- “Ғажайып тест” тренингтік-ойыны.
Орындау ережесі: Балалар көздеріңе елестетіңдер: сен «Елсіз аралға» түсіп қалдың! О, Ғажайып! Сен бұл жерде өзің, жігітің (не қызың), достарың туралы бәрін біліп алуың мүмкін. Қалай? Қолыңа қалам және қағаз ал да, төменде көрсетілген алты затты сал. Салып біткен соң, енді бұл суреттердің шешіміне кірісейік!
- Таушық.
Бұл аралға сен бір-ақ таушық салуың мүмкін. Таушықты қалай салудың алдында біраз ойланып көр. Қалай салған жөн: үлкен етіп пе, әлде кішкене етіп пе? Оның қай жерде болғаны жөн: судың қасында ма, әлде аралдың түбінде ме?
- Бұлақ.
Бұлақ аралдың қай жерінен басталып, қай жаққа қарай құйып жатыр? Аралдың қай жерінде орналасып тұр? Оның құйылымы: күшті ме, әлде әлсіз бе?
Бұлақ суының түсі қандай?
- Пальма.
Сенің аралыңда жалғыз ғана пальма өседі. Аралдың қай жерінде өсіп тұр? Ол ұзын ба, әлде қысқа ма?
- Күн.
Бір жерден аралға жылу беріп, күн шығып тұр. Аспанның қай бөлігінде тұр? Шуағының түсі және қарқындылығы қандай? Күннің өзінің түсі қандай?
- Бұлт.
Бұлтың үлкен бе, әлде кішкене ме? Аспанның қай бөлігінде тұр? Бұл аппақ бұлт ба, әлде қара бұлт па?
- Бутылка.
Бұл бутылкаға хат жазып, сені құтқару үшін жазып жіберуің мүмкін?
Бутылка әлі аралда жатыр ма (қай жерде?), әлде суға тастадың ба (қай жаққа?).
Енді суретіңді толығымен салып болсаң, оның шешіміне кірісейік!
- Таушық – бұл өзің!
Таушықты қалай салуыңа қарап, сен өзіңнің қандай адам екеніңді білуіңе болады.
— Егер де сен таушықты үлкен етіп салсаң, онда сен өзіңді есейген адам ретінде сезінесің. Сенің қызығатын нәрселерің мен қызығушылығың ауқымды.
— Егерде таушық аралға қарағанда үлкен болмаса, онда сен өзіңді іздеу жолындасың.
— Егерде таушық аралдың ортасында орналасса, онда сен өзіңе және өзіңнің күшіңе сенімді екенсің.
— Егерде таушықты аралдың шет жағына қарай салсаң, онда сен кейде өзіңді — өзің түсінбей, тұйықталып қаласың.
- Бұлақ – бұл сенің жігітің (не қызың).
Бұлақ сенің махаббатқа байланысты мәселелеріңді білдіреді және арманыңа байланысты.
— Егерде бұлақ таушықтың дәл ортасынан ағып жатса, онда сенің досыңменен қатынасың өте жақсы және жақын.
— Егерде бұлақ құмнан шығып ағып жатса, бұл сенің жауапсыз махаббатыңның белгісі. Бұлақ таушықтан қаншама алыс тұрса, сенің махаббат жолындағы мүмкіндігің де соншама төмен болып келеді.
— Бұлақтың ағысы қаншама күшті болса, сенің жігітіңмен (не қызыңмен) байланысты арман – тілектерің де соншама күшті.
— Егерде бұлақ ағысы құмға қарай кететін болса, онда сендер бірге ұзақ болмайсыңдар. Ал, егерде бұлақ ағысы суға, яғни теңізге құятын болса, онда сендерді күшті сезім байлап, сендер бір – бірлеріңе адалсыңдар.
- Пальма – бұл сенің достарың.
Пальма сенің достарыңмен және топтарыңдағы қарым – қатнасыңды білдіреді. — Егерде пальма таушықтың қасында тұрса, онда сенің шынында да нағыз адал достарың бар.
— Егер де сен пальманы таушықтың алдында салсаң, онда достарыңның ой-пікірі өзіңнікінен қажетті және бағалы болып келеді.
— Егерде пальма таушықтан алыс тұрса, онда сен өзіңді жалғыз және қоршаған адамдарға түсініксіз сезінесің.
