Практикалық психология — психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы.
Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.
Практикалық психология пәнінің салалары.
Практикалық психология қызмет аясы өте кең және әр түрлі болуымен байланысты оның жекелеген салалары пайда болады. Оларға қысқаша тоқталып өтейік.
Инжинерлік психология қазіргі кезде практикалық психология ең үлкен салаларының бірі болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым мен техниканың дамуына және техниканы адам мүмкіндігін барлық салаларында кеңінен қолданылуымен байланысты туып отыр. Техникалық құрал – жабдықтармен жұмыс жасау адам мен машина арасындағы қатынас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканың тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инжинерлік психологияның негізгі мақсаты – адам еңбегіне және дененің сұлулығына техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін әсерін анықтау, оның икемді болу жолдарын табуға өз үлесін қосу. Қызмет атқару орнының түр-түсі, техникалық құралдардың дизайны-адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тигізетіні дәлелденген.
Осы ғылыми қағидаларға сүйене отырып көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметтеріне ерекше талаптар қояды. Мысалы, панельде орналасқан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор көзінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай орналастыру қажет.
Сонымен қатар адамның мағлұматтарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән-мағынасына түсініп жауап қайтару инжинерлік – техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекшеліктерімен байланысты. Техникалық құрал-жабдықтар қимыл әрекеттің және жауап реакцияның жылдамдығын талап етеді. Ұзақ уақыт ішінде өлшеу ақпараттары көрсеткіштеріне қадалып отыру оператордың қызметінің сапасына теріс әсерін тигізу мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындағы қатынасты оңтайландыру және сол сияқты көптеген күрделі мәселелер өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет етіп отыр. Сондықтан инжинерлік психология өте тез дамып келе жатқан сала.
Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көрсетуге болады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырған отбасына психологиялық қызмет көрсетудің мән-мағынасы өте терең. Отбасындағы тәлім-тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата-анаға үйрету, <<қиын>> және <<қиналып>> жүрген ата-аналар мен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш дромомания тағы басқа нормадан ауытқуы барларға түзету шаралары ықпалы көмек көрсету мәселелері психологтың көмегін талап етіп отыр.
Келесі саласы – тәжірибелік педагогикалық психология психология бойынша практикумның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.
Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны ұйымдастыру формулалары қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процесстерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенше анықтап келеді.
Практикалық психология саласының даму тарихы.
Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүру, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады.
Өйткені адам, адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болады. Дегенімен нақты психодиагностикалық зерттеулерде жүргізу әдістері анықталып, жекелік психика қасиеттер ерекшеліктерін анықтау XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.
Психолог-парктиктердің айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анычқ байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсетті. Сондай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. практикалық психология саласының дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.
19 ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты тип темпераментке жан жақты сипаттама берілді. Соченов, Павлов жүргізілген зертеулер нәтижесінде оолар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезде, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
Жеке психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон текст деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зертеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылуда. Гальтонның ұсынысы бойынша текст көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулер математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер диспесиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен коррекциялық байланысты өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқауын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашуда. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу текстері кеңінен қолданыла бастады . 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық текс жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине – Симон шкаласы деп қолданыла бастады.
Өткен ғасырдан жиырмасыншы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған текстердің көптеген түрлері құралды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан – жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасын зерттеуге арналған Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейі бағалау текстері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.
Психологиялық қызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен құқықтары анықталған.
Психолог міндеттері:
- Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау
- Шешім қабылдап провлемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау
- Өзінін кәсіби білімүнемі артықып отыру
- Нақты кәсіптік білім жоқ адамдардын диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жургізуіне тыйым салу.
- Барлық мәселелерді шешуде балалардың псикилалық дамуын ескеру
- Атқарылатын жүмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нусқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орыдау
- Баланың псикилалық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қадетті көмектер көрсету.
- Кәсіптік құпияны жариялау.
- Барлық психологиялық зерттеу нәтежелерін жазып, арнай құжаттарға тіркеп отыру.
- Психологиялық көмекті қажет ететідерге дер кезіде
- Қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.
Психолог құқығы:
- Оқушылрмен және басқа талапкерлермен жүргізіетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсідерін дербес таңдап,жұмыстардың кезегін анықтауға ;
- Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
- Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
- Қажетті құжаттармен танысуға;
- Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді реттеп алуға және оларды дайындауға;
- Мектеп оқушыларын толық және жеке зерттеулерден өткізуге;
- Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
- Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;
- Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;
- Психологиялық білімдерді насихаттауға;
- 240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;
- Оқушыларды мамандықта баулу және кәсіби бағдар беруге;
- Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.