына реакциялары.
Осы кезден бастап топтық коррекция аркылы әр адамның қасиеттерін қайта құрудың келесі кезеңі, бағытталған ойындар кезеңі басталады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — жетекші алдын-ала қандай әрекеттер арқылы қандай қасиеттер білдіруге жаттыктыратынын анықтап, сол бағыттағы ойындарды ұсынып отырады. Бұл кезде психологгар барлык топ мүшелерінің белсенділігін қамтамасыз етуге, топтағылардың барлығы барлық ойындарға тең үлесін қосатындай жағдай жасайды. Мысалы, ойындағы жетекші ролін катысушылар кезекпен орындайды. Бірінші рет жетекшіні анықтағанда оны санақ көмегімен тағайындаған дұрыс. Бұл кезеңде пайдаланылатын ойындардың ережелері бар, оны сақтауға барлық қатысущылар міндетті. «Жасырынбак,», «Көзқиық», «Жануарлар катары», «Кім дауысты?», «Портфель», «Шиеленіспек», «Қамалды алу», Айна», «Топ ертегісі», т.с.с. ойындарды кеңінен пайдалану ұсынылады.
Төртінші блок ~ апробациялық. Қатысушының коррекция барысында меңгерген жаңа тәжірибесін өз бетімен көрсетуге, өз күшінс сенуін, өзін-өзі сыйлауын пысықтауға жәрдем беріледі. Кеңесші- психолог — клиенттің досы позициясында болып, оған тек өте қажет болған уакытта ғана көмек көрсетеді. Әр адам өзінің алдында тұрған проблемаларын өзі шешуге тиіс, ал оны шеше алмаса — топтағылардың көмегін пайдалана білуі керек.
Ойын коррекциясы бала дамуындағы жеке тұлғалық касиеті, рухани бағасы мен нормасы құрылуына әсер етеді. Мұндай жұмыстар өмірдегі әр түрлі жағдайларда агрессивтілікке жүгінбей, орын алған дау-дамайдың дұрыс шешімін іздестіруге, қоршаған тіршілікті қабылдап, әр түрлі эмоциялық күй-жағдайды саралай білуте үйретеді,
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу барысында ата-аналарға және педагогтарға қашан да кеңес беріліп, бала бойында туындаған проблемалар бойынша оларды да психокоррекциялык жұмыстарға қатыстыру қажет. Бала тәрбиесіне қатысы бар ересектермен жеткілікті жүмыстар аткарғанда ғана психолог өз еңбегінің нәтижесін көреді.