— Егерде пальма таушықтан жоғары жерде тұрса және оның жапырақтары таушықты жауып тұрса, онда сен өзіңді достарыңның ішінде жайлы және қорғанышты етіп сезінесің.
— Егер пальма мен таушық биіктігі бірдей болатын болса, онда сендердің топтарың тең, яғни бір- бірлеріне сай адамдар тобы деуге де болады.
— Егерде пальма таушықтан кіші болатын болса, онда сен өзіңді достарыңнан биік санайсың.
- Күн – сенің отбасың.
Күн бұл сенің отбасың және туған – туыстарың .
Күн қаншама үлкен және жарығырақ болса, сенің өміріңдегі отбасың соншалықты маңызды орын алады.
— Егер де сен күннің батуын салсаң онда сен өзіңдік, дербес өмірге ұмтылуыңның белгісі .
— Егерде күннің шуақтары әлсіз және күннің кішкене ғана болса, онда сен отбасы жұмыстарына мүлдем қатспайтын болуың керек, әлде басқа қалада тұруың да мүмкін.
- Бұлт – бұл өміріңдегі проблемаларың.
Бұлт — өміріңдегі барлық қиыншылықтарыңды, саған өмір сүруге кедергі жасайтын бөгеттерге білдіреді.
Егерде бұлт қаншалықты қара болса, сенің проблемаларың соншалықты қиын, көбінесе сен барлығын қиын жағынан қарайсың.
Егерде бұлт күннің бір шетін жауып тұрса, онда ата- анаңмен болатын күшті проблемаларды білдіреді.
Егер бұлт пальманың үстінде тұрса, онда достарыңмен болатын қиыншылықтар туындап жүруі мүмкін.
Егерде бұлттан жаңбыр жауып тұрса, онда саған кейде жылап тұрғанның зияны жоқ.
Бутылка.
Бұл достарыңмен, жалпы адамдармен қарым-қатнасыңды білдіреді.
Егер бутылка құм үстінде жатса, онда сен әңгімелескенді ұнататын жансың.
Егерде ол теңізде қалқып жүрсе, онда сен пікір — таласқа түскенді ұнатпайсың.
Егер құмға жартылай көмулі болса, онда сен қаншалықты сөйлегіш болсаң да, саған қатысты әңгіме болғанда, сен сол кезде – ақ тұйықталып қаласың.
Егерде бутылканың тек сынықтары қалса, немесе тесік болса, онда сен өзіңнің ұзын тіліңнен қаншама зиян көргеніңді білдіреді.
- А.Белов тесті.
Мақсаты: Адамда темпераменттің әртүрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болатынын анықтау. Бұл темпераменттік мөлшерді білу жетекшіге өзіндік бақылауды және өздеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, жұмыстың тиімді тәсілдерін, түрлерін және әдістерін дұрыс таңдауға, өз іс әрекетінде сауатты жүргізуге, адамдармен жақсы қарым қатынас орнатуға көмектеседі.
Орындау тәртібі: Темперамент формуласын анықтау әдістемесі тест арқылы берілген таблицаны “паспсорт” ретінде толтыру қажет.
Темперамент типтерінің төрт топқа (А1,А2,А3,А4,)бөліп көрсетіп, әр типтің өзіндік балгілері мен қасиеттері көрсетілген.Әр топта көрсетілген қасиеттің қаисысы сізге жақын болса , соған «+»белгісін қойып шығыңыз. Сонымен, сіз:
А1
Ұшқалақсыз, әбігершілсіз.
Ұстамсыз, ашуланшақ.
Шыдамсыз
Өткір, адамдармен қатынаста тік мінездісіз
Батыл және бастамашылсыз
Бір беткейсіз
Пікірталаста тапқырсыз
Ұмытылмаспен жұмыс істейсіз
Тәуекелге бейімсіз
Кекшіл емессіз
Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз
Ұшқалақ, тез қызбаланғыш
Агрессивті сотқарсыз
Кемшіліктенге төзімдісіз
Мәнерлі мимикаға иесіз
Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз
Жаңалыққа ұмтылғымсыз
Шалт және кенеттен қозғалатын адамсыз
Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз
Көңіл күйдің тез ауысуына бейімсіз-онда сіз таза холериксіз
А2
Көңілді және ақжарқынсыз
Қуатты және іскерсіз
Істі соңына дейін жеткізбейсіз
Өзіңді биік бағалауға бей»мсіз
5 . Жаңаны тез ұғып алуға бейімсіз
- Мүдделермен бейімділікте тұрақсызсыз
- Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл қабылдайсыз
- Әртүрлі жағдайларға тез беиімделесіз
- Іске қызығып кірісесіз
- Егер іс қызықтырмаса , тез суып қаласыз
- Жаңа жұмысқа тез кірісіп кетесіз , бір жұмыстан екіншісіне тез ауыса аласыз
- Күнделікті жұмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады .
13.Көпшілсіз ,ықыластысыз, жаңа адамдар арасында қысылмайсыз .
- Қыимылмен ымдап отырып қатты , тез, анық сөйлеи аласыз
15.Шыдамсыз және еңбекке қабілеттісіз
- Кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді ұстай білесіз
17.Барлық кезде сергек күйдесіз.
- Ұйқыға тез кетіп,тез оянасыз
- Шешім қабылдарда көбінесе жинақы емессіз, асығыссыз
20.Кеиде салғырт өмір сүруге беиімсіз – онда сіз , әрине сангвиниксіз.
А3
Сіз байыпты, сабырлысыз
Істе жүйелі және байсалдысыз
Парасаттысыз
Күте білесіз
Тұйықсыз және бостан –босқа мылжыңдағанды ұнатпайсыз
Қатты эмотциямен емес, байсалды және бірқалыпты сөйлеисіз.
Ұстамсыз әрі шыдамсыз .
Бастаған істі аяғына деиін жеткізесіз
Күшіңізді босқа жұмсамайсыз
Өмірде тәртіпті, жұмыста жүйелі ұстанасыз.
Қарқынды жеңіл тежеисіз .
Мадақтаумен мен даттауғакөп көңіл бөлмеисіз
Ашушаң емессіз .Қонақтарға кішіпеиілділік білдіресіз
Мүдделеріңізбен қатынастарыңызға тұрақтысыз
Жұмысқа және бір істен екінші іске жәй кірісесіз
Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз
Барлығында ұқыптылықпен тәртіпті ұнатасыз .
Жаңа жағдайға қинала беиімделесіз
Ұстамдысыз
Жәй қимылдайсыз , босаңсыз –онда сіз флекматиксіз.
А4
1.Сіз ұяңсыз, ұялшақсыз.
2.Тосын жағдайда абыржып қаласыз.
3.Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз.
4.Өз күшіңізге сенбейсіз.
- Жалғыздықты жеңіл көтересіз.
- Сәтсіздікке абдырап қаласыз және ұнжырғаңыз түсіп кетеді.
- Ұяңсыз, тұйықсыз.
- Әлсіз дауыспен сөйлейсіз.
- Адам мінезіне амалсыз бейімделесіз.
- Өте сезімталсыз.
11.Мақтау мен даттауды тез қабылдайсыз.
- Өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз.
- Күмәндануға бейімдісіз.
- Әсершілсіз.
- Өте ренжігішсіз.
- Тұйықсыз, көпшіл емессіз, өзгелермен өз ойыңызды бөліспейсіз.
- Белсенді емессіз және әлсізсіз, жасқаншақсыз.
- Армандауға бейімсіз.
- Өзгелерге жол бергішсіз.
- Басқалардың көмектесуімен ниеттес болғанын қалайсыз-онда сіз меланхоликсі.
Нәтижелерді өңдеу.
Егерде «паспортта» көрсетілген темпирамент типтерінің әр тобынан жинаған «+» белгіңіз 16-20 аралығында болса, онда осы темперамент типтерінің белгілері сізде айқын көрініп тұр. Егерде берген жауаптарыңыз 11-15 аралығында болса, онда бұл темперамент типі сізге біршама жақын болып келеді. Егер берген жауаптарыңыз 6-10 аралығында болса, онда бұл тип белгілері сізде мүлдем аз мөлшерде екенін көрсетеді.
Әрбір топтағы ( А1А2А3А4) «+» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. Содан соң темперамент сипатының пайыздық қатынасы анықталады, яғни темперамент формуласы:
Т=+ + +
Мұндағы: Т-темперамент, Х-холерик темпераменті, С-сагвиник темпераменті,
Ф-флегматик темпераменті, М- меланхолик темпераменті, А1А2А3А4 әр типтегі «+» саны А-жалпы барлық типтегі полюстер саны.
Есептеп шыққан соң, мысалы, темперамент формуласы мынадай болуы мүмкін:
Т=35% х + 30 % С + 14 % Ф + 21 % М.
Олай болса, онда темпераментіңіздің 35% -і сангвиник, 14%-і флегматик, 21%-і меланхолик болып табылады.
- Психогеометриялық тест
АҚШ-та психогеометриялық методиканың негізін қалаған Съюзен Деллингер басқару кадрларын әлеуметтік психологилық жағынан дайындау бойынша маман.
Фигураларға берілген психологиялық мінездемелер.
Нұсқау. “ төменде көрсетілген геометриялық фигуралардың өзіңізге жақын тартқан біреуін таңдап алыңыз”
Шаршы. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өмірдегі ұстанатын қағидаларды қатаң сақтап, аналитикалық жағынан ойлай біледі. Қандай жағдай болмасын фактілерге сүйенеді. Ол салқынқанды, үнемшіл, тұрақты шешім қабылдайтын жан. Оған тән қасиеттері . ұқыптылық, тазалық, нақтылық. Кәсіби білімі жоғары, еңбекқор және әлсіз саясткер. Достары таныстары аз.
Үшбұрыш . сіз жетекші болуға бейімсіз. Билікке ұмтылушылық және атаққұмарлық қасиетіңіз жоқ емес. Әрбір іс әрекетіңізді жеңіске ғана бағытталуы тиіс деп ойлайсыз. Мәселенің түпкі себебін анықтауды әдетке айналдырған адамсыз. Сіз өзіңізге сенімді , шешім қабылдай білетін, қызба, мықты, тәуекелші, жұмысқа қабілеттілігіңіз жоғары жансыз. Бірақ шыдамсыздықтың арқасында, өз ісіңізге кедергі келтіріп жатасыз. Дегенмен де кремет саясаткер, өте алғыр адамсыз. Араласатын адамдарыңыз көп болғанымен ,достарыңызөте аз.
Тіктөртбұрыш. Құбылмалылық, тиянақсыздық, белгісздік, тынымсыздық осы сияқты жағдайлар мұны таңдаған адамның бойында өтіп жатқан өзгерістер. Бұл белгіні көбінесе адам қатты жүдеп шаршағанда басына қайғы түскенде немесе т.б. жағдайларда таңдауы мүмкін. Өйткені дәл осындай кезде адам сенбейді , өзін өзі төмен бағалайды, өзіне сенбейді, өзгелерге сенгіш болады. Олардың көңіл күйі тез әрі бірден өзгереді. Бірақ ешқшанда ұрыс- керіске жеткізбейді. Мұндай адамдар ұмытшақ, затын жоғалтқыш, суықтағыш болады.Барлығын тізбектей келе бұл адамдарға көмектесетін батылдығы менбілімқұмарлық қасиеттерін атап өтпесе болмас.
Дөңгелек. Сіздердің қарым- қатынас деген қажеттілігіңіз жоғары. Өзгелерге қамқорлық жасауға , жомарттық көрсетуге, жанашырлық танытуға даярсыз. Байсалдылықпен ойға берілгіштік сізге тән қасиет, бірақ өзіңізді өзіңізкінәлауға дайын тұртындығыңыз бар екен. Интуициясы жақсы дамыған, сөзшең, айтқанына көндіргіш, сендіргіш екенсіз. Өткенді аңсайтын, ойлайтын кездеріңіз бар екен, қоғамдық жұмысқа бейімсіз. Күн тәртібіңізкеремет жасалынған. Достарыңыз көп.
Сынық. Айналасына өзгеріс ендірмесе тынышталмайтын адам. Білімге әуестігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс атқаруға бейім. Интуициясы жақсы дамыған. Өз идеясын іске асыруға ұмтылысы зор, жаңалыққа деген көзқарасы ерекше жан. Албырт, бірбеткей, мінезі де көңіл күйі де құбылмалы, алғыр, топта беделі үнемі жоғары болатын адам. Жалғыз жұмыс атқаруды жақсы көреді, Қағазбен жұмыс істеуге құлқы жоқ. Қаржы жағынан салдыр- салақ.